Оқиғалар

Қазақстандық атақты ұйғыр суретшісінің 70 жылдық мерейтойына арналған, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ахмет Ахаттың «Жүрегімдегі естелік» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

2024 жылғы 2 тамызда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінде қазақстандық атақты ұйғыр суретшісінің 70 жылдық мерейтойына арналған, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ахмет Ахаттың «Жүрегімдегі естелік» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

Ахмет Ахат 1954 жылы ҚХР-дың Құлжа қаласында дүниеге келген. 1974 жылы Абай атындағы Алматы педагогикалық институтының көркемдік-графикалық факультетін бітірген. 1988 жылдан ҚР Суретшілер одағының мүшесі, 1990 жылы ҚР Ғылым академиясының Шығыстану институтының аспирантурасын бітірген. «Азия Арт» (Ташкент, 1995) халықаралық көрмесінде Алтын медальға ие болды. 2004 жылдан бері ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Ильхам» сыйлығының лауреаты. 2020 жылдан бастап ҚР Сурет академиясының академигі.

«Дәстүр -халық рухы. Дала қазынасы» атты көрмесі ашылады. Экспозиция музей қорынан Қазақстанның дәстүрлі және қазіргі заманның сәндік-қолданбалы өнерінің 60-тан астам туындысын ұсынады.

2024 жылғы 12 шілдесінен Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Дәстүр -халық рухы. Дала қазынасы» атты көрмесі ашылады. Экспозиция музей қорынан Қазақстанның дәстүрлі және қазіргі заманның сәндік-қолданбалы өнерінің 60-тан астам туындысын ұсынады.

Көрме еліміздің бай мәдени мұрасымен танысуға бірегей мүмкіндік береді және қазақтың халық қолөнершілері мен әр ұрпаққа жататын сәндік-қолданбалы өнердегі кәсіби суретшілердің жұмыстарымен таныстырады. Оған музей қорындағы сирек экспонаттар кіреді, көпшілігі алғаш рет қойылып отыр. Олардың ішінде киіз, тоқылған және кестеленген кілемдер, гобелендер, ат-әбзелдері, ағаш, тері, металл шеберлерінің туындылары бар.

Әртүрлі елдердің халық ертегілері мен поэтикалық аңыздары негізінде орындалған, Музей коллекциясынан белгілі қазақстандық график-суретшілер мен мүсіншілердің 60-тан астам туындыларын ұсынатын «ЕРТЕГІ ӘЛЕМІ» көрмесі ашылады.

2024 жылғы 16-шілдеден бастап Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде әртүрлі елдердің халық ертегілері мен поэтикалық аңыздары негізінде орындалған, Музей коллекциясынан белгілі қазақстандық график-суретшілер мен мүсіншілердің 60-тан астам туындыларын ұсынатын «ЕРТЕГІ ӘЛЕМІ» көрмесі ашылады.

Қайсар батырлар, тарихи оқиғалар мен ежелгі дәуірлердің өмірі туралы аңыздар мен эпостар әрдайым әрбір халықтың мәдени мұрасының маңызды формаларының бірі болып табылады. Мифтен туындаған халық ертегісі халықтың этикалық және эстетикалық ұғымдары туралы түсініктер ерекше сыйымды нысанда шоғырланған, бір ұрпақтан екіншісіне берілетін мораль мен даналық қалыптасқан фольклорлық дәстүрдің ерекше құбылысы болып табылады. Бүгінде халық ертегісі адам жадының қазынасы, тарихи куәліктердің қайнар көзі, әрбір халықтың жан дүниесінің көрінісі болып қала береді.

Бақтыбек Талқанбаевтың «Жаңа дәуір» атты жеке мерейтойлық көрмесінің ашылуы болады. Көрмеде суретшінің 80-нен астам көркем туындылары ұсынылған.

     2024 жылғы 9 шілдеде сағат 16.00-де Әбілхан  Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Бақтыбек Талқанбаевтың «Жаңа дәуір» атты жеке мерейтойлық көрмесінің ашылуы болады. Көрмеде суретшінің 80-нен  астам көркем туындылары ұсынылған.

Бақтыбек Талқанбаев 1949 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Ленгір қаласында дүниеге келді. Бүгінде Астана тұрғыны, оған дейін Шымкент қаласында тұрып, еңбек етіп келген. Ол 1968 жылы сол кезде Гоголь атындағы (қазір О.Таңсықбаев атымен аталатын) Алматы көркемсурет училищесін 1974 жылы, Мәскеудегі дүниежүзілік архитектура институтын 1981 жылы, КСРО Суретшілер Одағы жанындағы Розенблюмнің орталық оқу-тәжірибелік дизайн студиясы бітірді. 1981 жылдан КСРО Суретшілер Одағының мүшесі, қазір Қазақстан суретшілер одағының мүшесі.

Заманауи суретші, қолөнерші - Сергей Денисовтің «Жібек Жолы» атты жеке көрмесі ашылады.

2024 жылдың 18 маусым күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде заманауи суретші, қолөнерші - Сергей Денисовтің «Жібек Жолы» атты жеке көрмесі ашылады.

 

Сергей Денисов – заманауи суретші, Орал қолөнершілерінің және Златоустов беземесінің жоғары өнерінің тарихи дәстүрлерінің ізбасары. Ғасырлар бойы жетілдірілген технологиялар, мінсіздікке жетелейтін шеберлік және уақыт рухының ерекше көрінісі оған ерекше өнер туындыларын жасауға мүмкіндік береді. Әрбір жауһарда дәстүрлер мен қазіргі заманның үйлесімді бірігуі байқалады.