}Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі 2020 жылдың 9 қазанынынан Қазақ КСР халық суретшісі, Ш. Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Евгений Сидоркиннің (1930-1952) туғанына 90 жыл толуына арналған «Менің Қазақстаным» атты жеке көрмесінің ашылуын қуанышпен хабарлайды. Суретшінің мерейтойына орай, профессор Шалабаева Гүлмира Кенжеболатқызының авторлығымен Евгений Сидоркиннің монографиясының екінші басылымы да жарық көрді. Барлық өнер сүйер қауымын бүгіннен бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінің қорынан шыққан экспозициядағы ерекше туындылармен танысуға шақырамыз. Қазақ КСР халық суретшісінің шығармашылығы туралы үш тілде жазылған кітабын біздің кәдесыйлар дүкенінен алуға болады.
2020 жылдың 9 қазанынынан Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақ КСР халық суретшісі, Ш. Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Евгений Сидоркиннің (1930-1952) туғанына 90 жыл толуына арналған» Менің Қазақстаным» атты жеке көрмесі ашық.
Евгений Матвеевич Сидоркин – көрнекті Ресей және Қазақстан суретшісі. Жарқын даралығы мен таланты, құштарлығы пен рухының күші оны шығармашылығы қазақ бейнелеу өнерінің әлемдік мәдениет шыңына көтерілуіне септігін тигізген танымал классик-шеберлердің қатарына қосты. Е. Сидоркиннің шығармашылығы қазақ графика өнерінің жарқын беттерін құрайды. Оның шығармашылығына тән өте жоғары кәсіби және орындаушылық шеберлігі Қазан көркемсурет училищесінің, Ригадағы Көркемсурет академиясының, И. Репин атындағы Ленинград кескіндеме, мүсін және сәулет институтының білім базаларында қаланды.
Экспозицияға суретшінің барлық белгілі топтамалары – «Көңілді алдағыштар», «Қазақ эпосы», «Сәкен Сейфуллинды оқығанда», «Қазақтың ұлттық ойындары» тегіс қойылды. Қазақстандағы алғашқы жұмысы –«Көңілді алдағыштар» топтамасының акварельдік парақтары көңілді күлкі мен юморға толы – көңілді Алдар Көсе де, аяр Жиренше де, «Қырық өтіріктегі» тазша бала да осында.
«Ғасырлар түнегінен» топтамасын Сидоркин 8 жыл бойы – 1971 жылдан 1979 жылға дейін жасады. Бұлар – суретшінің қазақ халқының тарихы жайлы ойлары түсірілген қондырғылы туындылары. Ол қақтығысқа, қара күш пен соғысқа табынған «қатыгез ғасыр» – феодалдық өзара тартыстар кезеңін таңдап алған. Жолсапардан алған әсерінің күшімен Байқоңырға, Теміртау Магниткасына, Қазақстан егіншілеріне арналған сюжеттері кірген «Қазақстан жерінде» топтамасы дүниеге келді. Топтама қаһармандары – қарапайым жұмысшылар мен олардың күнделіктері еңбектері.
1970-1980 жылдардың басында суретші М.Е. Салтыков-Щедриннің «Бір қаланың тарихы» романына иллюстрацияларын және "Гаргантюа мен Пантагрюэль" топтамасын жасайды.
Марапаттары:
– 1958 жылы Лейпцигте халықаралық кітап көрмесінде қазақ эпосына жасаған иллюстрациялары үшін қола медаль;
– 1965 жылы Лейпцигте халықаралық кітап көрмесінде «Сәкен Сейфуллинді оқығанда» автолитографиялар топтамасы үшін алтын медаль;
– Краковта халықаралық графика биенналесінде І сыйлық пен алтын медаль;
– Венеция мен Будапеште көрме дипломдары.