Оқиғалар

Суретші Света Березовскаяның «Жоқ, бұл соңы емес» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Экспозицияда 2020–2025 жылдар аралығында жазылған кескіндеме туындылары ұсынылады.

Света Березовскаяның «Жоқ, бұл соңы емес» атты көрмесі ашылады

2025 жылдың 19 желтоқсан күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында суретші Света Березовскаяның «Жоқ, бұл соңы емес» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Экспозицияда 2020–2025 жылдар аралығында жазылған кескіндеме туындылары ұсынылады.

Света Березовская 1974 жылы КСРО кезеңінде ресми түрде Алма-Ата деп аталған қалада дүниеге келген. Оның шығармашылық буыны тарихи және идеологиялық жүйелердің ауысу кезеңінде қалыптасты: «жарқын болашақ» пен «бақытты бүгін» туралы ұрандардан бастап, тапшылық тәжірибесі, жоғарыдан жүргізілген реформалар дәуірі және Қазақстандағы заманауи өнердің дербес үні қалыптасқан кезеңдерге дейінгі жолды бастан өткерді.

Санкт-Петербургте өнертанушылық білім алған суретші 2000-жылдардың басынан бастап Қазақстанның көркемдік өміріне белсенді араласып, Алматыда өткен топтық және жеке көрмелерге қатыса бастады. Отыз жылдан астам уақыт бойы шеберханада еңбек етіп келе жатқан Света Березовская өнердің билігін – оның суретші мен көрерменге әсерін, сондай-ақ олардың өзара әрекеттесу кеңістігін жүйелі түрде зерттейді.

Суретшіні адамның күнделікті тәжірибесі, заманауи экзистенциялық мәселелерге апарар басты жол ретінде қызықтырады. Жасырын қабаттарға үңіліп, ол күннің, кеңістіктің және адам болмысының айқын әрі астарлы көріністерінің нәзік қырларымен жұмыс істейді.

«Жоқ, бұл соңы емес» көрмесінде Света Березовская алғаш рет темпера техникасын қолдана отырып, фигуративті кескіндеме жанрында еңбек етеді. Ол күнделікті өмірдің сыртқы шынайылығынан тыс жатқан сезімдер, қарым-қатынастар мен мағыналар кеңістігін бейнелеуге саналы түрде тәуекел жасайды.

Көрмедегі туындылар 2020 жылғы 21 ақпан мен 2025 жылғы 20 тамыз аралығында жазылып, суретшінің жеке тәжірибесімен тығыз байланысты. Бұл тәжірибеде қазіргі заманның өзекті әлеуметтік мәселелерін көркемдік тұрғыдан пайымдау сезіледі.

2025 жылғы желтоқсан мен 2026 жылғы қаңтар айларында Орталық көрме залында өтетін «Жоқ, бұл соңы емес» көрмесі көрерменді ашық диалогқа шақырып, қазіргі шындықты сезінуге, болып жатқан үдерістермен мұқият әрі адал  болуға үндейді.

 

Көрме 2025 жылдың 11 қаңтарға дейін жалғасады.

Жұмыс уақыты: 10:00 – 19:00.

Демалыс күні: дүйсенбі.                                         

Көрме жетекшісі: Бекбаулиева Гүлденай.