Оқиғалар

Қами Айтқалиевтің «Сан ғасырлық сарын» атты 80 жас мерейтойлық көрмесінің ашылуы өтеді

2026 жылдың 17 ақпанында сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде суретші-монументалист, график, кескіндемеші әрі сәндік-қолданбалы өнерде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған Қами Айтқалиевтің «Сан ғасырлық сарын» атты 80 жас мерейтойлық көрмесінің ашылуы өтеді. Экспозицияда шебердің көпжылдық шығармашылық жолын және оның өзіндік көркемдік тілін көрсететін 60-тан аса туынды ұсынылады.

Қами Айтқалиев – көркемдік ойлауы ауқымды, әртүрлі жанрларды еркін меңгерген, өз стилін қалыптастыруда шектеулерге бағынбайтын суретші. Ол өз шығармаларында дәстүр мен жаңашылдықты үйлестіре отырып, кеңістікті және форманы тәжірибелер арқылы зерттейді. Айтқалиевтің шығармашылығындағы түстер мен композициялық шешімдер әрдайым көрерменнің эмоционалды қабылдауын оятуға бағытталған.

Қами Айтқалиев 1946 жылы Атырау облысы, Құлсары қаласында дүниеге келген. Бала кезінен сурет өнеріне қызығушылық танытқан болашақ суретші 1965 жылы Алматы қаласындағы сурет училищесіне оқуға түсіп, кәсіби білім жолын бастайды. 1968-1972 жылдары Н.В. Гоголь атындағы көркемсурет училищесінде білім алып, суретшілік шеберлігін шыңдайды.

Шығармашылық жолындағы алғашқы үлкен қадамы 1970 жылы республикалық көрмеге қатысуымен байланысты. Осы кезеңнен бастап Қами Айтқалиевтің еңбектері бейнелеу өнері ортасында кеңінен таныла бастайды.

1972-1991 жылдары Алматы қаласындағы Өнер комбинатында еңбек етіп, бүкілодақтық және республикалық көрмелерге тұрақты түрде қатысады. 1979 жылы Қазақстан Суретшілер одағына суретші-монументалист мамандығы бойынша қабылданып, еліміздің бірнеше облысында мемлекеттік және қоғамдық тапсырыстар негізінде ауқымды көркемдік жұмыстар атқарады.

1980 жылы партияның жолдамасымен және Суретшілер одағының тапсырмасымен Гурьев қаласына (қазіргі Атырау) жіберіліп, Көркемөнер қорының филиалын ашу міндеті жүктеледі. Осы кезеңде ол жергілікті суретшілерді бір ортаға топтастырып, тұрақты шығармашылық ұжым қалыптастырады. Қалалық мерекелер мен мәдени іс-шараларға арналған көркемдік безендіру жұмыстары осы шеберханаларда жүзеге асырылып, Атырау өңірінің мәдени өміріне серпін береді. Бүгінде бұл шеберхана Қазақстан Суретшілер одағының бөлімшесі ретінде өз қызметін табысты жалғастырып келеді.

Қами Айтқалиевтің шығармашылығы тәуелсіздік жылдарында да жоғары бағаланып келеді. 2014 жылы республикалық мұнай-газ тақырыбына арналған «KazEnergy» байқауында Гран-при және екі ынталандыру жүлдесін жеңіп алады. 2017 жылы Кипрдегі Қазіргі заман өнері музейінің шақыруымен шығармашылық сапар жасап, бірқатар туындыларын дүниеге әкеледі.

2023 жылы «Ұмай» ұлттық өнер байқауында дипломант атанса, 2025 жылы республикалық «Ұлттық құндылықтар» байқауында І орынды иеленеді. 2018 жылы ҚР Суретшілер Одағының 85 жылдығына арналған көрменің ашылуында Әбілхан Қастеев атындағы «Үздік шығармашылығы үшін» алтын медалін алды.

Қами Айтқалиевтің шығармашылығы әрдайым тәжірибе мен ізденіске толы. Автор құрақ құрау, ши тоқу, жүн өңдеу секілді дәстүрлі қазақ қолөнері әдістерін заманауи тұрғыда қолданады. Бұл тәсілдер ұлттық мәдениеттің терең тамырларынан қуат алып, жаңа форма мен мазмұнға жол ашады. Осы арқылы оның туындылары ерекше мәнге ие болып, қазақ сәндік-қолданбалы өнерін жаңаша серпінмен жандандырып, өткен мен бүгінді байланыстырады. Бұл оның «Аңыз ана» (2024), «Жаңбырдан кейін» (2024), «Күту» (2024), «Аңшылар» (2023) атты шығармаларында осы ізденіс пен ұлттық өнерге деген терең құрметті айқын көрсетеді. Әр жұмысында автор табиғатпен, дәстүрмен және адамның ішкі әлемімен үндескен ойлар мен сезімдерді шебер жеткізіп, көрерменді жаңа көзқарасқа жетелейді. Оның туындылары тек қолөнердің ғана емес, сонымен бірге философиялық ой мен мәдениеттің кең өрісін ашады.

Суретші кескіндеме жанрында да өзіндік шығармашылық тілін қалыптастырған. Оның жұмыстарында монохромды бояу шешімдері, сәндік және монументалдық сипат айқын байқалады. Бұл ерекшелік Айтқалиевтің ішкі көркемдік қажеттілігінен туындап, кеңістікпен үйлесімді композициялық құрылым құруға бағытталған. Аталған сипаттар оның «Ет (бешбармақ)» (2021), «Ауылым» (2023), «Көкпар» (2024) атты туындыларынан анық көрініс табады. Ондағы пішіндер мен түстердің пластикалық тіл арқылы өзара үндесуі байқалады. Суретшінің шығармашылығын зерттеу барысында композициялық шешімдерге, түс палитрасына және пластикалық тәсілдердің мәніне ерекше назар аудару қажет. Әр туындыдан ішкі динамика мен эмоциялық экспрессия сезіліп, көрерменге автордың шығармашылық көзқарасын терең ұғынуға мүмкіндік береді.

Көрмеде суретшінің графикалық туындылары да ұсынылады. Олар автордың пластикалық ойлау жүйесін, сызық пен ырғаққа негізделген ізденістерін айқындай түседі.

Суретшінің көптеген еңбектері Қазақстанның республикалық музейлерінде сақтаулы, сондай-ақ жеке коллекционерлердің қорларында да кездеседі. Қами Айтқалиевтің шығармашылығы ұлттық болмысты, тарихи жады мен заманауи көркемдік ізденістерді үйлестіре отырып, қазақ бейнелеу өнерінің дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Экспозиция наурыз айының 2-сіне дейін жалғасады.

 

Көрме жетекшісі – Ақбота Алимхожина,

«Қазақстан сәндік-қолданбалы өнері»

бөлімінің ғылыми қызметкері

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
⚜️Абай даналығын дәріптеу мақсатында музей кеңістігінде ерекше интерактивті инсталляция ұсынылды. Ұлы ойшылдың нақыл сөздері ашықхаттарға түсіріліп, музей келушілеріне ой салатын шағын рухани аялдамаға айналды.

▫️Әрбір даналық сөздің артқы бетінде музей қорындағы Абай бейнесі бейнеленген көркем туындылар ұсынылды. Келушілер ашықхаттар арқылы ақынның тағылымды ойларымен танысып қана қоймай, оның өлеңдерін жалғастырып, ұлы ақын мұрасын бірге жаңғыртты.

Бұл бастама – Абай сөзінің уақыт пен ұрпақ арасындағы рухани көпірге айналғанын көрсететін шағын, бірақ мағыналы мәдени жоба. 

⚜️В рамках популяризации мудрости Абая в музейном пространстве была представлена особая интерактивная инсталляция. Цитаты великого мыслителя были оформлены в виде открыток, превратившись в небольшие точки духовного общения и размышления для посетителей музея.

▫️На оборотной стороне каждой открытки были представлены произведения из музейного собрания с изображением Абая. Знакомясь с мудрыми словами поэта, посетители не только обращались к его философским размышлениям, но и продолжали строки его стихотворений, вместе оживляя и переосмысливая литературное наследие великого Абая.

Эта инициатива стала небольшим, но символичным культурным проектом, показывающим, что слово Абая и сегодня остаётся духовным мостом между поколениями. ⚜️Абай даналығын дәріптеу мақсатында музей кеңістігінде ерекше интерактивті инсталляция ұсынылды. Ұлы ойшылдың нақыл сөздері ашықхаттарға түсіріліп, музей келушілеріне ой салатын шағын рухани аялдамаға айналды. ▫️Әрбір даналық сөздің артқы бетінде музей қорындағы Абай бейнесі бейнеленген көркем туындылар ұсынылды. Келушілер ашықхаттар арқылы ақынның тағылымды ойларымен танысып қана қоймай, оның өлеңдерін жалғастырып, ұлы ақын мұрасын бірге жаңғыртты. Бұл бастама – Абай сөзінің уақыт пен ұрпақ арасындағы рухани көпірге айналғанын көрсететін шағын, бірақ мағыналы мәдени жоба. ⚜️В рамках популяризации мудрости Абая в музейном пространстве была представлена особая интерактивная инсталляция. Цитаты великого мыслителя были оформлены в виде открыток, превратившись в небольшие точки духовного общения и размышления для посетителей музея. ▫️На оборотной стороне каждой открытки были представлены произведения из музейного собрания с изображением Абая. Знакомясь с мудрыми словами поэта, посетители не только обращались к его философским размышлениям, но и продолжали строки его стихотворений, вместе оживляя и переосмысливая литературное наследие великого Абая. Эта инициатива стала небольшим, но символичным культурным проектом, показывающим, что слово Абая и сегодня остаётся духовным мостом между поколениями. ⚜️Ұлы ақын, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының құрметіне арналған Абай күні құтты болсын!

🖊️Абай Құнанбайұлының әдеби және рухани мұрасы – қазақ халқының баға жетпес қазынасы. Оның өлеңдері мен қара сөздері білімге ұмтылуға, адалдыққа, еңбекқорлыққа және адамгершілікке үндейді.

▫️Тоқболат Тоғысбаевтың «Абай. Ойшыл» (1971) картинасы ұлы тұлғаның терең ойы мен парасатты болмысын әсерлі бейнелейді. Суретші Абайдың рухани әлемін көркем тіл арқылы ашып, оның даналығы мен кемелдігін көрерменге жеткізеді.

Абайдың мәңгілік мұрасы ұлт руханиятын байытып, жас ұрпақты білімге, мәдениетке және ұлттық құндылықтарды қастерлеуге жетелей берсін.

⚜️Поздравляем с Днём Абая — праздником великого поэта, мыслителя и просветителя казахского народа!

🖊️Наследие Абая Кунанбаева стало символом духовного богатства Казахстана. Его поэзия и «Слова назидания» учат стремлению к знаниям, честности, трудолюбию и любви к своей Родине.

▫️Картина Токболата Тогусбаева «Абай. Мыслитель» (1971) передаёт глубокий внутренний мир поэта. Образ Абая наполнен мудростью, размышлением и силой духа, а выразительная живописная манера художника раскрывает величие его личности.

Пусть великое наследие Абая и впредь обогащает духовный мир народа, вдохновляя молодое поколение на стремление к знаниям, культуре и бережному отношению к национальным ценностям. ⚜️Ұлы ақын, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының құрметіне арналған Абай күні құтты болсын! 🖊️Абай Құнанбайұлының әдеби және рухани мұрасы – қазақ халқының баға жетпес қазынасы. Оның өлеңдері мен қара сөздері білімге ұмтылуға, адалдыққа, еңбекқорлыққа және адамгершілікке үндейді. ▫️Тоқболат Тоғысбаевтың «Абай. Ойшыл» (1971) картинасы ұлы тұлғаның терең ойы мен парасатты болмысын әсерлі бейнелейді. Суретші Абайдың рухани әлемін көркем тіл арқылы ашып, оның даналығы мен кемелдігін көрерменге жеткізеді. Абайдың мәңгілік мұрасы ұлт руханиятын байытып, жас ұрпақты білімге, мәдениетке және ұлттық құндылықтарды қастерлеуге жетелей берсін. ⚜️Поздравляем с Днём Абая — праздником великого поэта, мыслителя и просветителя казахского народа! 🖊️Наследие Абая Кунанбаева стало символом духовного богатства Казахстана. Его поэзия и «Слова назидания» учат стремлению к знаниям, честности, трудолюбию и любви к своей Родине. ▫️Картина Токболата Тогусбаева «Абай. Мыслитель» (1971) передаёт глубокий внутренний мир поэта. Образ Абая наполнен мудростью, размышлением и силой духа, а выразительная живописная манера художника раскрывает величие его личности. Пусть великое наследие Абая и впредь обогащает духовный мир народа, вдохновляя молодое поколение на стремление к знаниям, культуре и бережному отношению к национальным ценностям. Выставка, которая продолжается в городе

⚜️Сегодня в Национальном музее искусств имени Абылхана Кастеева состоялся первый кураторский тур по выставке «Город и время Павла и Дмитрия Шороховых».

🔹И это был особенный тур: вместе с участниками выставку прошёл сам Павел Иванович Шорохов — автор произведений, которые уже несколько десятилетий живут в городском пространстве Алматы.

🔸Мы говорили о скульптуре, о творческом пути художника, о том, как рождаются произведения и как меняется их восприятие со временем. А главное — о городе, который стал одним из главных героев творчества Павла Шорохова.

📌Но на этом маршрут не закончился.
После музея участники вместе с @evgeniiamorozova2650 и командой @almaty.tourstudio отправились в город — увидеть скульптуры Павла Шорохова там, где они находятся в повседневной жизни алматинцев. Основой для продолжения маршрута стал наш проект «10 скульптур Павла Шорохова, которые обязательно нужно увидеть в Алматы».

Так выставка выходит за пределы музейного пространства и возвращает нас в город — к произведениям, которые мы привыкли видеть, но не всегда знаем их историю.

📌Следующий кураторский тур состоится уже в следующую субботу, 15 августа, в 15:00.

Если вам интересно узнать, как создавались скульптуры Шорохова, почему они появились именно в этих местах и какие истории скрываются за знакомыми городскими образами, — присоединяйтесь.

📍 Национальный музей искусств РК имени Абылхана Кастеева
🗓 15 августа, суббота
⏰ 15:00

Приходите смотреть на Алматы внимательнее вместе с куратором @guideinalmaty Иногда достаточно просто узнать историю того, мимо чего мы проходим каждый день. Выставка, которая продолжается в городе ⚜️Сегодня в Национальном музее искусств имени Абылхана Кастеева состоялся первый кураторский тур по выставке «Город и время Павла и Дмитрия Шороховых». 🔹И это был особенный тур: вместе с участниками выставку прошёл сам Павел Иванович Шорохов — автор произведений, которые уже несколько десятилетий живут в городском пространстве Алматы. 🔸Мы говорили о скульптуре, о творческом пути художника, о том, как рождаются произведения и как меняется их восприятие со временем. А главное — о городе, который стал одним из главных героев творчества Павла Шорохова. 📌Но на этом маршрут не закончился. После музея участники вместе с @evgeniiamorozova2650 и командой @almaty.tourstudio отправились в город — увидеть скульптуры Павла Шорохова там, где они находятся в повседневной жизни алматинцев. Основой для продолжения маршрута стал наш проект «10 скульптур Павла Шорохова, которые обязательно нужно увидеть в Алматы». Так выставка выходит за пределы музейного пространства и возвращает нас в город — к произведениям, которые мы привыкли видеть, но не всегда знаем их историю. 📌Следующий кураторский тур состоится уже в следующую субботу, 15 августа, в 15:00. Если вам интересно узнать, как создавались скульптуры Шорохова, почему они появились именно в этих местах и какие истории скрываются за знакомыми городскими образами, — присоединяйтесь. 📍 Национальный музей искусств РК имени Абылхана Кастеева 🗓 15 августа, суббота ⏰ 15:00 Приходите смотреть на Алматы внимательнее вместе с куратором @guideinalmaty Иногда достаточно просто узнать историю того, мимо чего мы проходим каждый день. ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «10 тамыз – Абай күні» қарсаңында балаларға арналған «Абайдың даналық жолы» атты танымдық квест ойыны ұйымдастырылды.

🔹Іс-шараның мақсаты – жас қатысушыларды Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, ұлттық әдебиет пен бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру. Квест барысында балалар музей залдарын аралап, Әбілхан Қастеевтің «Жас Абайдың портреті», Сәрсенбай Бейсенбаевтың «Абай» портреті және Тоқболат Тоғысбаевтың «Абай. Ойшыл» туындылары арқылы ақын тұлғасын тереңірек таныды.

🔸Қатысушылар қызықты тапсырмалар орындап, Абайдың өмірбаяны, қара сөздері мен өлеңдері бойынша білімдерін сынады. Зияткерлік ойын балалардың ой-өрісін кеңейтіп, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға ықпал етті.

📌Іс-шараны ұйымдастырған және жүргізген: Музей педагогикасы және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері

⚜️В Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева, в преддверии Дня Абая, который отмечается 10 августа, для детей был организован познавательный квест «Путь мудрости Абая».

🔹Целью мероприятия стало знакомство юных участников с жизнью и творчеством Абая Кунанбаева, а также развитие интереса к национальной литературе и изобразительному искусству. В ходе квеста дети посетили экспозиционные залы музея и познакомились с произведениями «Портрет юного Абая» Абылхана Кастеева, «Портрет Абая» Сарсенбая Бейсенбаева и «Абай. Мыслитель» Токболата Тогысбаева, что позволило им глубже раскрыть образ великого поэта.

🔸Выполняя увлекательные задания, участники проверили свои знания биографии Абая, его «Слов назидания» и поэтического наследия. Интеллектуальная игра способствовала расширению кругозора детей и формированию уважительного отношения к национальным духовным ценностям.

📍 Мероприятие организовано и проведено сотрудниками отдела музейной педагогики и экскурсионного обслуживания. ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «10 тамыз – Абай күні» қарсаңында балаларға арналған «Абайдың даналық жолы» атты танымдық квест ойыны ұйымдастырылды. 🔹Іс-шараның мақсаты – жас қатысушыларды Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, ұлттық әдебиет пен бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру. Квест барысында балалар музей залдарын аралап, Әбілхан Қастеевтің «Жас Абайдың портреті», Сәрсенбай Бейсенбаевтың «Абай» портреті және Тоқболат Тоғысбаевтың «Абай. Ойшыл» туындылары арқылы ақын тұлғасын тереңірек таныды. 🔸Қатысушылар қызықты тапсырмалар орындап, Абайдың өмірбаяны, қара сөздері мен өлеңдері бойынша білімдерін сынады. Зияткерлік ойын балалардың ой-өрісін кеңейтіп, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға ықпал етті. 📌Іс-шараны ұйымдастырған және жүргізген: Музей педагогикасы және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері ⚜️В Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева, в преддверии Дня Абая, который отмечается 10 августа, для детей был организован познавательный квест «Путь мудрости Абая». 🔹Целью мероприятия стало знакомство юных участников с жизнью и творчеством Абая Кунанбаева, а также развитие интереса к национальной литературе и изобразительному искусству. В ходе квеста дети посетили экспозиционные залы музея и познакомились с произведениями «Портрет юного Абая» Абылхана Кастеева, «Портрет Абая» Сарсенбая Бейсенбаева и «Абай. Мыслитель» Токболата Тогысбаева, что позволило им глубже раскрыть образ великого поэта. 🔸Выполняя увлекательные задания, участники проверили свои знания биографии Абая, его «Слов назидания» и поэтического наследия. Интеллектуальная игра способствовала расширению кругозора детей и формированию уважительного отношения к национальным духовным ценностям. 📍 Мероприятие организовано и проведено сотрудниками отдела музейной педагогики и экскурсионного обслуживания. ⚜️2026 жылдың 7 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде өтіп жатқан Павел және Дмитрий Шороховтардың «Қала мен дәуір» атты мерейтойлық көрмесі аясында музейдің ғылыми қызметкерлері көрнекті қазақстандық мүсінші Павел Иванович Шороховпен кездесті.

🔸Кездесу жылы атмосферада өтіп, еркін сұхбатқа ұласты. Павел Иванович өз туындыларының дүниеге келу тарихымен бөлісіп, Алматы қаласының көркем келбетінің ажырамас бөлігіне айналған монументалды мүсіндерге қатысты шығармашылық ізденістері туралы баяндады. Сондай-ақ қатысушылардың сауалдарына жауап берді. 

🔹Іс-шара соңында музей директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Кобжанова Светлана Жумасултановна мүсіншіге оның 80 жас мерейтойына орай Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының атынан жолданған құттықтау хатын табыс етті.

▫️Мұндай кездесулердің тағылымдық мәні зор. Олар ұлттық бейнелеу өнерінің шежіресін сақтауға, оны қалыптастырған тұлғаның өз аузынан тыңдап, кейінгі ұрпаққа аманаттауға мүмкіндік береді. ⚜️2026 жылдың 7 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде өтіп жатқан Павел және Дмитрий Шороховтардың «Қала мен дәуір» атты мерейтойлық көрмесі аясында музейдің ғылыми қызметкерлері көрнекті қазақстандық мүсінші Павел Иванович Шороховпен кездесті. 🔸Кездесу жылы атмосферада өтіп, еркін сұхбатқа ұласты. Павел Иванович өз туындыларының дүниеге келу тарихымен бөлісіп, Алматы қаласының көркем келбетінің ажырамас бөлігіне айналған монументалды мүсіндерге қатысты шығармашылық ізденістері туралы баяндады. Сондай-ақ қатысушылардың сауалдарына жауап берді. 🔹Іс-шара соңында музей директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Кобжанова Светлана Жумасултановна мүсіншіге оның 80 жас мерейтойына орай Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының атынан жолданған құттықтау хатын табыс етті. ▫️Мұндай кездесулердің тағылымдық мәні зор. Олар ұлттық бейнелеу өнерінің шежіресін сақтауға, оны қалыптастырған тұлғаның өз аузынан тыңдап, кейінгі ұрпаққа аманаттауға мүмкіндік береді. В Национальном музее искусств РК имени Абылхана Кастеева открылась юбилейная ретроспективная выставка «ГОРОД И ВРЕМЯ ПАВЛА ШОРОХОВА», посвящённая 80-летию одного из самых известных современных казахстанских скульпторов, сообщает телеканал «МИР24»

Экспозиция объединяет все этапы творческого пути художника от студенческих работ 1970-х годов до последних произведений, созданных в преддверии юбилея.

Имя Павла Шорохова хорошо знакомо каждому, кто хотя бы раз бывал на улицах Алматы, Астаны и других городов Казахстана. Его произведения давно стали частью городской среды и культурной памяти нескольких поколений казахстанцев. Скульптуры мастера украшают площади, парки, пешеходные улицы и общественные пространства, органично соединяя искусство, архитектуру и повседневную урбанистическую среду.

📌Выставка продлится до 30 августа 2026 года. В Национальном музее искусств РК имени Абылхана Кастеева открылась юбилейная ретроспективная выставка «ГОРОД И ВРЕМЯ ПАВЛА ШОРОХОВА», посвящённая 80-летию одного из самых известных современных казахстанских скульпторов, сообщает телеканал «МИР24» Экспозиция объединяет все этапы творческого пути художника от студенческих работ 1970-х годов до последних произведений, созданных в преддверии юбилея. Имя Павла Шорохова хорошо знакомо каждому, кто хотя бы раз бывал на улицах Алматы, Астаны и других городов Казахстана. Его произведения давно стали частью городской среды и культурной памяти нескольких поколений казахстанцев. Скульптуры мастера украшают площади, парки, пешеходные улицы и общественные пространства, органично соединяя искусство, архитектуру и повседневную урбанистическую среду. 📌Выставка продлится до 30 августа 2026 года.
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ