Оқиғалар

«Минотаврлар марафоны» атты жеке көрмесі

2021 жылдың 7 қыркүйек күні сағат 16:00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, көрнекті суретші Қайырбай Зәкірұлының туғанына 75 жыл толуына және шығармашылығына 50 жыл, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, ҚР Көркем академиясының 15 жылдығына арналған «Минотаврлар марафоны» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

WORK IN PROGRESS көрмесі

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде 2021 жылдың 2 қыркүйегінде сағ. 14:00-де ресейлік жас суретші Юлия Вирконың WORK IN PROGRESS көрмесінің баспасөз-туры өтеді.

«Жер - Ғарыш» топтық көрмесі

«QazExpoCongress» ҰК» АҚ, Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ мен «Еуразиялық Мәдени Альянс» ҮЕҰ Қазақстан астанасында 2021 жылдың 24 тамызынан 26 қыркүйегіне дейін Нұр-Әлем болашақ энергиясы мұражайында өтетін «Жер - Ғарыш» картиналар көрмесін ұсынады.

«Қазақстан өнеріндегі есімдер» көрмесі

2021 жылы 17 тамызда Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында қалалық «Самоцветы» клубының құрылғанына елу жыл толуына арналған «Қазақстан өнеріндегі есімдер» атты мерейтойлық көрмесінің ашылуы болады.

Герман Титовтың "Саяхатқа шақыру" атты жеке көрмесі

2021 жылдың 10 тамызында сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде суретші Герман Титовтың "Саяхатқа шақыру" атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Экспозицияда суретшінің 40-қа жуық кескіндеме туындылары қойылған.