2024 жылғы 19 қараша күні сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнерді сүйетіндер үшін «Асыл тастар» клубының «Әлем өнер арқылы» атты көрмесінің ашылуы өтеді.
«Сұлулықты көру қабілетін сақтаған адам қартаймайды...»
Франц Кафка
«Асыл тастар» неден басталды, бұл, 1971 жылы Алматы облысысында совхоз кәсіподағы суретшілер бірлестігін құрып, осындай атауды берді. Кейін, «Асыл тастар» бірлестігі 400-ден астам суретшіні біріктірген КСРО-дағы ең ірі шығармашылық ұжымдардың бірі болып шықты. «Асыл тастар» Бүкілодақтық, Республикалық, Халықаралық көрмелердің, фестивальдердің қатысушысы болды және оның көптеген мүшелері осынау көрмелердің лауреаттары болды. 1974 жылдың жазында «Асыл тастар» делегациясы КСРО халықтары өнерінің үлкен мерекесіне қатысып, КСРО ХШЖК алтын дипломымен марапатталды.