Оқиғалар

Қорынан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына және Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның Халық батыры, Қазақстан Республикасы армиясының генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Жеңістің жұлдызды сағаты» атты көрмесі ашылады.

2024 жылғы 2 мамырда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі қорынан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына және Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның Халық батыры, Қазақстан Республикасы армиясының генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Жеңістің жұлдызды сағаты» атты (Кескіндеме. Графика. Мүсін өнері) көрмесі  ашылады.

        Экспозицияда кеңес заманы мен қазақстандық суретшілердің, ҰОС қатысушыларының 50-ден аса туындылары, соғыс батырлары мен тыл еңбеккерлеріне арналған картиналар қойылады. Көрменің ашылуында көрермендер әскери-тарихи музейдің директоры А. Байқадамованың қолдауымен ұсынылған генерал                                       Сағадат Нұрмағамбетовтің жеке заттарын тамашалай алады.

Халықаралық зияткерлік меншік күніне арналған «Ортақ болашақтың игілігі үшін инновациялар мен шығармашылық» атты көрме ашылады.

          2024 жылдың 19 сәуір күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінде Халықаралық зияткерлік меншік күніне арналған «Ортақ болашақтың игілігі үшін инновациялар мен шығармашылық» атты көрме ашылады.

Жыл сайын 26 сәуір Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына (ДЗМҰ) мүше мемлекеттер Халықаралық зияткерлік меншік күнін атап өтеді, осылайша оның әлемнің барлық елдерінің экономикалық, мәдени және әлеуметтік дамуындағы рөлін көрсетеді. Мереке 2000 жылдан бері аталып келеді, ал 26 сәуір 1970 жылы ДЗМҰ Конвенциясы күшіне енген күн.

Коллекция жиюшы, меценат, ақын, жазушы, төре Азат Әкімбектің 75 жылдық мерейтойына арналған «Орта Азия ұйғыр суретшілерінің туындылары (кескіндеме, графика)» атты жеке коллекциясынан көрме ашылады.

2024 жылдың 16 сәуірі сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде коллекция жиюшы, меценат, ақын, жазушы, төре  Азат Әкімбектің 75 жылдық мерейтойына арналған «Орта Азия ұйғыр суретшілерінің туындылары (кескіндеме, графика)»  атты жеке коллекциясынан көрме ашылады.

Төре Азат Әкімбек – әлемге әйгілі коллекция жиюшы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері. Ол 1972 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Шығыс Түркістан, Қашқар, Хотан, Турфан, Кучар, Ақсу және басқа да қалалардың шеберлері жасаған ұйғыр халық-қолданбалы өнерінің бірегей жинағын жинай алды.  Қазақстан аумағында, сонымен қатар шетелде 74 көрме ұйымдастырып өткізді.

Темір Бегімбеттің (1951-2022) «Екі әлемнің қақпасы» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

     2024 жылғы 12 сәуірде сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Темір Бегімбеттің (1951-2022) «Екі әлемнің қақпасы» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Көрмеде суретшінің 70-тен астам көркем және мүсіндік туындылары ұсынылады.

          Қазақстандық суретші Темір Бегімбеттің бейнелер әлемі екі мән – зат пен оның символының тоғысқан шекарасында туады. Ол жасаған әрбір жұмыс өзінің пайдалылығымен бірге терең символдық мағынаны қамтиды. Суретші біздің өміріміздегі барлық нәрсе ақылға қонымды және үйлесімді реттелгеніне сенімді.

Суретші Владимир Киреевтің 80 жылдығына арналған «Кездесу» атты мерейтойлық ретроспективті көрмесін ұсынады.

2024 жылдың 4 сәуірі күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі суретші Владимир Киреевтің 80 жылдығына арналған  «Кездесу» атты мерейтойлық ретроспективті көрмесін ұсынады. Көрмеге 1970 жылдардың соңынан қазіргі уақытқа дейін жасалған  50-ден астам картиналар – портреттер мен пейзаждар ұсынылады.

 

Владимир Киреев – өнердегі академиялық дәстүрді ұстану арқылы шығармашылық дүниетанымы айқындалатын тамаша көркемдік білімі бар суретшілердің бірі. Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде суретші алған реалистік кескіндеме негіздері (1966 жылы бітірген), Репин атындағы Санкт-Петербург өнер академиясында оқу кезеңінде жетілдірілген (1973 жылы бітірген). Өзінің кәсіби мансабында суретшінің басты мақсаты шығармашылық стиль және көркемдік әдіс ретінде реализмге назар аудару болды. Суретшінің камералық және монументалды жұмыстары белгілі, олардың көпшілігі республиканың жетекші өнер музейінің қорына енгізілген.

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «10 тамыз – Абай күні» қарсаңында балаларға арналған «Абайдың даналық жолы» атты танымдық квест ойыны ұйымдастырылды.

🔹Іс-шараның мақсаты – жас қатысушыларды Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, ұлттық әдебиет пен бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру. Квест барысында балалар музей залдарын аралап, Әбілхан Қастеевтің «Жас Абайдың портреті», Сәрсенбай Бейсенбаевтың «Абай» портреті және Тоқболат Тоғысбаевтың «Абай. Ойшыл» туындылары арқылы ақын тұлғасын тереңірек таныды.

🔸Қатысушылар қызықты тапсырмалар орындап, Абайдың өмірбаяны, қара сөздері мен өлеңдері бойынша білімдерін сынады. Зияткерлік ойын балалардың ой-өрісін кеңейтіп, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға ықпал етті.

📌Іс-шараны ұйымдастырған және жүргізген: Музей педагогикасы және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері

⚜️В Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева, в преддверии Дня Абая, который отмечается 10 августа, для детей был организован познавательный квест «Путь мудрости Абая».

🔹Целью мероприятия стало знакомство юных участников с жизнью и творчеством Абая Кунанбаева, а также развитие интереса к национальной литературе и изобразительному искусству. В ходе квеста дети посетили экспозиционные залы музея и познакомились с произведениями «Портрет юного Абая» Абылхана Кастеева, «Портрет Абая» Сарсенбая Бейсенбаева и «Абай. Мыслитель» Токболата Тогысбаева, что позволило им глубже раскрыть образ великого поэта.

🔸Выполняя увлекательные задания, участники проверили свои знания биографии Абая, его «Слов назидания» и поэтического наследия. Интеллектуальная игра способствовала расширению кругозора детей и формированию уважительного отношения к национальным духовным ценностям.

📌Мероприятие организовано и проведено сотрудниками отдела музейной педагогики и экскурсионного обслуживания. ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «10 тамыз – Абай күні» қарсаңында балаларға арналған «Абайдың даналық жолы» атты танымдық квест ойыны ұйымдастырылды. 🔹Іс-шараның мақсаты – жас қатысушыларды Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, ұлттық әдебиет пен бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру. Квест барысында балалар музей залдарын аралап, Әбілхан Қастеевтің «Жас Абайдың портреті», Сәрсенбай Бейсенбаевтың «Абай» портреті және Тоқболат Тоғысбаевтың «Абай. Ойшыл» туындылары арқылы ақын тұлғасын тереңірек таныды. 🔸Қатысушылар қызықты тапсырмалар орындап, Абайдың өмірбаяны, қара сөздері мен өлеңдері бойынша білімдерін сынады. Зияткерлік ойын балалардың ой-өрісін кеңейтіп, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға ықпал етті. 📌Іс-шараны ұйымдастырған және жүргізген: Музей педагогикасы және экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері ⚜️В Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева, в преддверии Дня Абая, который отмечается 10 августа, для детей был организован познавательный квест «Путь мудрости Абая». 🔹Целью мероприятия стало знакомство юных участников с жизнью и творчеством Абая Кунанбаева, а также развитие интереса к национальной литературе и изобразительному искусству. В ходе квеста дети посетили экспозиционные залы музея и познакомились с произведениями «Портрет юного Абая» Абылхана Кастеева, «Портрет Абая» Сарсенбая Бейсенбаева и «Абай. Мыслитель» Токболата Тогысбаева, что позволило им глубже раскрыть образ великого поэта. 🔸Выполняя увлекательные задания, участники проверили свои знания биографии Абая, его «Слов назидания» и поэтического наследия. Интеллектуальная игра способствовала расширению кругозора детей и формированию уважительного отношения к национальным духовным ценностям. 📌Мероприятие организовано и проведено сотрудниками отдела музейной педагогики и экскурсионного обслуживания. ⚜️2026 жылдың 7 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде өтіп жатқан Павел және Дмитрий Шороховтардың «Қала мен дәуір» атты мерейтойлық көрмесі аясында музейдің ғылыми қызметкерлері көрнекті қазақстандық мүсінші Павел Иванович Шороховпен кездесті.

🔸Кездесу жылы атмосферада өтіп, еркін сұхбатқа ұласты. Павел Иванович өз туындыларының дүниеге келу тарихымен бөлісіп, Алматы қаласының көркем келбетінің ажырамас бөлігіне айналған монументалды мүсіндерге қатысты шығармашылық ізденістері туралы баяндады. Сондай-ақ қатысушылардың сауалдарына жауап берді. 

🔹Іс-шара соңында музей директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Кобжанова Светлана Жумасултановна мүсіншіге оның 80 жас мерейтойына орай Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының атынан жолданған құттықтау хатын табыс етті.

▫️Мұндай кездесулердің тағылымдық мәні зор. Олар ұлттық бейнелеу өнерінің шежіресін сақтауға, оны қалыптастырған тұлғаның өз аузынан тыңдап, кейінгі ұрпаққа аманаттауға мүмкіндік береді. ⚜️2026 жылдың 7 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде өтіп жатқан Павел және Дмитрий Шороховтардың «Қала мен дәуір» атты мерейтойлық көрмесі аясында музейдің ғылыми қызметкерлері көрнекті қазақстандық мүсінші Павел Иванович Шороховпен кездесті. 🔸Кездесу жылы атмосферада өтіп, еркін сұхбатқа ұласты. Павел Иванович өз туындыларының дүниеге келу тарихымен бөлісіп, Алматы қаласының көркем келбетінің ажырамас бөлігіне айналған монументалды мүсіндерге қатысты шығармашылық ізденістері туралы баяндады. Сондай-ақ қатысушылардың сауалдарына жауап берді. 🔹Іс-шара соңында музей директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Кобжанова Светлана Жумасултановна мүсіншіге оның 80 жас мерейтойына орай Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының атынан жолданған құттықтау хатын табыс етті. ▫️Мұндай кездесулердің тағылымдық мәні зор. Олар ұлттық бейнелеу өнерінің шежіресін сақтауға, оны қалыптастырған тұлғаның өз аузынан тыңдап, кейінгі ұрпаққа аманаттауға мүмкіндік береді. В Национальном музее искусств РК имени Абылхана Кастеева открылась юбилейная ретроспективная выставка «ГОРОД И ВРЕМЯ ПАВЛА ШОРОХОВА», посвящённая 80-летию одного из самых известных современных казахстанских скульпторов, сообщает телеканал «МИР24»

Экспозиция объединяет все этапы творческого пути художника от студенческих работ 1970-х годов до последних произведений, созданных в преддверии юбилея.

Имя Павла Шорохова хорошо знакомо каждому, кто хотя бы раз бывал на улицах Алматы, Астаны и других городов Казахстана. Его произведения давно стали частью городской среды и культурной памяти нескольких поколений казахстанцев. Скульптуры мастера украшают площади, парки, пешеходные улицы и общественные пространства, органично соединяя искусство, архитектуру и повседневную урбанистическую среду.

📌Выставка продлится до 30 августа 2026 года. В Национальном музее искусств РК имени Абылхана Кастеева открылась юбилейная ретроспективная выставка «ГОРОД И ВРЕМЯ ПАВЛА ШОРОХОВА», посвящённая 80-летию одного из самых известных современных казахстанских скульпторов, сообщает телеканал «МИР24» Экспозиция объединяет все этапы творческого пути художника от студенческих работ 1970-х годов до последних произведений, созданных в преддверии юбилея. Имя Павла Шорохова хорошо знакомо каждому, кто хотя бы раз бывал на улицах Алматы, Астаны и других городов Казахстана. Его произведения давно стали частью городской среды и культурной памяти нескольких поколений казахстанцев. Скульптуры мастера украшают площади, парки, пешеходные улицы и общественные пространства, органично соединяя искусство, архитектуру и повседневную урбанистическую среду. 📌Выставка продлится до 30 августа 2026 года. ⚜️2026 жылдың 12 тамыз күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Армения палитрасы: Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі қорынан» көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

▫️Көрме Қазақстан Республикасындағы Армения Республикасының Елшілігінің және Алматы қаласындағы Армения Республикасының Құрметті консулдығының қолдауымен ұйымдастырылды.

▪️Көрме келушілерді музей қорындағы ХХ ғасырдағы танымал армян суретшілерінің туындыларымен таныстырады. Экспозицияға Арменияның бай көркемдік дәстүрлерімен таныстыратын кескіндеме, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер туындылары қойылған.

📍 Көрме 2026 жылғы 12 тамыз - 2 қыркүйек аралығында жұмыс істейді.

⚜️12 августа в 16:00 в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева состоится открытие выставки «Палитра Армении: из собрания Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева».

▫️Выставка организована при поддержке Посольства Республики Армения в Республике Казахстан и Почётного консульства Республики Армения в Алматы.

▪️Выставка познакомит посетителей с произведениями известных армянских художников XX века из музейной коллекции. В экспозиции представлены живопись, скульптура и произведения декоративно-прикладного искусства, отражающие богатство художественных традиций Армении.

📍 Выставка будет работать с 12 августа по 2 сентября 2026 года. ⚜️2026 жылдың 12 тамыз күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Армения палитрасы: Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі қорынан» көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. ▫️Көрме Қазақстан Республикасындағы Армения Республикасының Елшілігінің және Алматы қаласындағы Армения Республикасының Құрметті консулдығының қолдауымен ұйымдастырылды. ▪️Көрме келушілерді музей қорындағы ХХ ғасырдағы танымал армян суретшілерінің туындыларымен таныстырады. Экспозицияға Арменияның бай көркемдік дәстүрлерімен таныстыратын кескіндеме, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер туындылары қойылған. 📍 Көрме 2026 жылғы 12 тамыз - 2 қыркүйек аралығында жұмыс істейді. ⚜️12 августа в 16:00 в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева состоится открытие выставки «Палитра Армении: из собрания Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева». ▫️Выставка организована при поддержке Посольства Республики Армения в Республике Казахстан и Почётного консульства Республики Армения в Алматы. ▪️Выставка познакомит посетителей с произведениями известных армянских художников XX века из музейной коллекции. В экспозиции представлены живопись, скульптура и произведения декоративно-прикладного искусства, отражающие богатство художественных традиций Армении. 📍 Выставка будет работать с 12 августа по 2 сентября 2026 года. ⚜️2026 жылдың 4 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде заманауи қазақстандық мүсін өнерінің көрнекті өкілі мүсінші Павел Шороховтың 80 жылдық мерейтойына арналған «ПАВЕЛ ШОРОХОВТЫҢ ҚАЛАСЫ МЕН ДӘУІРІ» атты мерейтойлық ретроспективалық көрмесінің ашылуы өтті. 

🔹Экспозиция суретшінің 1970-жылдардағы студенттік туындыларынан бастап, мерейтой қарсаңындағы соңғы еңбектеріне дейінгі әр кезеңді бір арнаға тоғыстырады.

🔸Павел Шороховтың есімі Қазақстан қалаларының көркем келбетімен тығыз байланысты, Алматы, Астана мен еліміздің қалаларындағы монументалды туындылары бүгінде бірнеше ұрпақтың мәдени жадында сақталып әрі қалалық ортаның құрамдас бөлігіне айналып үлгерді.  Шебер қолынан шыққан мүсіндер қаланың алаң-саябақтарына, жаяу жүргіншілеркөшелері мен қоғамдық кеңістіктерге көрік беріп, сәулет пен өмірдің табиғи бояуын үйлестіре бейнелеп, қаланың көркемдік болмысын аша түседі.

🔺🔺Көрменің жобалық ерекшелігі – ұрпақтар арасындағы шығармашылық диалог. Павел Шороховтың мүсіндік туындыларымен қатар экспозицияға оның ұлы, кескіндемеші Дмитрий Шороховтың шығармалары да енгізілген. Әке мен баланың бір көрмеде тоғысуы көркемдік дәстүрдің жалғастығын айшықтап, мүсін мен кескіндемені, пластика мен жарықты, қала мен адамды ортақ мәдени жадының тұтас кеңістігінде тоғыстырады.

📌Көрме 30 тамызға дейін жалғастырады. Көрме жобасының кураторы – Оксана Танская. ⚜️2026 жылдың 4 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде заманауи қазақстандық мүсін өнерінің көрнекті өкілі мүсінші Павел Шороховтың 80 жылдық мерейтойына арналған «ПАВЕЛ ШОРОХОВТЫҢ ҚАЛАСЫ МЕН ДӘУІРІ» атты мерейтойлық ретроспективалық көрмесінің ашылуы өтті. 🔹Экспозиция суретшінің 1970-жылдардағы студенттік туындыларынан бастап, мерейтой қарсаңындағы соңғы еңбектеріне дейінгі әр кезеңді бір арнаға тоғыстырады. 🔸Павел Шороховтың есімі Қазақстан қалаларының көркем келбетімен тығыз байланысты, Алматы, Астана мен еліміздің қалаларындағы монументалды туындылары бүгінде бірнеше ұрпақтың мәдени жадында сақталып әрі қалалық ортаның құрамдас бөлігіне айналып үлгерді.  Шебер қолынан шыққан мүсіндер қаланың алаң-саябақтарына, жаяу жүргіншілеркөшелері мен қоғамдық кеңістіктерге көрік беріп, сәулет пен өмірдің табиғи бояуын үйлестіре бейнелеп, қаланың көркемдік болмысын аша түседі. 🔺🔺Көрменің жобалық ерекшелігі – ұрпақтар арасындағы шығармашылық диалог. Павел Шороховтың мүсіндік туындыларымен қатар экспозицияға оның ұлы, кескіндемеші Дмитрий Шороховтың шығармалары да енгізілген. Әке мен баланың бір көрмеде тоғысуы көркемдік дәстүрдің жалғастығын айшықтап, мүсін мен кескіндемені, пластика мен жарықты, қала мен адамды ортақ мәдени жадының тұтас кеңістігінде тоғыстырады. 📌Көрме 30 тамызға дейін жалғастырады. Көрме жобасының кураторы – Оксана Танская. ⚜️Кураторский тур по выставке «Город и время Павла и Дмитрия Шороховых»

🔹Как рождалась идея выставки? Какие произведения можно увидеть сегодня на улицах Алматы и Астаны? Какие истории скрываются за архивными фотографиями, эскизами и рабочими моделями?

▫️ «Кураторский тур. Истории, которые не поместились в экспозицию» проведёт куратор выставки Оксана Танская @guideinalmaty

Эта экскурсия - возможность увидеть экспозицию глазами искусствоведа, который создавал её концепцию, работал с архивами, встречался с художниками и собирал воедино историю одной из самых известных творческих семей Казахстана.

Во время встречи мы поговорим не только о произведениях Павла и Дмитрия Шороховых, но и о том, как создаётся современная музейная выставка, почему многие городские скульптуры становятся частью нашей памяти и что остаётся за пределами музейной экспозиции.

📍 Национальный музей искусств РК имени Абылхана Кастеева
🗓 8 августа
🕒 15:00
🗓 15 августа
🕒 15:00
Количество мест ограничено. Экскурсия на русском языке. Запись: +7(727)3945715 ⚜️Кураторский тур по выставке «Город и время Павла и Дмитрия Шороховых» 🔹Как рождалась идея выставки? Какие произведения можно увидеть сегодня на улицах Алматы и Астаны? Какие истории скрываются за архивными фотографиями, эскизами и рабочими моделями? ▫️ «Кураторский тур. Истории, которые не поместились в экспозицию» проведёт куратор выставки Оксана Танская @guideinalmaty Эта экскурсия - возможность увидеть экспозицию глазами искусствоведа, который создавал её концепцию, работал с архивами, встречался с художниками и собирал воедино историю одной из самых известных творческих семей Казахстана. Во время встречи мы поговорим не только о произведениях Павла и Дмитрия Шороховых, но и о том, как создаётся современная музейная выставка, почему многие городские скульптуры становятся частью нашей памяти и что остаётся за пределами музейной экспозиции. 📍 Национальный музей искусств РК имени Абылхана Кастеева 🗓 8 августа 🕒 15:00 🗓 15 августа 🕒 15:00 Количество мест ограничено. Экскурсия на русском языке. Запись: +7(727)3945715
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ