Оқиғалар

Фотокөрмесі Германияның қайтадан бірігуінің 30 жылдығына арналады

Құрметті өнер сүйер қауым! Біз Қазақстандағы Гете институты және Шетелмен байланыс институтымен (ifa, Штутгарт) бірлесіп ұйымдастырылатын жыл сайынғы көрменің ашылғанын хабарлауға қуаныштымыз.

Уақыттағы саяхат атты фотокөрмесі Германияның қайтадан бірігуінің 30 жылдығына арналады. Көрме неміс баспасөз фотографиясының әйгілі шеберлері Эрих Заломон мен Барбара Клемнің біртуар тарихи суреттерін ұсынады. Қос фотографқа фотожурналистиканың дамуына салмақты ықпал етіп, өздерін әлемге танымал еткен ерекше авторлық фоторепортаж стилі тән.

«Абай – халық даналығы»

Бүгін, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Абай – халық даналығы» көрмесінің ашылу салтанаты өтті, сондай-ақ көрменің ашылуында «Абай бейнесі – Қазақстан суретшілерінің көзімен» атты каталогының тұсаукесері болды. Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы-философ, композитор, көркем сөз шебері Абай Құнанбаевтың жеке тұлғасы мен шығармашылығына арналған каталогы «Bank RBK» АҚ қолдауымен

жарық көрді. Экспозицияда Абайдың бейнесі мен шығармашылығына арналған әр кезеңдегі суретшілердің 70-тен астам кескіндемелік, графикалық, мүсіндік туындылары ұсынылған. Бұл шығармаларда өткен ғасыр мен қазіргі заман шеберлері Абай бейнесін, оның ұлылығын бейнелейді.

Авторлық интерьерлік қуыршақтардың «ӘРҚАШАН БІРГЕ» төртінші халықаралық көрмесі

Кеше, Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде 4-ші халықаралық «Әрқашан бірге» атты авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Экспозицияда Қазақстан, Ресей, Беларуссия, Украина және Франциядан келген хас шеберлердің туындылары қойылған. Көрмені ҚР Мемлекеттік өнер музейінің директоры Шалабаева Гүлмира Кенжеболатқызы және Ресей Федерациясының Қазақстандағы Бас консулы Евгений Петрович Бобров ашты.

«Бұл таңғажайып әрі нәзік әлем»

2020 жылдың 28 қазанында сағат 12: 00-де - Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Бұл таңғажайып әрі нәзік әлем» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті. Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы «Стоп Мусор» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырған картиналар көрмесі келушілердің назарын қалаларда да, табиғат аясында да қоқыстың көбею проблемасына аудару үшін жасалған.

Тюнин Иван Васильевичтің «Ұрпақтар палитрасы» көрмесі

2020 жылдың 20 қазан күні сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Тюнин Иван Васильевичтің «Ұрпақтар палитрасы» жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

Ваня кішкентай кезінен бастап сурет салуды қатты қалайтын. Мектеп пен үйге барар жолда ол келер күннің барлық сұлулығын, оның бояулары мен реңктерін тамашалады. Баланың бойындағы шығармашылық қабілеті оған әлемнің әрбір бөлшегі мен әсемдігін байқауға мүмкіндік берді. Күзгі Алтай орманы қып-қызыл болып жалындап тұрды, қысқы қар жарқыраған жамылғы сияқты жатты, көктем бояулардың аса буырқануымен оянды. Осының барлығын қағазға түсірсе шіркін!

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
⚜️2026 жылғы 24 шілдеде Қонаев қаласында Қонаев қалалық кітапханасының 55 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара аясында «Жамбыл және өркениетті ұлт» жобасы мен «Отбасылық альбомның әсері» көрмесі арқылы ұлттық руханияттың дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар мәдениет және өнер өкілдері Мемлекет басшысы атынан марапатталды.

🔹Марапаттарды Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев табыстады.

▫️Марапатталғандардың қатарында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінің қызметкерлері де бар. «Маркетинг, жобалау және сыртқы істер» бөлімінің қызметкері, көрме координаторы Көпжүрсін Әйгерім Айдарқызы Қазақстан Республикасы Президенті атынан «Құрмет» грамотасымен, ал өнертану ғылымдарының кандидаты, музейдің жетекші ғылыми қызметкері Джадайбаев Әмір Жалынұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен және төсбелгісімен марапатталды.

👏🏻Әріптестерімізді жоғары марапаттарымен шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілейміз!

***

⚜️24 июля 2026 года в городе Конаев в рамках торжественного мероприятия, посвященного 55-летию Конаевской городской библиотеки, представители культуры и искусства были удостоены государственных наград от имени Президента Республики Казахстан за вклад в развитие национальной духовности, а также реализацию проекта «Жамбыл және өркениетті ұлт» и выставки «Действие семейного альбома».

🔹Государственные награды вручил Советник Президента Республики Казахстан Малик Отарбаев.

▫️Среди награжденных - сотрудники Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева. Айгерим Айдаркызы Копжурсин, сотрудник отдела маркетинга, проектной деятельности и внешних связей, координатор выставки, награждена Почетной грамотой от имени Президента Республики Казахстан. Амир Жалынович Джадайбаев, кандидат искусствоведения, ведущий научный сотрудник музея, удостоен Благодарности Президента Республики Казахстан и нагрудного знака.

👏🏻Поздравляем наших коллег с заслуженными государственными наградами и желаем им дальнейших профессиональных и творческих успехов! ⚜️2026 жылғы 24 шілдеде Қонаев қаласында Қонаев қалалық кітапханасының 55 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара аясында «Жамбыл және өркениетті ұлт» жобасы мен «Отбасылық альбомның әсері» көрмесі арқылы ұлттық руханияттың дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар мәдениет және өнер өкілдері Мемлекет басшысы атынан марапатталды. 🔹Марапаттарды Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев табыстады. ▫️Марапатталғандардың қатарында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінің қызметкерлері де бар. «Маркетинг, жобалау және сыртқы істер» бөлімінің қызметкері, көрме координаторы Көпжүрсін Әйгерім Айдарқызы Қазақстан Республикасы Президенті атынан «Құрмет» грамотасымен, ал өнертану ғылымдарының кандидаты, музейдің жетекші ғылыми қызметкері Джадайбаев Әмір Жалынұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен және төсбелгісімен марапатталды. 👏🏻Әріптестерімізді жоғары марапаттарымен шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілейміз! *** ⚜️24 июля 2026 года в городе Конаев в рамках торжественного мероприятия, посвященного 55-летию Конаевской городской библиотеки, представители культуры и искусства были удостоены государственных наград от имени Президента Республики Казахстан за вклад в развитие национальной духовности, а также реализацию проекта «Жамбыл және өркениетті ұлт» и выставки «Действие семейного альбома». 🔹Государственные награды вручил Советник Президента Республики Казахстан Малик Отарбаев. ▫️Среди награжденных - сотрудники Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева. Айгерим Айдаркызы Копжурсин, сотрудник отдела маркетинга, проектной деятельности и внешних связей, координатор выставки, награждена Почетной грамотой от имени Президента Республики Казахстан. Амир Жалынович Джадайбаев, кандидат искусствоведения, ведущий научный сотрудник музея, удостоен Благодарности Президента Республики Казахстан и нагрудного знака. 👏🏻Поздравляем наших коллег с заслуженными государственными наградами и желаем им дальнейших профессиональных и творческих успехов! 🏛️Бұл мүсіндерді күнде көресіз! Бірақ авторын білмейміз!

⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі сіздерді «Павел және Дмитрий Шороховтар: Қала және Дәуір» атты мерейтойлық ретроспективалық көрменің ашылуына шақырады.

Павел Шорохов — жарты ғасырдан астам уақыт бойы Алматының көркем келбетін қалыптастыруға үлес қосқан суретші-мүсінші. «Сарыарқа», «Ләйлектер», «Балалық шақ», Алматы циркі алдындағы мүсіндік ансамбль, «Қазақстан халықтары ертегілері саябағы» секілді туындылары бүгінде қаланың танымал нышандарына айналып, бірнеше буын алматылықтардың жадында берік орнықты.

Музей алғаш рет шебердің мүсіндік шығармаларын, архивтік материалдарын, монументалды туындыларының фотосуреттерін, сондай-ақ әулеттің шығармашылық дәстүрін жалғастырып келе жатқан Дмитрий Шороховтың кескіндеме жұмыстарын бір арнаға тоғыстырған ауқымды ретроспективалық көрмені ұсынады.

Көрмеде - Алматыны суретші көзімен көресіз, күн сайын жанынан өтіп жүрсеңіз де, тарихына үңіле бермейтін туындыларды жаңаша тануға мүмкіндік аласыз.

📅 Ашылу салтанаты: 2026 жыл, 4 тамыз, сағат 16:00
📍 Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі
🗓 Көрме 30 тамызға дейін жалғасады.

Сіздерді айтулы мәдени оқиғаның куәсі болуға шақырамыз! 

📌Көрме кураторы: @guideinalmaty 🏛️Бұл мүсіндерді күнде көресіз! Бірақ авторын білмейміз! ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі сіздерді «Павел және Дмитрий Шороховтар: Қала және Дәуір» атты мерейтойлық ретроспективалық көрменің ашылуына шақырады. Павел Шорохов — жарты ғасырдан астам уақыт бойы Алматының көркем келбетін қалыптастыруға үлес қосқан суретші-мүсінші. «Сарыарқа», «Ләйлектер», «Балалық шақ», Алматы циркі алдындағы мүсіндік ансамбль, «Қазақстан халықтары ертегілері саябағы» секілді туындылары бүгінде қаланың танымал нышандарына айналып, бірнеше буын алматылықтардың жадында берік орнықты. Музей алғаш рет шебердің мүсіндік шығармаларын, архивтік материалдарын, монументалды туындыларының фотосуреттерін, сондай-ақ әулеттің шығармашылық дәстүрін жалғастырып келе жатқан Дмитрий Шороховтың кескіндеме жұмыстарын бір арнаға тоғыстырған ауқымды ретроспективалық көрмені ұсынады. Көрмеде - Алматыны суретші көзімен көресіз, күн сайын жанынан өтіп жүрсеңіз де, тарихына үңіле бермейтін туындыларды жаңаша тануға мүмкіндік аласыз. 📅 Ашылу салтанаты: 2026 жыл, 4 тамыз, сағат 16:00 📍 Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі 🗓 Көрме 30 тамызға дейін жалғасады. Сіздерді айтулы мәдени оқиғаның куәсі болуға шақырамыз! 📌Көрме кураторы: @guideinalmaty 💫Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, суретші-педагог, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», «Мәдениет қайраткері», «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық көрмесі аясында «Суретшінің шығармашылық әлемі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

🔹Іс-шараға музей мамандары, өнертанушылар, суретшілер, мәдениет қайраткерлері, әріптестері мен шәкірттері қатысып, суретшінің шығармашылық мұрасы, ұлттық бейнелеу өнеріндегі орны, ұстаздық қызметі және қазіргі қазақ өнерінің өзекті мәселелері жөнінде мазмұнды пікір алмасты.

🔹Дөңгелек үстел барысында Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, өнертану кандидаты Светлана Жұмасұлтанқызы Кобжанова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық өнер сыншылары қауымдастығының (AICA) Қазақстан ұлттық секциясының президенті Күлжазира Жұмаділқызы Мұқажанова, музейдің бөлім жетекшілері мен ғылыми қызметкерлері өз ой-пікірлерін білдіріп, суретшінің шығармашылығына ғылыми-танымдық тұрғыдан баға берді.

🎨Кездесудің ең әсерлі сәттерінің бірі – мерейтой иесі Серікбай Мұбаракұлының өз шығармашылық жолы туралы естеліктерімен бөлісуі болды. Суретші балалық шағынан бастау алған өнерге деген қызығушылығы, ұстаздары, шығармашылық ізденістері, туындыларының дүниеге келу тарихы мен «Суретшінің толғауы» көрмесінің атауына арқау болған ой-толғамдары туралы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар, шәкірттері мен әріптестерінің жүрекжарды лебіздері айтылып, суретшіге құрмет көрсетілді.

🔹Еркін пікір алмасу форматында өткен кездесу суретшінің шығармашылық әлеміне тереңірек үңілуге, оның ұлттық бейнелеу өнеріне қосқан үлесін жаңа қырынан пайымдауға және өнердегі сабақтастық пен ұстаздық дәстүрдің маңызын айқындауға мүмкіндік берді.

👏Музей ұжымы дөңгелек үстелге қатысып, мазмұнды ой-пікірлерімен бөліскен барлық қонақтарға шынайы алғысын білдіреді. 💫Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, суретші-педагог, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», «Мәдениет қайраткері», «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық көрмесі аясында «Суретшінің шығармашылық әлемі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 🔹Іс-шараға музей мамандары, өнертанушылар, суретшілер, мәдениет қайраткерлері, әріптестері мен шәкірттері қатысып, суретшінің шығармашылық мұрасы, ұлттық бейнелеу өнеріндегі орны, ұстаздық қызметі және қазіргі қазақ өнерінің өзекті мәселелері жөнінде мазмұнды пікір алмасты. 🔹Дөңгелек үстел барысында Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, өнертану кандидаты Светлана Жұмасұлтанқызы Кобжанова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық өнер сыншылары қауымдастығының (AICA) Қазақстан ұлттық секциясының президенті Күлжазира Жұмаділқызы Мұқажанова, музейдің бөлім жетекшілері мен ғылыми қызметкерлері өз ой-пікірлерін білдіріп, суретшінің шығармашылығына ғылыми-танымдық тұрғыдан баға берді. 🎨Кездесудің ең әсерлі сәттерінің бірі – мерейтой иесі Серікбай Мұбаракұлының өз шығармашылық жолы туралы естеліктерімен бөлісуі болды. Суретші балалық шағынан бастау алған өнерге деген қызығушылығы, ұстаздары, шығармашылық ізденістері, туындыларының дүниеге келу тарихы мен «Суретшінің толғауы» көрмесінің атауына арқау болған ой-толғамдары туралы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар, шәкірттері мен әріптестерінің жүрекжарды лебіздері айтылып, суретшіге құрмет көрсетілді. 🔹Еркін пікір алмасу форматында өткен кездесу суретшінің шығармашылық әлеміне тереңірек үңілуге, оның ұлттық бейнелеу өнеріне қосқан үлесін жаңа қырынан пайымдауға және өнердегі сабақтастық пен ұстаздық дәстүрдің маңызын айқындауға мүмкіндік берді. 👏Музей ұжымы дөңгелек үстелге қатысып, мазмұнды ой-пікірлерімен бөліскен барлық қонақтарға шынайы алғысын білдіреді. ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің шілде айындағы көрмелер тізімі:

🔹«Саусақ ұшымен тану» тактильді көрме мен арт-кеңістік
29.05-31.08.2026

🔹Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты жеке көрмесі
02.07-26.07.2026

🔹«Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрме
03.07-26.07.2026

🔹"Хангыль: Ұлы Жібек жолында гүлдеген гүл» 
14.07-02.08.2026

🔹Арухан «Жад бедері»
24.07-23.08.2026

⚜️Список выставок Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева на июль:

🔸Тактильная выставка и арт-пространство «Познавая кончиками пальцев»
29.05–31.08.2026

🔸Персональная выставка Серикбая Альжана «Размышления художника»
02.07–26.07.2026

🔸Групповая выставка «Действие семейного альбома»
03.07–26.07.2026

🔸Выставка «Хангыль: цветы, расцветающие на Великом Шёлковом пути»
14.07–02.08.2026

🔸Выставка Арухан (Гаухар Бисенгалиева) «Материя памяти»
24.07–23.08.2026 ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің шілде айындағы көрмелер тізімі: 🔹«Саусақ ұшымен тану» тактильді көрме мен арт-кеңістік 29.05-31.08.2026 🔹Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты жеке көрмесі 02.07-26.07.2026 🔹«Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрме 03.07-26.07.2026 🔹"Хангыль: Ұлы Жібек жолында гүлдеген гүл» 14.07-02.08.2026 🔹Арухан «Жад бедері» 24.07-23.08.2026 ⚜️Список выставок Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева на июль: 🔸Тактильная выставка и арт-пространство «Познавая кончиками пальцев» 29.05–31.08.2026 🔸Персональная выставка Серикбая Альжана «Размышления художника» 02.07–26.07.2026 🔸Групповая выставка «Действие семейного альбома» 03.07–26.07.2026 🔸Выставка «Хангыль: цветы, расцветающие на Великом Шёлковом пути» 14.07–02.08.2026 🔸Выставка Арухан (Гаухар Бисенгалиева) «Материя памяти» 24.07–23.08.2026 ⚜️«Жад бедері / Matter of Memory» көрмесінің жария бағдарламасы

🔸Көрме аясында музей қонақтарын мазмұнды жария бағдарлама күтеді:

▫️зерттеуші Зира Наурызбайдың дәрісі;
▪️суретші Аруханның (Гаухар Бисенғалиева) қатысуымен өтетін авторлық экскурсиялар;
▫️Сауле Амантайқызы Сатаевамен «Аудиовизуалды архив мұрасы және оны қалай сақтауға болады» тақырыбындағы ашық кездесу. Іс-шара архивтерді сақтау және мәдени жады мәселелеріне арналады.

✨Сіздерді көрме мен жария бағдарлама аясындағы іс-шараларда күтеміз!

⚜️Публичная программа в рамках выставки «Материя памяти / Matter of Memory»

🔸В рамках выставки гостей музея ждет насыщенная публичная программа:

▫️лекция исследовательницы Зиры Наурызбай;
▪️авторские экскурсии по выставке с художницей Арухан (Гаухар Бисенгалиевой);
▫️открытая беседа «Аудиовизуальное архивное наследие и как его сохранить» с Сауле Амантаевной Сатаевой, посвященная вопросам сохранения архивов и культурной памяти.

✨Будем рады видеть вас на выставке и мероприятиях публичной программы! ⚜️«Жад бедері / Matter of Memory» көрмесінің жария бағдарламасы 🔸Көрме аясында музей қонақтарын мазмұнды жария бағдарлама күтеді: ▫️зерттеуші Зира Наурызбайдың дәрісі; ▪️суретші Аруханның (Гаухар Бисенғалиева) қатысуымен өтетін авторлық экскурсиялар; ▫️Сауле Амантайқызы Сатаевамен «Аудиовизуалды архив мұрасы және оны қалай сақтауға болады» тақырыбындағы ашық кездесу. Іс-шара архивтерді сақтау және мәдени жады мәселелеріне арналады. ✨Сіздерді көрме мен жария бағдарлама аясындағы іс-шараларда күтеміз! ⚜️Публичная программа в рамках выставки «Материя памяти / Matter of Memory» 🔸В рамках выставки гостей музея ждет насыщенная публичная программа: ▫️лекция исследовательницы Зиры Наурызбай; ▪️авторские экскурсии по выставке с художницей Арухан (Гаухар Бисенгалиевой); ▫️открытая беседа «Аудиовизуальное архивное наследие и как его сохранить» с Сауле Амантаевной Сатаевой, посвященная вопросам сохранения архивов и культурной памяти. ✨Будем рады видеть вас на выставке и мероприятиях публичной программы! ⚜️«Музей тынысы» айдарының кезекті шығарылымы қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі, қылқалам шебері Серікбай Әлжанның шығармашылығына арналады.

🔸Серікбай Әлжанның туындылары қазақ бейнелеу өнеріндегі өзіндік қолтаңбасымен, терең мазмұны және көркемдік шешімдерімен ерекшеленеді. Суретшінің шығармашылығын бірнеше бағытқа бөліп қарастыруға болады. Оның әрбір еңбегінде ұлттық болмыс, тарихи жады, ата-баба мұрасы, дәстүр сабақтастығы мен табиғаттың тылсым үйлесімі шебер тоғысқан. Композициялық құрылым, бояулар үндестігі және образдық шешім арқылы автор көрерменді терең ойға жетелеп, халқымыздың рухани құндылықтарын заманауи көркем тілмен бейнелейді.

 📌Көрме 2026 жылдың 26 шілдесіне дейін жалғасады. ⚜️«Музей тынысы» айдарының кезекті шығарылымы қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі, қылқалам шебері Серікбай Әлжанның шығармашылығына арналады. 🔸Серікбай Әлжанның туындылары қазақ бейнелеу өнеріндегі өзіндік қолтаңбасымен, терең мазмұны және көркемдік шешімдерімен ерекшеленеді. Суретшінің шығармашылығын бірнеше бағытқа бөліп қарастыруға болады. Оның әрбір еңбегінде ұлттық болмыс, тарихи жады, ата-баба мұрасы, дәстүр сабақтастығы мен табиғаттың тылсым үйлесімі шебер тоғысқан. Композициялық құрылым, бояулар үндестігі және образдық шешім арқылы автор көрерменді терең ойға жетелеп, халқымыздың рухани құндылықтарын заманауи көркем тілмен бейнелейді. 📌Көрме 2026 жылдың 26 шілдесіне дейін жалғасады.
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ