2025 жылдың 24 сәуір күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында (Желтоқсан, 137) Ботагөз Нұрпейісованың Рерих Келісімінің 90 жылдығына арналған «Мәдениет құдіреті» атты жеке көрмесі ашылады.
Нұрпейісова Ботагөз Слямғалиқызы (1959-2022) – КСРО Суретшілер одағының мүшесі (1988 ж.), Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, педагог, бірқатар халықаралық және республикалық көрмелердің, оның ішінде жеке көрмелердің қатысушысы, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері.