Оқиғалар

Нұрлан Темірбекұлы Жайнақбаевтың «Шектеусіз шығармашылық» атты жеке көрмесі өтеді.

2024 жылдың 5 қыркүйегінде Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында (Желтоксан, 137) Нұрлан Темірбекұлы Жайнақбаевтың «Шектеусіз шығармашылық» атты жеке көрмесі өтеді.

Ресми ашылуы 2024 жылдың 10 қыркүйегінде 16.00-де.

Нұрлан Темірбекұлы Жайнақбаев 1963 жылы дүниеге келген.  Өмірінің елеулі бөлігін халыққа қызмет етуге, олардың тәнін сауықтыруға арнаған Нұрлан Темірбекұлы өзінің өмірі мен қызметінің жаңа кезеңіне қадам басты – бұл да халыққа қызмет ету, бірақ өнер арқылы олардың жанын, жүрегін өзінің сұлулығымен, шынайылығымен емдейді. Негізгі мамандығы бойынша Нұрлан Темірбекұлы – хирург, профессор, медицина ғылымдарының докторы. Оның ғылыми еңбектері тоғыз монографияда, он оқу-әдістемелік құралда және жүз отыздан астам ғылыми басылымдарда көрініс тапқан.

«Еркін суретшілер бірлестігі» ұйымының қолдауымен Латиф Қазбековтың «Қағаз әлемдері» және Андрей Бистидің «Темір мысқыл» атты экспозицияларының вернисажы өтеді.

2024 жылғы 5 қыркүйекте сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік өнер музейінде «Еркін суретшілер бірлестігі» ұйымының қолдауымен Латиф Қазбековтың «Қағаз әлемдері» және Андрей Бистидің «Темір мысқыл» атты экспозицияларының вернисажы өтеді. Көрмеге авторлық қағаздағы 111 акварельді, бедерлі композициялар мен тушь суреттері, иллюстрациялар, сондай-ақ                40 мүсін қойылады.

Авторлар мен ұйымдастырушылардың баспасөзбен кездесуі 15:00-де.

«Жарқын жеке шығармашылық қолтаңбасы бар қазіргі заманғы ресейлік танымал шеберлердің бұл көрмесі біздің мемлекеттер арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайту жолындағы тағы бір маңызды кезеңі болады» - деп атап өтті Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің директоры Жұмабекова Гүлайым Мұсағұлқызы.

Cуретші, арт-терапевт Миранда Омардың «Біз киетін бетперделер» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

2024 жылдың 29 тамызында сағат 12:00-де  Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында (Желтоқсан, 137) суретші, арт-терапевт Миранда Омардың «Біз киетін бетперделер» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

Миранда Омар – Шымкент, Қарағанды және Алматы қалаларында белсенді өнер көрсеткен О.Таңсықбаев атындағы АСҚӨК түлегі. Оның жұмыстары  О.Таңсықбаев атындағы АСҚӨК қолдауымен киім дизайнері ретінде халықаралық конкурстарға қатысты. Миранда өзінің тәжірибесінде сәндік-қолданбалы өнерге жақын аралас техниканы қолданып, кенепте адамның шынайы сезімдері көрініс тапқан әлемді көрсетеді.

«Түркі қағанаты» деп аталатын топтамаға кіретін «Отбасы», «Табыну», «Алтын адамның сарбаздары» шығармалары туралы мәлімет.

«Түркі қағанаты» деп аталатын топтамаға кіретін «Отбасы», «Табыну», «Алтын адамның сарбаздары» шығармалары туралы мәлімет.

 

Өнерде жаңа бағыт ашқан Құттыбек Жақып –  жүнді пайдаланып, бедерлі туындыларын жасап - 17.06.2022 жылғы № 7205 патентін алды. Оның жұмысы қазіргі заманғы өнерді жасау үшін дәстүрлі материалдарды қалай пайдалануға болатынының тамаша үлгісі болып табылады. Суретшінің жұмысы Қазақстанның ұлттық мәдениетінің әлемдік деңгейге көтерілуіне қосылған маңызды үлес болып табылады.

Деректі режиссер, суретші Олег Беляловты еске алуға арналған «Археология. Кадр сыртында» атты фотосуреттер көрмесі ашылады.

2024 жылғы 15 тамызда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде деректі режиссер, суретші Олег Беляловты еске алуға арналған «Археология. Кадр сыртында» атты фотосуреттер көрмесі ашылады.

Көрме көрермендерге археологиялық жұмыстарды ғылыми жарияланымдар мен газеттік репортаждар призмасы арқылы ғана емес, сондай-ақ археологтардың күнделікті өмірі аясында да көруге мүмкіндік береді. Көрме бэкстейдж стилінде орындалған фотосуреттер коллекциясы болып табылады, бұл археологияға бейресми және жиі байқалмайтын жақтан қарауға мүмкіндік береді.