Оқиғалар

Коллекциядан «Өзбекстан кескіндемесінің антологиясы» көрмесі

2020 жылдың 10 қазан күні Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында жеке коллекциядан «Өзбекстан кескіндемесінің антологиясы» көрмесінің ашылуы өтеді. Көрмеге 50-ге жуық туынды қойылған.

 Көрме осы жылдың қыркүйек айында дүниеден озған заманауи өзбек суретшісі Анвар Бахтеевті (1945-2020) еске алуға арналған. Экспозицияда автордың  1996 жылдан 2008 жылға дейінгі аралықта жасаған 13 туындысы ұсынылған. Шебердің шығармашылығының алғашқы кезеңі – бұл негізінен Анвар Бахтеевтің 1970-1980-ші жылдары жұмыс істеген классикалық реализмнің орнына келген мазмұнсыз кескіндеме болып табылады. Оның 1990 және 2000-жылдардың басында жасаған бірқатар натюрморттары суретшінің асқан шеберлігін көрсетеді. Олардың композициялары барынша толықтығымен және берік өрнектерімен ерекшеленеді. Суретшінің кейінгі кезеңдердегі шығармашылық ізденістері оның абстракционизм, сюрреализм және дадаизм өнеріне деген құштарлығын көрсетеді, бұл қоршаған әлемді бейнелейтін жаңа формаларды интерпретациялауда айқын көрінеді. «А. Бахтеевтің еңбектерінде В. Кандинский мен К.Малевичтің, П. Мондриан мен Р. Делоненің, Х. Арп пен Х. Мироның, С. Дали мен Р. Магриттің мұраларымен белгілі бір  үндесулерді табуға болады, бұл олардың тікелей өзара байланысын білдірмейді, көрермендер байланысы мен өнертанулық салыстырудан тәуелсіз «бөлекше параллелизм» феноменінің дербес табиғатын көрсетеді», - дейді шебердің шығармашылығы туралы өнертанушы Л. Кодзаева.
«Өзбекстан кескіндемесінің антологиясы» көрмесінде есімдері Өзбекстан мен Қазақстан Республикасында ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия шекарасынан тыс жерлерде танымал суретшілердің туындылары қойылған. Олардың барлығы өзбек мектебінің өкілдері: Зебо Шарипова – заманауи Ташкент суретшісі және еуропалық кескіндеменің үздік дәстүрлерінде орындалған Шығыс әйелінің бейнесі басым келетін романтикалық кенептердің авторы; Абдурашид Юсупов – туған өлкесінің табиғи ерекшеліктерін бейнелейтін көркем пейзаждардың авторы; Лев Резников – күрделі және әрдайым көппішінді сарындардағы импрессионистік кескіндеменің ең жарқын өкілі, оның еңбектері Мәскеудегі Мемлекеттік Третьяков галереясының коллекциясына көрік береді ; Сардор Аллабергенов – пейзажшы-суретші, Өзбекстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, өз шығармаларында туған халқының дәстүрлеріне және көбінесе Ұлы Жібек жолының тарихына жүгінеді; Исфандиёр Хайдаров – түстердің нәзіктігін сезіне білетін реңші-суретші, оның бір туындысын Париждегі Лувр музейі сатып алған; Николай Банников – кескіндеме формасы батыл жалпылауды, кеңістікті ерекше түсіндіруді, сондай-ақ жергілікті түстерді белсенді қолдануды және сызықтық перспективаны теңестіруді айқын көрсететін суретші; Рузы Чарыев – Өзбекстанның Халық суретшісі, тамаша реңші, көптеген портреттер мен пейзаждардың авторы, оның шығармашылық көзқарасы туған табиғатының бейнелеріне, адамдардың күнделікті өмірі мен психологиясына жақын; Рахимжон Ризамухамедов  - Ташкенттегі А.Н.Островский атындағы Театр-көркемсурет институтының түлегі, оның көркемдік қызметінің негізгі бағыты ұлттық сарындар мен туған жері Өзбекстанның тарихы болды; Абдуллаев Абдулхак – Өзбек КСР Халық суретшісі және шығармалары әлемдегі ең ірі жеке жинақтардың көркі болған тамаша портретші; Инна Кулагина – 1990-шы жылдардағы өнердің ең жарқын өкілі, оның шығармашылығында пішін, ырғақ, кеңістік бойынша эксперименттер айтарлықтай орын алады; Тачат Оганесов – психологиялық портрет жанрының шебері және нәзік реңші қабілеті бар реалистік мектептің дәстүрін ұстанушы. Ол өз туындыларында суық түстерді ұнатады, дегенмен оның кенептерінің түстік гаммасы әрқашан бейнеленген адамның эмоциялық күйімен анықталады; Михаил Есин – пейзажшы-суретші, оның есімі Өзбекстан бейнелеу өнерінің қалыптасу тарихына нық еніп, ұлттық кескіндеме мектебінің негізін қалады.
Көрмеге ұсынылған туындылардың қатарында Николай Титерин, Закир Гульметов, Василий Рысов, Михаил Губанов және басқалары бар, олардың шығармашылығы кейінгі ғасырдағы өзбек кескіндеме мектебінің қалыптасуы мен даму тарихындағы маңызды кезеңдерді көрсетеді

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
⚜️ Бүгін, 1 тамыз күні Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» көрмесі аясында авторлық экскурсия өтті.

Көрме қонақтары суретшімен тікелей жүздесіп, туындылардың дүниеге келу тарихымен, олардың идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерімен танысты. Экскурсия барысында автор өз шығармашылығының негізгі тақырыптары мен жад, естелік және жеке тәжірибенің өнердегі көрінісі туралы ой бөлісті.

📍 Көрме 24 тамызға дейін жалғасады.

⚜️ Сегодня, 1 августа, в рамках выставки Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» состоялась авторская экскурсия.

Посетители выставки встретились с художницей лично и познакомились с историей создания произведений, их идейным содержанием и художественными особенностями. В ходе экскурсии автор рассказала об основных темах своего творчества, а также поделилась размышлениями о том, как память, воспоминания и личный опыт находят отражение в искусстве.

📍 Выставка продлится до 24 августа. ⚜️ Бүгін, 1 тамыз күні Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» көрмесі аясында авторлық экскурсия өтті. Көрме қонақтары суретшімен тікелей жүздесіп, туындылардың дүниеге келу тарихымен, олардың идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерімен танысты. Экскурсия барысында автор өз шығармашылығының негізгі тақырыптары мен жад, естелік және жеке тәжірибенің өнердегі көрінісі туралы ой бөлісті. 📍 Көрме 24 тамызға дейін жалғасады. ⚜️ Сегодня, 1 августа, в рамках выставки Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» состоялась авторская экскурсия. Посетители выставки встретились с художницей лично и познакомились с историей создания произведений, их идейным содержанием и художественными особенностями. В ходе экскурсии автор рассказала об основных темах своего творчества, а также поделилась размышлениями о том, как память, воспоминания и личный опыт находят отражение в искусстве. 📍 Выставка продлится до 24 августа. ⚜️2026 жылдың 1 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде ұлттық бейнелеу өнерінің көрнекті шебері, Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романовтың (1926-2002) туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуы мен іс-шара аясында шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтті.

 🔹Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева Сахи Романовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуына орай құттықтау хатын жолдады. Құттықтау хатында Сахи Романовтың қазақ бейнелеу өнерінде ұлттық кескіндеме мен графиканың дамуына зор үлес қосқан дара суретші екенін атап өтті. Сонымен қатар көрменің суретшінің бай шығармашылық мұрасын жаңаша зерделеп, кейінгі ұрпаққа насихаттаудағы маңызына тоқталып, көрменің табысты өтуіне тілектестік білдірді. Құттықтау хатын музей директоры Жұмабекова Гүлайым Мұсағұлқызы оқып берді.

🔸Халық суретшісі Сахи Романовтың мерейтойлық көрмесі оның кең көлемді көркем мұрасының тек аз ғана бөлігін ғана ұсынады. Бұл келушілерге шығармашылық өсу-өрісінің ауқымын бақылауға және дүниетанымы мен сезімдерін толық жеткізуге тырысқанда қолданған тақырыптары мен стилистикалық тәсілдерінің әлеуетін зерттеуге мүмкіндік береді.

🔺Сахи Романовтың бейнелер әлемі өзінің эпикалық кеңдігімен, көркемдік шеберлігімен, сезім шынайылығымен, ой тереңдігімен және жарқын түстер үйлесімімен көрермендерді баурап келеді әрі Ұлы Дала елінің мәңгілік симфониясын құрайды. ⚜️2026 жылдың 1 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде ұлттық бейнелеу өнерінің көрнекті шебері, Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романовтың (1926-2002) туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуы мен іс-шара аясында шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтті. 🔹Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева Сахи Романовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуына орай құттықтау хатын жолдады. Құттықтау хатында Сахи Романовтың қазақ бейнелеу өнерінде ұлттық кескіндеме мен графиканың дамуына зор үлес қосқан дара суретші екенін атап өтті. Сонымен қатар көрменің суретшінің бай шығармашылық мұрасын жаңаша зерделеп, кейінгі ұрпаққа насихаттаудағы маңызына тоқталып, көрменің табысты өтуіне тілектестік білдірді. Құттықтау хатын музей директоры Жұмабекова Гүлайым Мұсағұлқызы оқып берді. 🔸Халық суретшісі Сахи Романовтың мерейтойлық көрмесі оның кең көлемді көркем мұрасының тек аз ғана бөлігін ғана ұсынады. Бұл келушілерге шығармашылық өсу-өрісінің ауқымын бақылауға және дүниетанымы мен сезімдерін толық жеткізуге тырысқанда қолданған тақырыптары мен стилистикалық тәсілдерінің әлеуетін зерттеуге мүмкіндік береді. 🔺Сахи Романовтың бейнелер әлемі өзінің эпикалық кеңдігімен, көркемдік шеберлігімен, сезім шынайылығымен, ой тереңдігімен және жарқын түстер үйлесімімен көрермендерді баурап келеді әрі Ұлы Дала елінің мәңгілік симфониясын құрайды. ⚜️2026 жылдың 30 шілдесінде Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде «Менің Қазақстаным кадрларда… Біздің өміріміз жазу жолдарында…» атты фотосурет өнері мен әдебиетті тоғыстырған бірегей жобаның ашылуы өтті.

🔹«Менің Қазақстаным кадрларда…» көрмесінде Татьяна Скачконың фототуындылары ұсынылған. Автордың еңбектерінде Қазақстанның табиғаты көркем бейне ретінде ғана емес, ұлттық мәдени және табиғи мұраға деген құрметті қалыптастыратын ерекше кеңістік ретінде көрініс табады.

🔸«Менің Қазақстаным кадрларда…» және «Біздің өміріміз жазу жолдарында…» экспозициялары – мазмұны жағынан дербес болғанымен, мәдени жады, жеке тәжірибе және ұлттық бірегейлік тақырыптары арқылы өзара үндескен екі көрме.

✨ Баршаңызды фотосурет өнері, әдебиет және туған жерге деген сүйіспеншілікті тоғыстырған осы бірегей жобамен танысуға шақырамыз. ⚜️2026 жылдың 30 шілдесінде Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде «Менің Қазақстаным кадрларда… Біздің өміріміз жазу жолдарында…» атты фотосурет өнері мен әдебиетті тоғыстырған бірегей жобаның ашылуы өтті. 🔹«Менің Қазақстаным кадрларда…» көрмесінде Татьяна Скачконың фототуындылары ұсынылған. Автордың еңбектерінде Қазақстанның табиғаты көркем бейне ретінде ғана емес, ұлттық мәдени және табиғи мұраға деген құрметті қалыптастыратын ерекше кеңістік ретінде көрініс табады. 🔸«Менің Қазақстаным кадрларда…» және «Біздің өміріміз жазу жолдарында…» экспозициялары – мазмұны жағынан дербес болғанымен, мәдени жады, жеке тәжірибе және ұлттық бірегейлік тақырыптары арқылы өзара үндескен екі көрме. ✨ Баршаңызды фотосурет өнері, әдебиет және туған жерге деген сүйіспеншілікті тоғыстырған осы бірегей жобамен танысуға шақырамыз. ⚜️2026 жылдың 1 тамыз күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде ұлттық бейнелеу өнерінің көрнекті шебері, Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романовтың (1926-2002) туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуы мен іс-шара аясында шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтеді.

🔸Сахи Романовтың шығармашылығы мазмұн тереңдігімен және айқын ұлттық сипатымен ерекшеленеді. Суреткер туындыларына бейнелі ойдың эпикалық кең тынысы, жоғары кескіндемелік шеберлік пен адам болмысын терең танып-білуге негізделген айрықша тереңдік тән. Ол 1949 жылдан бастап көрмелерге қатыса бастаған. 1955 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын (ВГИК, Мәскеу) тәмамдады. 1958 жылы КСРО Суретшілер одағына, ал 1960 жылы Кинематографистер одағына мүшелікке қабылданды. 1967 жылы оған Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, 1981 жылы Қазақ КСР-інің халық суретшісі атағы берілді. 1955 жылы институтты тәмамдағаннан кейін Сахи Романов «Қазақфильм» киностудиясында қызмет етті. Қоюшы-суретші ретінде ол «Өмір жолы» (1960), «Алдар көсе» (1964), «Ән қанаты» (1965), «Найзатас баурайында» (1969), «Құлагер» (1971) және өзге де фильмдердің жарық көруіне атсалысты. Көрмеде суретшінің кеңінен танылған графикалық және станоктық туындылары ұсынылған. Атап айтқанда, «Шопанның отбасы» (1969), «Жер туралы декрет» (1970), «Отан аспаны аясында» (1970), «Бұғаудан босау» (1970) секілді т.б.

🔹Халық суретшісі Сахи Романовтың бұл мерейтойлық көрмесі оның кең көлемді көркем мұрасының тек аз ғана бөлігін ғана ұсынады. Бұл келушілерге шығармашылық өсу-өрісінің ауқымын бақылауға және дүниетанымы мен сезімдерін толық жеткізуге тырысқанда қолданған тақырыптары мен стилистикалық тәсілдерінің әлеуетін зерттеуге мүмкіндік береді.

🔺Сахи Романовтың бейнелер әлемі өзінің эпикалық кеңдігімен, көркемдік шеберлігімен, сезім шынайылығымен, ой тереңдігімен және жарқын түстер үйлесімімен көрермендерді баурап келеді әрі Ұлы Дала елінің мәңгілік симфониясын құрайды. ⚜️2026 жылдың 1 тамыз күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде ұлттық бейнелеу өнерінің көрнекті шебері, Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романовтың (1926-2002) туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуы мен іс-шара аясында шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтеді. 🔸Сахи Романовтың шығармашылығы мазмұн тереңдігімен және айқын ұлттық сипатымен ерекшеленеді. Суреткер туындыларына бейнелі ойдың эпикалық кең тынысы, жоғары кескіндемелік шеберлік пен адам болмысын терең танып-білуге негізделген айрықша тереңдік тән. Ол 1949 жылдан бастап көрмелерге қатыса бастаған. 1955 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын (ВГИК, Мәскеу) тәмамдады. 1958 жылы КСРО Суретшілер одағына, ал 1960 жылы Кинематографистер одағына мүшелікке қабылданды. 1967 жылы оған Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, 1981 жылы Қазақ КСР-інің халық суретшісі атағы берілді. 1955 жылы институтты тәмамдағаннан кейін Сахи Романов «Қазақфильм» киностудиясында қызмет етті. Қоюшы-суретші ретінде ол «Өмір жолы» (1960), «Алдар көсе» (1964), «Ән қанаты» (1965), «Найзатас баурайында» (1969), «Құлагер» (1971) және өзге де фильмдердің жарық көруіне атсалысты. Көрмеде суретшінің кеңінен танылған графикалық және станоктық туындылары ұсынылған. Атап айтқанда, «Шопанның отбасы» (1969), «Жер туралы декрет» (1970), «Отан аспаны аясында» (1970), «Бұғаудан босау» (1970) секілді т.б. 🔹Халық суретшісі Сахи Романовтың бұл мерейтойлық көрмесі оның кең көлемді көркем мұрасының тек аз ғана бөлігін ғана ұсынады. Бұл келушілерге шығармашылық өсу-өрісінің ауқымын бақылауға және дүниетанымы мен сезімдерін толық жеткізуге тырысқанда қолданған тақырыптары мен стилистикалық тәсілдерінің әлеуетін зерттеуге мүмкіндік береді. 🔺Сахи Романовтың бейнелер әлемі өзінің эпикалық кеңдігімен, көркемдік шеберлігімен, сезім шынайылығымен, ой тереңдігімен және жарқын түстер үйлесімімен көрермендерді баурап келеді әрі Ұлы Дала елінің мәңгілік симфониясын құрайды. ⚜️Бүгінгі «Музей тынысы» айдарының кезекті саны - кураторлық жұмысқа арналады. 

▫️Куратор – көрермен мен суретші арасын байланыстыратын елші, екі жақтың еркін ортада кездесуін ұйымдастыратын, көрменің идеялық және көркемдік тұтастығын айқындайтын басты тұлға. 

✨Сіздерді  4 тамыз күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде заманауи қазақстандық мүсін өнерінің көрнекті өкілі мүсінші Павел Шороховтың 80 жылдық мерейтойына арналған «ПАВЕЛ ШОРОХОВТЫҢ ҚАЛАСЫ МЕН ДӘУІРІ» атты мерейтойлық ретроспективалық көрмесінің ашылуында күтеміз!

📌Көрме 30 тамызға дейін жалғастырады. 
Көрме жобасының кураторы – Оксана Танская

✨ Очередной выпуск рубрики «Музей тынысы» посвящён кураторской работе.

▫️Куратор — это связующее звено между художником и зрителем, посредник, который создаёт пространство для их свободного диалога и встречи, а также определяет идейную и художественную целостность выставки.

✨ ✨ Ждём вас 4 августа в 16:00 в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева на открытии юбилейной ретроспективной выставки «ГОРОД И ЭПОХА ПАВЛА ШОРОХОВА», посвящённой 80-летию выдающегося представителя современного казахстанского скульптурного искусства, скульптора Павла Шорохова!

📌 Выставка продлится до 30 августа.

Куратор выставочного проекта — Оксана Танская. ⚜️Бүгінгі «Музей тынысы» айдарының кезекті саны - кураторлық жұмысқа арналады. ▫️Куратор – көрермен мен суретші арасын байланыстыратын елші, екі жақтың еркін ортада кездесуін ұйымдастыратын, көрменің идеялық және көркемдік тұтастығын айқындайтын басты тұлға. ✨Сіздерді 4 тамыз күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде заманауи қазақстандық мүсін өнерінің көрнекті өкілі мүсінші Павел Шороховтың 80 жылдық мерейтойына арналған «ПАВЕЛ ШОРОХОВТЫҢ ҚАЛАСЫ МЕН ДӘУІРІ» атты мерейтойлық ретроспективалық көрмесінің ашылуында күтеміз! 📌Көрме 30 тамызға дейін жалғастырады. Көрме жобасының кураторы – Оксана Танская ✨ Очередной выпуск рубрики «Музей тынысы» посвящён кураторской работе. ▫️Куратор — это связующее звено между художником и зрителем, посредник, который создаёт пространство для их свободного диалога и встречи, а также определяет идейную и художественную целостность выставки. ✨ ✨ Ждём вас 4 августа в 16:00 в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева на открытии юбилейной ретроспективной выставки «ГОРОД И ЭПОХА ПАВЛА ШОРОХОВА», посвящённой 80-летию выдающегося представителя современного казахстанского скульптурного искусства, скульптора Павла Шорохова! 📌 Выставка продлится до 30 августа. Куратор выставочного проекта — Оксана Танская. ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде өтіп жатқан Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» көрмесі аясында қазақ мифологиясын зерттеуші, жазушы, киносценарист, философия ғылымдарының кандидаты Зира Наурызбай көрме туралы өз ойымен бөлісті.

▫️Суретші Гаухар Бисенғалиева (Арухан) киіз, дала шөптері мен табиғи материалдар арқылы уақыттың ізін, ұрпақтар сабақтастығын және материалдың өзгеру үдерісін зерделейді. Көрме көрерменді жадтың қалай сақталатыны және уақыттың материалға қандай із қалдыратыны туралы ойлануға жетелейді.

📍Көрме 24 тамызға дейін жалғасады.

⚜️В рамках проходящей в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева выставки Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Материя памяти / Matter of Memory» своими впечатлениями поделилась исследователь казахской мифологии, писатель, киносценарист, кандидат философских наук Зира Наурызбай.

▫️Используя войлок, степные травы и другие природные материалы, художница рассматривает время не просто как тему своих произведений, а как активную силу, участвующую в творческом процессе. Разработанная Арухан техника «старения» не стремится ни к реконструкции прошлого, ни к восстановлению традиции. Напротив, материал со временем впитывает следы изменений и превращается в своеобразный материальный архив.

📍Экспозиция продлится до 24 августа 2026 года. ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде өтіп жатқан Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» көрмесі аясында қазақ мифологиясын зерттеуші, жазушы, киносценарист, философия ғылымдарының кандидаты Зира Наурызбай көрме туралы өз ойымен бөлісті. ▫️Суретші Гаухар Бисенғалиева (Арухан) киіз, дала шөптері мен табиғи материалдар арқылы уақыттың ізін, ұрпақтар сабақтастығын және материалдың өзгеру үдерісін зерделейді. Көрме көрерменді жадтың қалай сақталатыны және уақыттың материалға қандай із қалдыратыны туралы ойлануға жетелейді. 📍Көрме 24 тамызға дейін жалғасады. ⚜️В рамках проходящей в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева выставки Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Материя памяти / Matter of Memory» своими впечатлениями поделилась исследователь казахской мифологии, писатель, киносценарист, кандидат философских наук Зира Наурызбай. ▫️Используя войлок, степные травы и другие природные материалы, художница рассматривает время не просто как тему своих произведений, а как активную силу, участвующую в творческом процессе. Разработанная Арухан техника «старения» не стремится ни к реконструкции прошлого, ни к восстановлению традиции. Напротив, материал со временем впитывает следы изменений и превращается в своеобразный материальный архив. 📍Экспозиция продлится до 24 августа 2026 года.
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ