2023 жылғы 22 тамызда сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі Қытай Демократиялық лигасының орталық комитеті, «Chine Post Group» корпорациясы, Жібек жолы хатшысы ұйымдастыру комитеті, Қытайдың Алматы қаласындағы Бас консулдығы және Қазақстанның Сиандағы Бас консулдығының қолдауымен «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының 10 жылдығына орай «Қазақстан- Қытай балалары арасындағы достық» атты халықаралық көрменің ашылуы өтеді.
2023 жылғы 23 тамызда сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Жұлдыздар, тек арманшылдарға ғана жарқырайды» атты Халықаралық көрмесінің ашылуы өтеді.
2023 жылы 15 тамызда сағат 11.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде белгілі фотосуретші Олег Беляловтың «Мәңгілікке жанасу» атты еске алу көрмесі ашылады.
Дәстүрлі археологтар күніне орай археологиялық олжаны фотосурет арқылы «тірілте» білген фотографтың көрмесі ашылады.
Олег Белялов әрбір заттың мән-мағынасын көріп, оның «жанын» жеткізе алатын ерекше қабілетке ие еді, көне дәуірден жеткен заттарды тарихпен етене келген жанды композицияға айналдыра алушы еді. Бұған оның тек тарихты ғана емес, өсімдіктер мен жануарлар әлемін де терең білуі көмекке келді. Археология әлемі Олегті тарихи-мәдени мұра нысандары мен археологиялық экспедициялар кезінде табылған олжалардың тамаша фотосуреттер қорын құра білген саналы маман ретінде мәңгі жадында сақтайды.
Көрме Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институты мұрағатында Олег Беляловтың қорын құруға орай ұйымдастырылған.
Көрменің ашылуында Олег Беляловты еске алуға арналған кинорежиссер Бақыт Қайырбековтың «Солнечный ветер» деректі фильмі көрсетіледі.
Экспозиция тамыз айының 29-на дейін жалғасады.
Көрме жетекшісі – Акжаркын Кумарбаева
Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде 2023 жылдың 3 тамыз күні «Қытай-Қазақстан жасөспірімдерінің арасындағы достық» атты халықаралық байқаудың 1-іріктеу кезеңі бойынша комиссия отырысы өтті.
Байқауға келген 8-13 және 14-18 жас аралығындағы балалардың жұмыстарын музей директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, көрме және сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары, ғалым хатшы, баспасөз хатшысы, ғылыми бөлімдердің жетекшілері, өнертану ғылымдарының кандидаттары, магистрлардың құрмамымен бекітілген комиссия мүшесі іріктеу жұмыстарын жүргізді. Байқаудың 1-кезеңі бойынша Алматы, Астана, Көкшетау, Шымкент, Орал қалаларынан 79 жұмыс келіп түсті, соның ішінен 2-кезең музейде өтетін көрмеге 40 қатысушының 43 жұмысы іріктеліп алынды. Көрмеге Қазақстан тарапынан 40 жұмыс және Қытай тарапынан 40 жұмыс қойылады, екі тараптан арнайы құрылған комиссия мүшелері көрмеге ұсынылған жұмыстардан үздікін таңдайтын болады. Көрме 2023 жылдың 22-24 тамыз күндері өтеді. Байқаудың 1-кезеңіне қатысқан барша балалар, ата-аналары мен жетекшілеріне музей әкімшілігі алғыс білдіреді.
2-кезеңге өткен қатысушылардың тізімі қосымша берілді.
Қосымша ақпарат: байқаудың кураторы Ақмарал Алтайқызы - 87753409967
Список участников международного конкурса
«Дружба между детьми Китая и Казахстана»,
прошедших 1 этап отборочного тура
- Мылтықбай Ажар 13 лет
- Бектасова Айганым Диас-Есимжановна 13 лет
- Серкебаева Айзере Хайдаровна 8 лет
- Умурзак Айым Алибеккызы, 12 лет
- Усен Айым 16 лет
- Нұржан Алем Эрикұлы 10 лет
- Кабылбекова Алема 14 лет
- Сарбасова Алима 15 лет
- Бирмагамбетова Алина 18 лет
- Матбаева Алуа 15 лет
- Тульбааева Амина 14 лет
- Кажикумарова Анелия 12 лет
- Юденич Анна 12 лет
- Таласбаева Ариана 10 лет
- Зарубина Арина 13 лет
- Айткалиев Арлан, 11 лет
- Мылтықбай Арна 10 лет
- Гайнедин Аружан 12 лет
- Фасхутдинова Аэлита 10 лет
- Отарбаев Бауыржан, 16 лет
- Пелых Богдана, 13 лет
- Сабирова Бэлла 10 лет
- Збродова Вероника 11 лет
- Юркова Вероника14 лет
- Цой Виктория 12 лет
- Дауренкызы Дания 8 лет
- Бабак Дарья 12 лет
- Ким Дарья Сергеевна 15 лет
- Амангелді Әліма 15 лет
- Сабирова Линара 8 лет
- Бадалова Луиза 13 лет
- Нағышбай Малика (14 жас)
- Мұхатбек Мөлдір Ануарқызы 15 жас
- Климентьева Надежда 15 лет
- Курепко Наталья 12 жас
- Алиева Пери 13 лет
- Сыдыкова Рамина 11 лет
- Мукажан Сафина 8 лет
- Артамонова Таисия 14 лет
- Куватова Эля 12 лет
2023 жылғы 15 тамызда сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі мен «Апостол» қоғамдық қоры» «Қазақстанның інжу-маржаны – Ақсай скиті: Құдай Анасының Қазақстандағы алғашқы еншісі» атты пленэрлік жұмыстардың көрмесін ұсынады.
Экспозиция Ақсай шатқалындағы әйгілі Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінде орналасқан Серафимо-Феогностовская шөліндегі – бірегей скитте (монастырь) салынған 15 көркем туындыны біріктірді.
Ақсай шатқалы – Қазақстан Республикасының аумағындағы ең көрікті жерлердің бірі. Оның төменгі бөлігін жапырақты ағаштар мен бұталар толық басқан, жоғарыда арша қопалары бар, алып шырша белдеудерін жартастар алмастырады, көріністі альпі шалғындары аяқтайды. Шыңдары қар сызығынан төмен орналасқан жоталардың артында екі биік көлдер мен мұздықтар жасырылған. Мұнда 1850 метр биіктікте Қызыл Жар — Қызыл жартас шатқалының баурайында Ақсай скиті орналасқан, оны кейде Қызыл жартастағы айқыш деп те атайды. Бұл көркем жерлерде сіз шатқалдың таңғажайып көріністерін, қар басқан шыңдарды, шыршамен көмкерілген беткейлерді және 1887 жылы орын алған ең қатты жер сілкінісінің ізі болып табылатын Ақжар үйіндісінің қалдықтарын тамашалай аласыз.
Мұнда Қазақстан өнерінің жаңадан үйреніп жүрген суретшілері мен шеберлері: Б. Досымов, Ж. Әйнекова, Н. Меңдіқұлов, А. Табиев, А. Әйнекова, Н. Баратов, А. Сеидова, А. Труспекова, Н. Асқар, К. Әзімжанова, А. Уткин, С. Собин (Хорликов), А. Үсентаева, В. Цейтлин, Г. Қайырбекова өздерінің алған пленэрлік көркем «әсерлерін» кенеп бетіне бейнелеген. Пленэр, бұл табиғатта, табиғи жарықта сурет салу техникасы, ол шығармаларды жазу үшін белгіленген шектеулі уақытты білдіреді, себебі табиғатпен жұмыс жүргізу кезінде жарық пен ауаның белсенді рөлі жоғалуы мүмкін. Пленэр суретшіге кенепте қоршаған ортадағы түстердің алуан түрлі бояуын және олардың шамалы өзгерістерін үлкен дәлдікпен көрсетуге мүмкіндік береді. Табиғат айналадағы болмысты ұғыну үшін негіз болып табылады, жарық пен ауа – өзіне тән мәнін құрайтын және таза кескіндеме шабытын беретін суретші эстетикасының іргетасын қалайды.
Көрме Қызыл-Жар тауындағы Құдай Анасының көрінуінің 110 жылдығына және Ақсай скитінің негізін қалаушылар тақуа әрі пірадар иеромонахтар Серафим мен Феогностты канонизациялауға (әулиелер қатарына жатқызылуына) байланысты 30 жыл толуына орайластырылған. Азаматтық соғыс жылдарындағы сенімі үшін азапты өлімге душар болған бұл әулиелер Қазақстанның көктегі қамқоршысы ретінде құрметтеледі.
«Скит туралы сөз қозғалған кезде оның Қазақстан үшін ерекше рухани маңызын атап өткен жөн. Ақсай шөлінің орнын Құдай Анасы – Аса Қасиетті Мәриям тылысым күштің әсерімен көрсеткен. Болашақ шіркеудің орналасқан жерін таңдаған кезде иеромонах Серафим мен Феогност Құдайға айрықша назармен дұға жасаған. Сол сәтте ғажайып құбылыс орын алды – монахтарға Иеміз Иса Мәсіхтің анасы көрінген. Ол пірадарларға скитті қайда орналастыру керектігін көрсетті».
Құдай Анасының көрінуі – бұл өте сирек кездесетін және ерекше оқиға, және бұл оқиға орын алған жер Құдай Анасының еншісі (жеке иелігі) болып саналады. Әлемде бұндай бірнеше орын белгілі – Қасиетті жер (Израиль), Афон тауы (Греция) және Серафимо-Дивеев монастыры (Ресей). Құдай Анасының көріну оқиғасымен дәріптелген қасиетті Ақсай шөлі – бұл Құдай Анасының Қазақстандағы алғашқы және жалғыз еншісі – оның жеке қамқорлығындағы орыны болып табылады, бұнда Құдай мен Аса Қасиетті Мәриям діндарлардың шын жүріктен айтылған дұғаларын ерекше түрде естіп, орындайды.
Серафим-Феогносттың Ақсай шөлі – барлық қазақстандықтар үшін қасиетті орын екені анық. Ол жерге жасалған ғибадат адамның рухани тұрғыдан өрлеуіне көмектеседі және барлық дәстүрлі діндердің өкілдері қатыгез қуғын-сүргінге ұшыраған заманның қайғылы оқиғаларын терең түсінуге ықпал етеді» – деп атап өтті «Апостол» қоғамдық қорының президенті Г.Сосновский.
Көрме 2023 жылдың 25 тамызына дейін жалғасады.
Көрме жетекшісі- Виолетта Вологодская, "Шетел өнері" бөлімінің жетекшісі.
Instagram соңғы жаңалықтары
Instagram
⚜️2026 жылдың 1 тамыз күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде ұлттық бейнелеу өнерінің көрнекті шебері, Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романовтың (1926-2002) туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуы мен іс-шара аясында шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтеді.
🔸Сахи Романовтың шығармашылығы мазмұн тереңдігімен және айқын ұлттық сипатымен ерекшеленеді. Суреткер туындыларына бейнелі ойдың эпикалық кең тынысы, жоғары кескіндемелік шеберлік пен адам болмысын терең танып-білуге негізделген айрықша тереңдік тән. Ол 1949 жылдан бастап көрмелерге қатыса бастаған. 1955 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын (ВГИК, Мәскеу) тәмамдады. 1958 жылы КСРО Суретшілер одағына, ал 1960 жылы Кинематографистер одағына мүшелікке қабылданды. 1967 жылы оған Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, 1981 жылы Қазақ КСР-інің халық суретшісі атағы берілді. 1955 жылы институтты тәмамдағаннан кейін Сахи Романов «Қазақфильм» киностудиясында қызмет етті. Қоюшы-суретші ретінде ол «Өмір жолы» (1960), «Алдар көсе» (1964), «Ән қанаты» (1965), «Найзатас баурайында» (1969), «Құлагер» (1971) және өзге де фильмдердің жарық көруіне атсалысты. Көрмеде суретшінің кеңінен танылған графикалық және станоктық туындылары ұсынылған. Атап айтқанда, «Шопанның отбасы» (1969), «Жер туралы декрет» (1970), «Отан аспаны аясында» (1970), «Бұғаудан босау» (1970) секілді т.б.
🔹Халық суретшісі Сахи Романовтың бұл мерейтойлық көрмесі оның кең көлемді көркем мұрасының тек аз ғана бөлігін ғана ұсынады. Бұл келушілерге шығармашылық өсу-өрісінің ауқымын бақылауға және дүниетанымы мен сезімдерін толық жеткізуге тырысқанда қолданған тақырыптары мен стилистикалық тәсілдерінің әлеуетін зерттеуге мүмкіндік береді.
🔺Сахи Романовтың бейнелер әлемі өзінің эпикалық кеңдігімен, көркемдік шеберлігімен, сезім шынайылығымен, ой тереңдігімен және жарқын түстер үйлесімімен көрермендерді баурап келеді әрі Ұлы Дала елінің мәңгілік симфониясын құрайды.
⚜️Бүгінгі кезекті айдарымыз - кураторлық жұмысқа арналады.
▫️Куратор – көрермен мен суретші арасын байланыстыратын елші, екі жақтың еркін ортада кездесуін ұйымдастыратын, көрменің идеялық және көркемдік тұтастығын айқындайтын басты тұлға.
✨Сіздерді 4 тамыз күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде заманауи қазақстандық мүсін өнерінің көрнекті өкілі мүсінші Павел Шороховтың 80 жылдық мерейтойына арналған «ПАВЕЛ ШОРОХОВТЫҢ ҚАЛАСЫ МЕН ДӘУІРІ» атты мерейтойлық ретроспективалық көрмесінің ашылуында күтеміз!
📌Көрме 30 тамызға дейін жалғастырады.
Көрме жобасының кураторы – Оксана Танская
✨ Сегодняшний выпуск нашей рубрики — о тех, кто помогает выставке обрести свой голос.
▫️Куратор — это связующее звено между художником и зрителем, посредник, который создаёт пространство для их свободного диалога и встречи, а также определяет идейную и художественную целостность выставки.
✨ ✨ Ждём вас 4 августа в 16:00 в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева на открытии юбилейной ретроспективной выставки «ГОРОД И ЭПОХА ПАВЛА ШОРОХОВА», посвящённой 80-летию выдающегося представителя современного казахстанского скульптурного искусства, скульптора Павла Шорохова!
📌 Выставка продлится до 30 августа.
Куратор выставочного проекта — Оксана Танская.
⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде өтіп жатқан Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» көрмесі аясында қазақ мифологиясын зерттеуші, жазушы, киносценарист, философия ғылымдарының кандидаты Зира Наурызбай көрме туралы өз ойымен бөлісті.
▫️Суретші Гаухар Бисенғалиева (Арухан) киіз, дала шөптері мен табиғи материалдар арқылы уақыттың ізін, ұрпақтар сабақтастығын және материалдың өзгеру үдерісін зерделейді. Көрме көрерменді жадтың қалай сақталатыны және уақыттың материалға қандай із қалдыратыны туралы ойлануға жетелейді.
📍Көрме 24 тамызға дейін жалғасады.
⚜️В рамках проходящей в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева выставки Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Материя памяти / Matter of Memory» своими впечатлениями поделилась исследователь казахской мифологии, писатель, киносценарист, кандидат философских наук Зира Наурызбай.
▫️Используя войлок, степные травы и другие природные материалы, художница рассматривает время не просто как тему своих произведений, а как активную силу, участвующую в творческом процессе. Разработанная Арухан техника «старения» не стремится ни к реконструкции прошлого, ни к восстановлению традиции. Напротив, материал со временем впитывает следы изменений и превращается в своеобразный материальный архив.
📍Экспозиция продлится до 24 августа 2026 года.
⚜️2026 жылдың 5 тамыз күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасы Көркемсурет академиясының академигі Нұрболат Ысқақовтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Шыңмен сырласқан қылқалам» атты ретроспективті көрменің салтанатты ашылуы өтеді.
🔹Аталмыш көрме суретшінің әр кезеңде жазылған туындыларын бір кеңістікте тоғыстырып, оның шығармашылық жолының негізгі белестерін таныстырмақ. Нұрболат Ысқақовтың шығармашылығында бірнеше жылдар бойы басты тақырыпқа айналған Хан Тәңірі шыңының бейнесі бұл экспозицияның негізі болмақ. Суретші Аспантауды туған жерінің символы ретінде бейнелеп, әр туындысында оның жаңа реңдік әрі эмоционалдық қырларын ашып келеді.
🔸Экспозицияда Райымбек ауданының әртүрлі нүктелерінен бейнеленген Хан Тәңірінің сан алуан көріністері, туған өлкенің пейзаждары, қазақ ауылының тыныс-тіршілігіне арналған жанрлық композициялар, сондай-ақ суретшінің отбасылық мұрағатынан алынған фотосуреттер ұсынылады.
🔺Суретшінің кескіндемелік тілінің өзіндік ерекшелігі бұл көрмеде айқын көрініс табады. Оның туындыларында түстің қанықтығы бірден көзге түседі. Суретші таулар мен жоталардың монументалды болмысын ең алдымен түстің қуаты арқылы беріп, көрермен назарын асқақ шыңдарға бағыттайды. Нұрболат Ысқақов шығармаларында ультрамарин мұздықтар, зүбәржаттай жасыл шыршалар, лимон түстес алқаптар мен қардағы қызғылт-күлгін реңктер өзіндік декоративтік түстік жүйе құрайды.
Экспозиция тамыз айының 18 дейін жалғасады.
Көрме жетекшісі - Санжар Сырғабаев
«Қазақстан бейнелеу өнері» бөлімінің ғылыми қызметкері
⚜️Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері/Matter of Memory» көрмесі ашылды.
🔹Аруханның көркем тілі органикалық абстракцияға жақын. Киіз бетінде түзілетін ирек сызықтар, сан қилыбедерлер мен фактуралар құдды табиғаттағы үдерістерден де, жазуға ұқсас іздер мен жад түкпірінен қалқып шығатын пішіндерден де хабар беретіндей. Бұл бейнелердің нақты әрі тұрақты мағынасы жоқ. Олар таңба мен материяның шегінде өмір сүріп, жадтың шығарманың құрылымы арқылы көрініс табуына мүмкіндік береді.
🔸Бұл кеңістікте дала айрықша орын алады. Ол – ішкі жадтың мекені һәм адам орала беретін кеңістік. Дала да тура жад іспетті бір жағынан ізді сақтап қалса, екіншіжағынан оны жойып отырады.
🔺Көшпелілер мәдениетінде жад белгілі бір тұрақты сақтау формасына тәуелді болмаған. Табиғи материалдардан жасалған бұйымдар уақыт өте жерге қайта сіңгенімен, жадтың өзі қолөнер, ауыздан ауызға тараған мұра мен ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан тәжірибеде өмір сүре берген. Осы тұрғыдан алғанда, Аруханның шығармаларын жоғалып бара жатқан дүниенің мұрағатын жасауға талпыныс ретінде қарастыруға болады.
▫️▫️Matter of Memory көрмесі жадты заттардың өзі, өткеннің ізі мен дүние материясында өмір сүруін жалғастыратын материалдық құбылыс ретінде тануға шақырады.
📌Экспозиция тамыз айының 24-не дейін жалғасады.
Куратор: Ақжарқын Құмарбаева
Жоба үйлестірушісі – Ақбота Алимхожина
💫2026 жылғы 25 шілдеде Орталық көрме залында «Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрме аясында Artist Talk форматындағы шығармашылық кездесу өтті.
🔹Кездесуге көрме авторлары мен жоба кураторы қатысып, көрменің идеясы, шығармалардың дүниеге келу тарихы, отбасы құндылықтары тақырыбының өнердегі көрінісі және көрме жобасының қорытындылары туралы кеңінен әңгімеледі.
🎨Artist Talk көрме жобасының маңызды қорытынды кезеңіне айналып, өнер мен көрермен арасындағы ашық сұхбат алаңын қалыптастырды.
💫25 июля 2026 года в Центральном выставочном зале в рамках групповой выставки «Действие семейного альбома» состоялся Artist Talk, посвящённый подведению итогов выставочного проекта.
🔸В творческой встрече приняли участие художники выставки и куратор проекта, которые поделились размышлениями о концепции выставки, идейном содержании работ, творческих поисках и опыте, накопленном в ходе экспозиции.
🎨Artist Talk стал важным заключительным этапом выставочного проекта, позволив глубже осмыслить темы семьи, памяти и преемственности поколений через произведения искусства.






