Оқиғалар

«Рустам Хальфин. Айналарсыз автопортрет» көрмесі

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі «Тенгри Умай» заманауи өнер галереясымен бірлесіп «Рустам Хальфин. Айналарсыз автопортрет» көрмесін ұсынады. Экспозицияда Хальфиннің 1980-2008 жылдардағы шығармашылық өмірбаянының әр түрлі кезеңдері ұсынылады. Шығармалардың көпшілігі суретшімен өмірінің соңғы жылдарында белсенді жұмыс жасаған «Тенгри-Умай» галереясымен ұсынылған.
Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі Владимир Филатовқа Хальфиннің туындыларын сақтағаны үшін және осы көрмені өткізу бастамасы үшін алғыс білдіреді. Виртуалды көрменің ашылуы 2020 жылдың 17 шілдесінде, сағат 12.00-де болады

Рустам Хальфиннің (1949-2008) Қазақстанның contemporary art қалыптасуы мен дамуына ықпалы зор. ХХ ғасырдың аяғындағы Қазақстанның көркемдік жағдайының қарқынды өзгеруі көбіне оның ықпалы мен күш-жігерінің нәтижесі болып табылады. Көшбасшы бола отырып, ол өзінің айналасында алғыр зияткерлік орта құрды, өзінің шәкірттері мен ізбасарларын басқарды. Хальфин жаңа бейнелеу тілдері мен тәсілдерін меңгеруде алғашқылардың бірі болды. Ол 1980-ші жылдардың ортасында жұбайы, суретші Лидия Блиновамен бірге пәтерлік көрмелер ұйымдастырады. Мәскеу сәулет институтын бітіргеннен кейін, ХХ ғасырдың көрнекті философтарының шығармаларын зерттеумен әуестенеді, онымен бірге өзінің көркемдік пікірі аясында пікірталасқа түседі. Атап айтқанда, француз постмодернизм философтарының еңбектері мен  Валерий Подороганың зерттеулері оны өз денесін зерттеуге итермеледі.
Экспозицияны орыс авангардының соңғы өкілдерінің бірі – Владимир Стерлиговтың әсерімен құрылған «Стерлигов кезеңі» туындылары ашады, 1971 жылы онымен таныстығы Хальфинге үлкен әсер қалдырды. Малевичтің шәкірті Стерлигов, кескіндемеде  сопақ-күмбезді өзіндік жүйесін жасап шығарды, оның негізінде «екі әлемнің  тірі жанасуын» қосатын қисық арқылы кенеп кеңістігін ұйымдастырудың әдісі болып табылады. Мұнда түс пен фон, абстракция мен бейнелілік арасындағы шекара жойылады. Стерлиговпен, кейінірек оның ізбасарларымен байланыс Хальфиннің шығармашылық дүниетанымының көкжиегін ашты, ол алдымен кескіндеменің пайдасы үшін сәулет өнерінен (1983), ал кейін өзін көкейкесті өнердің өкілі ретінде жариялады (1995).
Сопақ-күмбезді жүйенің әсерінен жасалған кескіндеме – таза эксперимент, онда пейзаж кеңістігі нысан-ортаны, кеңістік пен түсті бақылауға арналған өріске ауысады. Мұнда үстіңгі және астыңғы бөліктер ауысады, заттар өз тығыздығын жоғалтады, салмақсыздыққа ие болады. Хальфин мұнда қалыптасқан жолмен жүруді жеткіліксіз деп санаған шебер кескіндемеші ретінде көрінеді, ол Малевич пен Стерлиговтың идеяларын дамытады.  
Кескіндемедегі зерттеу жұмысы Хальфинді алдыңғы дәуірлердегі кескіндеме саласындағы үлкен жетістіктерді түсінуге итермеледі – оның еңбектерінде Матисс, Сезанн, Малевич, Веласкестің шығармаларына сілтемелер бар. Веласкестің «Менинына» қатысты екі қақпа сөз сопақ-күмбезді жүйенің қисық сызықты құрылымымен өзгертілген танымал сюжет болып табылады – кескіндемедегі кеңістіктік эксперимент.
Хальфиннің шығармаларындағы таңдау материалына қарамастан, қарама-қайшылықтардың бірлігін байқауға болады: форма-антиформа, бүтін-бөлік, көрінетін-сезінетін, ішкі-сыртқы, бостық-толықтық.
Белгіленген мақсатқа табанды түрде жылжи отырып, Халь финнің кескіндемесі – көбіне абстрактылы, алдымен тұтас және үйлесімді, кенеттен «жарықшақтарға» ыдырай бастады, ал содан кейін суретші өз денесінің бөліктері мен іздерін зерттеуге бет бұрып, майды толығымен тастады. Нәтижесінде инсталляциялар мен инвайронменттердің үлкен топтамасы пайда болды, оны ол «Нөлдік деңгей. Сазды жоба» (1999-2001) деп атады, ол суретшінің жоғары жетістігі мен жеке трагедиясына айналды – екі қабатты ғимаратта орналасқан 18-метрлік адам мүсіні суретшінің қолымен жасалып, жойылды. Саз пластиканың квинтэссенциясы болып табылады және ол өнердің нөлдік деңгейін білдіреді.
Көрмеде «Суретшінің терісі» (1997) жобасының бірнеше инсталляциясы ұсынылған – Хальфин мен оның серіктестері түрлі материалдардан жасаған артефактілер топтамасы – «жыл сайын оңып кетеді», бұл суретшінің осалдығын білдіреді. Көркем емес материалдар қолданылған бейнелі туындылардың авторлық интерпретациясы шынайы визуалды пікірлер тудырады.
Қабырғаның ақ фонындағы жазық «тұрақсыз» сұлбалар қызық – адам мүсінінің заттанған денелік бостығы, сол сияқты Рустам Хальфиннің автопортреттері. Автор көшпелі мәдениеттің жанасу сезімін осылайша зерделеді – киіз басу, құрт жасау, саз илеу. Ол «пулота» терминін енгізді – қысылған алақанның ішіндегі бостық пен толықтықтың қарама-қайшы бірігуі, қоршаған әлемді және өз денесінің ландшафтарын игеру басталатын жанасу кеңістігінің пластикалық нысаны. Көрмедегі пулоттар көрнекі түрде, гипсті үлгіде, және қабырғадағы жазық нысандар түрінде – Хальфин шығармашылығының кемелденген кезеңінің таза формаларында көрінеді. Олардың бірі «Лиданың құрметіне» деп аталды және Хальфиннің шығармашылық қалыптасуында үлкен рөл атқарған суретшінің жұбайы әрі балама-мені (15 жылдан бері өмір сүрген) Лида Блинованың шағын мүсінінің ұлғайтылған дәйексөзін көрсетеді.
Бірнеше туындылар «Айналарсыз автопортрет» топтамасына біріктірілген
(1993) – көріністік адам мүсіні, онда сызықтардың кескіні қол мен жамбастың иілісін, айналадағы әлемнің ерігіш формаларымен «көз кескінін» білдіреді. Заттар мен құбылыстардың жасырын мәнін түсінуге ұмтылу, болмыс заңдылықтарын интуитивті білу, суретшінің өзі оның бір бөлігі болып табылатын ғаламның көркем моделін іздеу.

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
⚜️2026 жылдың 4 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде заманауи қазақстандық мүсін өнерінің көрнекті өкілі мүсінші Павел Шороховтың 80 жылдық мерейтойына арналған «ПАВЕЛ ШОРОХОВТЫҢ ҚАЛАСЫ МЕН ДӘУІРІ» атты мерейтойлық ретроспективалық көрмесінің ашылуы өтті. 

🔹Экспозиция суретшінің 1970-жылдардағы студенттік туындыларынан бастап, мерейтой қарсаңындағы соңғы еңбектеріне дейінгі әр кезеңді бір арнаға тоғыстырады.

🔸Павел Шороховтың есімі Қазақстан қалаларының көркем келбетімен тығыз байланысты, Алматы, Астана мен еліміздің қалаларындағы монументалды туындылары бүгінде бірнеше ұрпақтың мәдени жадында сақталып әрі қалалық ортаның құрамдас бөлігіне айналып үлгерді.  Шебер қолынан шыққан мүсіндер қаланың алаң-саябақтарына, жаяу жүргіншілеркөшелері мен қоғамдық кеңістіктерге көрік беріп, сәулет пен өмірдің табиғи бояуын үйлестіре бейнелеп, қаланың көркемдік болмысын аша түседі.

🔺🔺Көрменің жобалық ерекшелігі – ұрпақтар арасындағы шығармашылық диалог. Павел Шороховтың мүсіндік туындыларымен қатар экспозицияға оның ұлы, кескіндемеші Дмитрий Шороховтың шығармалары да енгізілген. Әке мен баланың бір көрмеде тоғысуы көркемдік дәстүрдің жалғастығын айшықтап, мүсін мен кескіндемені, пластика мен жарықты, қала мен адамды ортақ мәдени жадының тұтас кеңістігінде тоғыстырады.

📌Көрме 30 тамызға дейін жалғастырады. Көрме жобасының кураторы – Оксана Танская. ⚜️2026 жылдың 4 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде заманауи қазақстандық мүсін өнерінің көрнекті өкілі мүсінші Павел Шороховтың 80 жылдық мерейтойына арналған «ПАВЕЛ ШОРОХОВТЫҢ ҚАЛАСЫ МЕН ДӘУІРІ» атты мерейтойлық ретроспективалық көрмесінің ашылуы өтті. 🔹Экспозиция суретшінің 1970-жылдардағы студенттік туындыларынан бастап, мерейтой қарсаңындағы соңғы еңбектеріне дейінгі әр кезеңді бір арнаға тоғыстырады. 🔸Павел Шороховтың есімі Қазақстан қалаларының көркем келбетімен тығыз байланысты, Алматы, Астана мен еліміздің қалаларындағы монументалды туындылары бүгінде бірнеше ұрпақтың мәдени жадында сақталып әрі қалалық ортаның құрамдас бөлігіне айналып үлгерді.  Шебер қолынан шыққан мүсіндер қаланың алаң-саябақтарына, жаяу жүргіншілеркөшелері мен қоғамдық кеңістіктерге көрік беріп, сәулет пен өмірдің табиғи бояуын үйлестіре бейнелеп, қаланың көркемдік болмысын аша түседі. 🔺🔺Көрменің жобалық ерекшелігі – ұрпақтар арасындағы шығармашылық диалог. Павел Шороховтың мүсіндік туындыларымен қатар экспозицияға оның ұлы, кескіндемеші Дмитрий Шороховтың шығармалары да енгізілген. Әке мен баланың бір көрмеде тоғысуы көркемдік дәстүрдің жалғастығын айшықтап, мүсін мен кескіндемені, пластика мен жарықты, қала мен адамды ортақ мәдени жадының тұтас кеңістігінде тоғыстырады. 📌Көрме 30 тамызға дейін жалғастырады. Көрме жобасының кураторы – Оксана Танская. ⚜️Кураторский тур по выставке «Город и время Павла и Дмитрия Шороховых»

🔹Как рождалась идея выставки? Какие произведения можно увидеть сегодня на улицах Алматы и Астаны? Какие истории скрываются за архивными фотографиями, эскизами и рабочими моделями?

▫️ «Кураторский тур. Истории, которые не поместились в экспозицию» проведёт куратор выставки Оксана Танская @guideinalmaty

Эта экскурсия - возможность увидеть экспозицию глазами искусствоведа, который создавал её концепцию, работал с архивами, встречался с художниками и собирал воедино историю одной из самых известных творческих семей Казахстана.

Во время встречи мы поговорим не только о произведениях Павла и Дмитрия Шороховых, но и о том, как создаётся современная музейная выставка, почему многие городские скульптуры становятся частью нашей памяти и что остаётся за пределами музейной экспозиции.

📍 Национальный музей искусств РК имени Абылхана Кастеева
🗓 8 августа
🕒 15:00
🗓 15 августа
🕒 15:00
Количество мест ограничено. Экскурсия на русском языке. Запись: +7(727)3945715 ⚜️Кураторский тур по выставке «Город и время Павла и Дмитрия Шороховых» 🔹Как рождалась идея выставки? Какие произведения можно увидеть сегодня на улицах Алматы и Астаны? Какие истории скрываются за архивными фотографиями, эскизами и рабочими моделями? ▫️ «Кураторский тур. Истории, которые не поместились в экспозицию» проведёт куратор выставки Оксана Танская @guideinalmaty Эта экскурсия - возможность увидеть экспозицию глазами искусствоведа, который создавал её концепцию, работал с архивами, встречался с художниками и собирал воедино историю одной из самых известных творческих семей Казахстана. Во время встречи мы поговорим не только о произведениях Павла и Дмитрия Шороховых, но и о том, как создаётся современная музейная выставка, почему многие городские скульптуры становятся частью нашей памяти и что остаётся за пределами музейной экспозиции. 📍 Национальный музей искусств РК имени Абылхана Кастеева 🗓 8 августа 🕒 15:00 🗓 15 августа 🕒 15:00 Количество мест ограничено. Экскурсия на русском языке. Запись: +7(727)3945715 ⚜️ Бүгін, 1 тамыз күні Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» көрмесі аясында авторлық экскурсия өтті.

Көрме қонақтары суретшімен тікелей жүздесіп, туындылардың дүниеге келу тарихымен, олардың идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерімен танысты. Экскурсия барысында автор өз шығармашылығының негізгі тақырыптары мен жад, естелік және жеке тәжірибенің өнердегі көрінісі туралы ой бөлісті.

📍 Көрме 24 тамызға дейін жалғасады.

⚜️ Сегодня, 1 августа, в рамках выставки Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» состоялась авторская экскурсия.

Посетители выставки встретились с художницей лично и познакомились с историей создания произведений, их идейным содержанием и художественными особенностями. В ходе экскурсии автор рассказала об основных темах своего творчества, а также поделилась размышлениями о том, как память, воспоминания и личный опыт находят отражение в искусстве.

📍 Выставка продлится до 24 августа. ⚜️ Бүгін, 1 тамыз күні Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» көрмесі аясында авторлық экскурсия өтті. Көрме қонақтары суретшімен тікелей жүздесіп, туындылардың дүниеге келу тарихымен, олардың идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерімен танысты. Экскурсия барысында автор өз шығармашылығының негізгі тақырыптары мен жад, естелік және жеке тәжірибенің өнердегі көрінісі туралы ой бөлісті. 📍 Көрме 24 тамызға дейін жалғасады. ⚜️ Сегодня, 1 августа, в рамках выставки Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» состоялась авторская экскурсия. Посетители выставки встретились с художницей лично и познакомились с историей создания произведений, их идейным содержанием и художественными особенностями. В ходе экскурсии автор рассказала об основных темах своего творчества, а также поделилась размышлениями о том, как память, воспоминания и личный опыт находят отражение в искусстве. 📍 Выставка продлится до 24 августа. ⚜️2026 жылдың 1 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде ұлттық бейнелеу өнерінің көрнекті шебері, Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романовтың (1926-2002) туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуы мен іс-шара аясында шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтті.

 🔹Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева Сахи Романовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуына орай құттықтау хатын жолдады. Құттықтау хатында Сахи Романовтың қазақ бейнелеу өнерінде ұлттық кескіндеме мен графиканың дамуына зор үлес қосқан дара суретші екенін атап өтті. Сонымен қатар көрменің суретшінің бай шығармашылық мұрасын жаңаша зерделеп, кейінгі ұрпаққа насихаттаудағы маңызына тоқталып, көрменің табысты өтуіне тілектестік білдірді. Құттықтау хатын музей директоры Жұмабекова Гүлайым Мұсағұлқызы оқып берді.

🔸Халық суретшісі Сахи Романовтың мерейтойлық көрмесі оның кең көлемді көркем мұрасының тек аз ғана бөлігін ғана ұсынады. Бұл келушілерге шығармашылық өсу-өрісінің ауқымын бақылауға және дүниетанымы мен сезімдерін толық жеткізуге тырысқанда қолданған тақырыптары мен стилистикалық тәсілдерінің әлеуетін зерттеуге мүмкіндік береді.

🔺Сахи Романовтың бейнелер әлемі өзінің эпикалық кеңдігімен, көркемдік шеберлігімен, сезім шынайылығымен, ой тереңдігімен және жарқын түстер үйлесімімен көрермендерді баурап келеді әрі Ұлы Дала елінің мәңгілік симфониясын құрайды. ⚜️2026 жылдың 1 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде ұлттық бейнелеу өнерінің көрнекті шебері, Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романовтың (1926-2002) туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуы мен іс-шара аясында шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтті. 🔹Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева Сахи Романовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуына орай құттықтау хатын жолдады. Құттықтау хатында Сахи Романовтың қазақ бейнелеу өнерінде ұлттық кескіндеме мен графиканың дамуына зор үлес қосқан дара суретші екенін атап өтті. Сонымен қатар көрменің суретшінің бай шығармашылық мұрасын жаңаша зерделеп, кейінгі ұрпаққа насихаттаудағы маңызына тоқталып, көрменің табысты өтуіне тілектестік білдірді. Құттықтау хатын музей директоры Жұмабекова Гүлайым Мұсағұлқызы оқып берді. 🔸Халық суретшісі Сахи Романовтың мерейтойлық көрмесі оның кең көлемді көркем мұрасының тек аз ғана бөлігін ғана ұсынады. Бұл келушілерге шығармашылық өсу-өрісінің ауқымын бақылауға және дүниетанымы мен сезімдерін толық жеткізуге тырысқанда қолданған тақырыптары мен стилистикалық тәсілдерінің әлеуетін зерттеуге мүмкіндік береді. 🔺Сахи Романовтың бейнелер әлемі өзінің эпикалық кеңдігімен, көркемдік шеберлігімен, сезім шынайылығымен, ой тереңдігімен және жарқын түстер үйлесімімен көрермендерді баурап келеді әрі Ұлы Дала елінің мәңгілік симфониясын құрайды. ⚜️2026 жылдың 30 шілдесінде Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде «Менің Қазақстаным кадрларда… Біздің өміріміз жазу жолдарында…» атты фотосурет өнері мен әдебиетті тоғыстырған бірегей жобаның ашылуы өтті.

🔹«Менің Қазақстаным кадрларда…» көрмесінде Татьяна Скачконың фототуындылары ұсынылған. Автордың еңбектерінде Қазақстанның табиғаты көркем бейне ретінде ғана емес, ұлттық мәдени және табиғи мұраға деген құрметті қалыптастыратын ерекше кеңістік ретінде көрініс табады.

🔸«Менің Қазақстаным кадрларда…» және «Біздің өміріміз жазу жолдарында…» экспозициялары – мазмұны жағынан дербес болғанымен, мәдени жады, жеке тәжірибе және ұлттық бірегейлік тақырыптары арқылы өзара үндескен екі көрме.

✨ Баршаңызды фотосурет өнері, әдебиет және туған жерге деген сүйіспеншілікті тоғыстырған осы бірегей жобамен танысуға шақырамыз. ⚜️2026 жылдың 30 шілдесінде Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде «Менің Қазақстаным кадрларда… Біздің өміріміз жазу жолдарында…» атты фотосурет өнері мен әдебиетті тоғыстырған бірегей жобаның ашылуы өтті. 🔹«Менің Қазақстаным кадрларда…» көрмесінде Татьяна Скачконың фототуындылары ұсынылған. Автордың еңбектерінде Қазақстанның табиғаты көркем бейне ретінде ғана емес, ұлттық мәдени және табиғи мұраға деген құрметті қалыптастыратын ерекше кеңістік ретінде көрініс табады. 🔸«Менің Қазақстаным кадрларда…» және «Біздің өміріміз жазу жолдарында…» экспозициялары – мазмұны жағынан дербес болғанымен, мәдени жады, жеке тәжірибе және ұлттық бірегейлік тақырыптары арқылы өзара үндескен екі көрме. ✨ Баршаңызды фотосурет өнері, әдебиет және туған жерге деген сүйіспеншілікті тоғыстырған осы бірегей жобамен танысуға шақырамыз. ⚜️2026 жылдың 1 тамыз күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде ұлттық бейнелеу өнерінің көрнекті шебері, Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романовтың (1926-2002) туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуы мен іс-шара аясында шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтеді.

🔸Сахи Романовтың шығармашылығы мазмұн тереңдігімен және айқын ұлттық сипатымен ерекшеленеді. Суреткер туындыларына бейнелі ойдың эпикалық кең тынысы, жоғары кескіндемелік шеберлік пен адам болмысын терең танып-білуге негізделген айрықша тереңдік тән. Ол 1949 жылдан бастап көрмелерге қатыса бастаған. 1955 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын (ВГИК, Мәскеу) тәмамдады. 1958 жылы КСРО Суретшілер одағына, ал 1960 жылы Кинематографистер одағына мүшелікке қабылданды. 1967 жылы оған Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, 1981 жылы Қазақ КСР-інің халық суретшісі атағы берілді. 1955 жылы институтты тәмамдағаннан кейін Сахи Романов «Қазақфильм» киностудиясында қызмет етті. Қоюшы-суретші ретінде ол «Өмір жолы» (1960), «Алдар көсе» (1964), «Ән қанаты» (1965), «Найзатас баурайында» (1969), «Құлагер» (1971) және өзге де фильмдердің жарық көруіне атсалысты. Көрмеде суретшінің кеңінен танылған графикалық және станоктық туындылары ұсынылған. Атап айтқанда, «Шопанның отбасы» (1969), «Жер туралы декрет» (1970), «Отан аспаны аясында» (1970), «Бұғаудан босау» (1970) секілді т.б.

🔹Халық суретшісі Сахи Романовтың бұл мерейтойлық көрмесі оның кең көлемді көркем мұрасының тек аз ғана бөлігін ғана ұсынады. Бұл келушілерге шығармашылық өсу-өрісінің ауқымын бақылауға және дүниетанымы мен сезімдерін толық жеткізуге тырысқанда қолданған тақырыптары мен стилистикалық тәсілдерінің әлеуетін зерттеуге мүмкіндік береді.

🔺Сахи Романовтың бейнелер әлемі өзінің эпикалық кеңдігімен, көркемдік шеберлігімен, сезім шынайылығымен, ой тереңдігімен және жарқын түстер үйлесімімен көрермендерді баурап келеді әрі Ұлы Дала елінің мәңгілік симфониясын құрайды. ⚜️2026 жылдың 1 тамыз күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде ұлттық бейнелеу өнерінің көрнекті шебері, Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романовтың (1926-2002) туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуы мен іс-шара аясында шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтеді. 🔸Сахи Романовтың шығармашылығы мазмұн тереңдігімен және айқын ұлттық сипатымен ерекшеленеді. Суреткер туындыларына бейнелі ойдың эпикалық кең тынысы, жоғары кескіндемелік шеберлік пен адам болмысын терең танып-білуге негізделген айрықша тереңдік тән. Ол 1949 жылдан бастап көрмелерге қатыса бастаған. 1955 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын (ВГИК, Мәскеу) тәмамдады. 1958 жылы КСРО Суретшілер одағына, ал 1960 жылы Кинематографистер одағына мүшелікке қабылданды. 1967 жылы оған Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, 1981 жылы Қазақ КСР-інің халық суретшісі атағы берілді. 1955 жылы институтты тәмамдағаннан кейін Сахи Романов «Қазақфильм» киностудиясында қызмет етті. Қоюшы-суретші ретінде ол «Өмір жолы» (1960), «Алдар көсе» (1964), «Ән қанаты» (1965), «Найзатас баурайында» (1969), «Құлагер» (1971) және өзге де фильмдердің жарық көруіне атсалысты. Көрмеде суретшінің кеңінен танылған графикалық және станоктық туындылары ұсынылған. Атап айтқанда, «Шопанның отбасы» (1969), «Жер туралы декрет» (1970), «Отан аспаны аясында» (1970), «Бұғаудан босау» (1970) секілді т.б. 🔹Халық суретшісі Сахи Романовтың бұл мерейтойлық көрмесі оның кең көлемді көркем мұрасының тек аз ғана бөлігін ғана ұсынады. Бұл келушілерге шығармашылық өсу-өрісінің ауқымын бақылауға және дүниетанымы мен сезімдерін толық жеткізуге тырысқанда қолданған тақырыптары мен стилистикалық тәсілдерінің әлеуетін зерттеуге мүмкіндік береді. 🔺Сахи Романовтың бейнелер әлемі өзінің эпикалық кеңдігімен, көркемдік шеберлігімен, сезім шынайылығымен, ой тереңдігімен және жарқын түстер үйлесімімен көрермендерді баурап келеді әрі Ұлы Дала елінің мәңгілік симфониясын құрайды.
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ