Оқиғалар

«Су жолы: мұз, өзендер және шөлдер тарихы» атты Халықаралық фотокөрмесі ашылады.

2025 жылғы 5 маусымынан Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Су жолы: мұз, өзендер және шөлдер тарихы» атты Халықаралық фотокөрмесі ашылады.

Көрмеге әлемнің әр түкпірінен 22 фотографтың су ресурстарының біртіндеп жойылуы тақырыбына арналған фотосуреттері ұсынылған. «Бұл көрменің мақсаты – қазіргі заман өкілдерінің назарын осы маңызды мәселеге аудару. Мұздықтардың, қар мен мұздың климаттық жүйедегі өмірлік маңызы туралы түсініктерді арттыру, сондай-ақ олардың жылдам еруінің болашақтағы салдарлары туралы түсінік беру», - деп атап өтті Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің директоры Гүлайым Мұсағұлқызы Жұмабекова.

«Жанасу» атты ерекше көрменің ашылуы өтеді. Көрмені Пастелистер қоғамы ұйымдастырды.

2025 жылдың 3 маусымында сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында (Жетоқсан 137) «Жанасу» атты ерекше көрменің ашылуы өтеді. Көрмені Пастелистер қоғамы ұйымдастырды.

«Жанасу» көрмесі — бұл Пленер Пастел қоғамы ұйымдастырған республикалық көрме. Көрмеге қатысушылар пастелді нағыз құштарлықпен меңгерген, өздерінің шығармашылығында бұл материалды пайдалана отырып, өзіндік даралығын, әлемді қабылдауын білдіретін суретшілер.

Балалар сән әлеміндегі көптен күткен оқиға — республикалық Junior Models Show жобасының 11 маусымы өтеді.

2025 жылғы 1 маусымда 13:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде балалар сән әлеміндегі көптен күткен оқиға — республикалық Junior Models Show жобасының 11 маусымы өтеді. 2019 жылы негізі қаланған бұл жоба жылдар бойы балалар сәнін дамыту мен жас модельдердің талантын ашуға арналған маңызды платформаға айналды.

Junior Models Show: 11-маусым — сән, шабыт және мейірімділік.

Junior Models Show жылына екі рет өткізіліп, Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Петропавл, Семей және т.б. алты және одан да көп қалалардан 100-ден астам қатысушыны біріктіреді. Осындай кең географиялық қамтудың арқасында жоба республикалық мәртебеге ие.

ҮЛКЕН ОРТА-АЗИЯ ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ «ЖІБЕК ЖОЛЫ» КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІ

ҮЛКЕН ОРТА-АЗИЯ ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ

«ЖІБЕК ЖОЛЫ»

КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІ

2025 жылғы 30 мамыр мен 1 маусым аралығында Алматы қаласындағы Орталық көрме залында дәстүрге айналған Орталық Азия шеберлерінің кезекті «Жібек жолы» атты қолөнер көрме-жәрмеңкесі өтеді.

 

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстанның қолөнер шеберлері сәндік-қолданбалы өнердің таңдаулы туындыларын ұсынады:

«Қазақстанның ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы сәндік-қолданбалы өнері» каталогының таныстырылымы және «Мәңгілік мұра – уақытпен үндескен өнер» көрмесінің ашылуы өтеді.

2025 жылы 18 мамыр күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Қазақстанның ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы сәндік-қолданбалы өнері» каталогының таныстырылымы және «Мәңгілік мұра – уақытпен үндескен өнер» көрмесінің ашылуы өтеді.

«Қазақстанның ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы сәндік-қолданбалы өнері» каталогы – Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің қорындағы сәндік-қолданбалы өнер туындыларының алғаш рет толық көлемде ұсынылған басылымы. 1938 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңді қамтитын бұл отандық өнер тарихында маңызды көркемдік құбылыс болып табылатын туындылар қоры шамамен сегіз жүз сақтау бірлігін құрайды. Коллекцияның қалыптасу жылдарында шығармашылықпен белсенді айналысқан суретшілердің қатарында Әбілхан Қастеев, Николай Цивчинский, Александр Риттих, Шажат Оспановтарды атауға болады. Олардың эскиздері бойынша «Кілемші» артелінің шеберлері алғашқы қазақстандық гобелендерді жасап, бұл еңбектер «Мәңгілік мұра – уақытпен үндескен өнер» көрмесінде кеңінен ұсынылады.