2025 жылғы 5 маусымынан Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Су жолы: мұз, өзендер және шөлдер тарихы» атты Халықаралық фотокөрмесі ашылады.
Көрмеге әлемнің әр түкпірінен 22 фотографтың су ресурстарының біртіндеп жойылуы тақырыбына арналған фотосуреттері ұсынылған. «Бұл көрменің мақсаты – қазіргі заман өкілдерінің назарын осы маңызды мәселеге аудару. Мұздықтардың, қар мен мұздың климаттық жүйедегі өмірлік маңызы туралы түсініктерді арттыру, сондай-ақ олардың жылдам еруінің болашақтағы салдарлары туралы түсінік беру», - деп атап өтті Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің директоры Гүлайым Мұсағұлқызы Жұмабекова.