Оқиғалар

«Street Layers» атты заманауи өнерге арналған топтық көрменің ашылуы өтеді.

2025 жылдың 12 маусым күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде «Street Layers» атты заманауи өнерге арналған топтық көрменің ашылуы өтеді.

 

Көрме қала тіршілігін, визуалды ырғақ пен кеңістікті өзінше қабылдау тақырыбын әр қырынан қайта пайымдайтын бес суретшіні біріктіреді. Экспозицияда кескіндеме, фотосурет, акрил және гобелен секілді қазіргі заманғы және дәстүрлі бейнелеу тәсілдері ұсынылады.

Көрменің негізгі назар аударарлық тұсы – Лондонда жұмыс істейтін суретші Омар Даньял Бюйюктосунның фотожобасы. Ол ақ -қара пленка мен үздіксіз экспозиция техникасы арқылы қаланың визуалды ырғақтарын зерттейді. «Street Layers» сериясында суретші қала көрінісінің фрагменттерін үсті-үстіне үйлестіре отырып, сәулет, уақыт пен жадының біртұтас визуалды ағында қалай  тоғысатынын көрсетеді.

Катя Школьниктың «Уақыт туралы Манифест» атты иммерсивті мультимедиялық инсталляциясы ұсынылады.

2025 жылдың 12 маусымынан Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде Катя Школьниктың «Уақыт туралы Манифест» атты иммерсивті мультимедиялық инсталляциясы ұсынылады.

Пресс-тур 11 маусым 15:00-де өтеді.

Бұл жаңашыл көрме дәстүрлі өнер түрлерінің шегінен шығып, келушілерге уақыт, адам назарын және өсіп келе жатқан виртуалды кеңістік арасындағы дамып келе жатқан қатынастар туралы ойлануға мүмкіндік береді, сонымен қатар тартымды және мультисенсорлы тәжірибе ұсынады.

«Бұл иммерсивті мультимедиялық инсталляция Уақыт ұғымын, қазіргі әлемдегі ең құнды ресурс ретінде, түсінуге бағытталған. Автор видео-перформанс және 3D art арқылы бүгінгі өмірдің ұстанымдары мен құндылықтарын түсіндіруге тырысады. Қазіргі заманғы адамды бізге қарапайым көрінетін мәселелерге назар аударуға шақырады, бүгінгі күнді қалай өткізуіміз керек деген көзқарастарды қайта ойластыруға талпынады», – деп атап өтті Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінің директоры Жұмабекова Гулаим Мұсағұловна.

«Су жолы: мұз, өзендер және шөлдер тарихы» атты Халықаралық фотокөрмесі ашылады.

2025 жылғы 5 маусымынан Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Су жолы: мұз, өзендер және шөлдер тарихы» атты Халықаралық фотокөрмесі ашылады.

Көрмеге әлемнің әр түкпірінен 22 фотографтың су ресурстарының біртіндеп жойылуы тақырыбына арналған фотосуреттері ұсынылған. «Бұл көрменің мақсаты – қазіргі заман өкілдерінің назарын осы маңызды мәселеге аудару. Мұздықтардың, қар мен мұздың климаттық жүйедегі өмірлік маңызы туралы түсініктерді арттыру, сондай-ақ олардың жылдам еруінің болашақтағы салдарлары туралы түсінік беру», - деп атап өтті Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің директоры Гүлайым Мұсағұлқызы Жұмабекова.

«Жанасу» атты ерекше көрменің ашылуы өтеді. Көрмені Пастелистер қоғамы ұйымдастырды.

2025 жылдың 3 маусымында сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында (Жетоқсан 137) «Жанасу» атты ерекше көрменің ашылуы өтеді. Көрмені Пастелистер қоғамы ұйымдастырды.

«Жанасу» көрмесі — бұл Пленер Пастел қоғамы ұйымдастырған республикалық көрме. Көрмеге қатысушылар пастелді нағыз құштарлықпен меңгерген, өздерінің шығармашылығында бұл материалды пайдалана отырып, өзіндік даралығын, әлемді қабылдауын білдіретін суретшілер.

Балалар сән әлеміндегі көптен күткен оқиға — республикалық Junior Models Show жобасының 11 маусымы өтеді.

2025 жылғы 1 маусымда 13:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде балалар сән әлеміндегі көптен күткен оқиға — республикалық Junior Models Show жобасының 11 маусымы өтеді. 2019 жылы негізі қаланған бұл жоба жылдар бойы балалар сәнін дамыту мен жас модельдердің талантын ашуға арналған маңызды платформаға айналды.

Junior Models Show: 11-маусым — сән, шабыт және мейірімділік.

Junior Models Show жылына екі рет өткізіліп, Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Петропавл, Семей және т.б. алты және одан да көп қалалардан 100-ден астам қатысушыны біріктіреді. Осындай кең географиялық қамтудың арқасында жоба республикалық мәртебеге ие.

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
⚜️2026 жылғы 28 маусым күні сағат 11:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» атты жеке көрмесі аясында дөңгелек үстел өтеді.

🔹Іс-шара барысында өнертанушылар, суретшілер, мәдениет саласының мамандары мен зиялы қауым өкілдері суретшінің шығармашылық жолын, көркемдік ізденістері мен қазіргі қазақ бейнелеу өнеріндегі орнын талқылайды. Сонымен қатар көрменің негізгі бөлігін құрайтын тарихи тұлғалар портреттерінің көркемдік ерекшеліктері, олардың образдық шешімі мен мазмұндық мәні сөз болып, суретшінің ұлттық тарих пен елдік құндылықтарды көркем бейнелеудегі шығармашылық ұстанымы мен өнердегі орны жан-жақты қарастырылады.

📍Өтетін орны: Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі
Күні: 28 маусым 2026 жыл
Уақыты: 11:00

⚜️28 июня 2026 года в 11:00 в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева состоится круглый стол, организованный в рамках персональной выставки художника, члена Союза художников Казахстана Омархана Кумара «ҰЛЫ РУХ».

🔹В ходе мероприятия искусствоведы, художники, специалисты в сфере культуры и представители интеллигенции обсудят творческий путь автора, его художественные поиски и вклад в развитие современного казахстанского изобразительного искусства. Особое внимание будет уделено художественным особенностям портретов исторических личностей, составляющих основную часть экспозиции, их образному решению и смысловому содержанию.
Также речь пойдёт о творческом подходе художника к осмыслению национальной истории и общенациональных ценностей средствами изобразительного искусства, а также о его месте и роли в современном художественном процессе.

📍Место проведения: Национальный музей искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева
Дата: 28 июня 2026 года
Время: 11:00 ⚜️2026 жылғы 28 маусым күні сағат 11:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» атты жеке көрмесі аясында дөңгелек үстел өтеді. 🔹Іс-шара барысында өнертанушылар, суретшілер, мәдениет саласының мамандары мен зиялы қауым өкілдері суретшінің шығармашылық жолын, көркемдік ізденістері мен қазіргі қазақ бейнелеу өнеріндегі орнын талқылайды. Сонымен қатар көрменің негізгі бөлігін құрайтын тарихи тұлғалар портреттерінің көркемдік ерекшеліктері, олардың образдық шешімі мен мазмұндық мәні сөз болып, суретшінің ұлттық тарих пен елдік құндылықтарды көркем бейнелеудегі шығармашылық ұстанымы мен өнердегі орны жан-жақты қарастырылады. 📍Өтетін орны: Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі Күні: 28 маусым 2026 жыл Уақыты: 11:00 ⚜️28 июня 2026 года в 11:00 в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева состоится круглый стол, организованный в рамках персональной выставки художника, члена Союза художников Казахстана Омархана Кумара «ҰЛЫ РУХ». 🔹В ходе мероприятия искусствоведы, художники, специалисты в сфере культуры и представители интеллигенции обсудят творческий путь автора, его художественные поиски и вклад в развитие современного казахстанского изобразительного искусства. Особое внимание будет уделено художественным особенностям портретов исторических личностей, составляющих основную часть экспозиции, их образному решению и смысловому содержанию. Также речь пойдёт о творческом подходе художника к осмыслению национальной истории и общенациональных ценностей средствами изобразительного искусства, а также о его месте и роли в современном художественном процессе. 📍Место проведения: Национальный музей искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева Дата: 28 июня 2026 года Время: 11:00 ⚜️2026 жылдың 28 маусымы күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен «Негізін қалаушылар музейі» халықаралық көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

🔹Көрмеге 80-нен астам туынды ұсынылған. Олардың қатарында АҚШ Тәуелсіздік декларациясына қол қойған қайраткерлердің портреттері мен Америка мемлекетінің қалыптасуына негіз болған тарихи оқиғаларға қатысты материалдар бар. Әрбір туындыға биографиялық карточкада орналастырылған QR-код арқылы қолжетімді интерактивті бейнематериал қоса берілген. Көрменің интерактивті мүмкіндіктері келушілерге тарихи оқиғалар мен тұлғаларды жаңа қырынан танып, өткен дәуірдің тынысын тереңірек сезінуге мүмкіндік береді. Көрменің ашылу салтанатында Аризона штаты Ұлттық гвардиясы оркестрі өнер көрсетіп, аспаптық музыкадан арнайы бағдарлама ұсынады.

🔹Жоба екі маңызды мерейтой аясында – Америка Құрама Штаттары тәуелсіздігінің 250 жылдығы және Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Бұл оқиғалар Америка мемлекетінің бай тарихи мұрасын ғана емес, сонымен қатар екі ел арасындағы мәдениет, білім, ғылым және қоғамдық дипломатия салаларындағы сындарлы ынтымақтастықтың көпжылдық дамуын да көрсетеді.

🔹Көрме қазақстандық көрермендерді әлем тарихындағы маңызды кезеңдердің бірімен таныстырып қана қоймай, музейлердің қоғамдық диалогты дамытудағы, тарихи сананы қалыптастырудағы және мәдени байланыстарды нығайтудағы рөлін айқындай түседі. АҚШ-тың құрылу тарихы арқылы жоба азаматтық жауапкершілік, мемлекет құру ісі, еркіндік, адам құқықтары және тарихи үдерістегі жеке тұлғаның орны сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарды назарға ұсынады.

📍Көрме 2026 жылдың 9 шілдесіне дейін жалғасады.
Жұмыс уақыты: 10:00–18:00. Демалыс күндері: дүйсенбі және әр айдың соңғы күні.
Кураторлар: Айдарова М.С., Нұрпеис Д.К. – Шетел өнері бөлімінің кіші ғылыми қызметкерлері. ⚜️2026 жылдың 28 маусымы күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен «Негізін қалаушылар музейі» халықаралық көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. 🔹Көрмеге 80-нен астам туынды ұсынылған. Олардың қатарында АҚШ Тәуелсіздік декларациясына қол қойған қайраткерлердің портреттері мен Америка мемлекетінің қалыптасуына негіз болған тарихи оқиғаларға қатысты материалдар бар. Әрбір туындыға биографиялық карточкада орналастырылған QR-код арқылы қолжетімді интерактивті бейнематериал қоса берілген. Көрменің интерактивті мүмкіндіктері келушілерге тарихи оқиғалар мен тұлғаларды жаңа қырынан танып, өткен дәуірдің тынысын тереңірек сезінуге мүмкіндік береді. Көрменің ашылу салтанатында Аризона штаты Ұлттық гвардиясы оркестрі өнер көрсетіп, аспаптық музыкадан арнайы бағдарлама ұсынады. 🔹Жоба екі маңызды мерейтой аясында – Америка Құрама Штаттары тәуелсіздігінің 250 жылдығы және Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Бұл оқиғалар Америка мемлекетінің бай тарихи мұрасын ғана емес, сонымен қатар екі ел арасындағы мәдениет, білім, ғылым және қоғамдық дипломатия салаларындағы сындарлы ынтымақтастықтың көпжылдық дамуын да көрсетеді. 🔹Көрме қазақстандық көрермендерді әлем тарихындағы маңызды кезеңдердің бірімен таныстырып қана қоймай, музейлердің қоғамдық диалогты дамытудағы, тарихи сананы қалыптастырудағы және мәдени байланыстарды нығайтудағы рөлін айқындай түседі. АҚШ-тың құрылу тарихы арқылы жоба азаматтық жауапкершілік, мемлекет құру ісі, еркіндік, адам құқықтары және тарихи үдерістегі жеке тұлғаның орны сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарды назарға ұсынады. 📍Көрме 2026 жылдың 9 шілдесіне дейін жалғасады. Жұмыс уақыты: 10:00–18:00. Демалыс күндері: дүйсенбі және әр айдың соңғы күні. Кураторлар: Айдарова М.С., Нұрпеис Д.К. – Шетел өнері бөлімінің кіші ғылыми қызметкерлері. ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің маусым айындағы көрмелер тізімі:

🔹Талантты кескіндемеші, Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» атты жеке көрмесі
11.06.2026

🔹Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Алексей Федорович Уткиннің «Қаладағы серуен» атты жеке көрмесі
 12.05-03.07.2026

🔹Суретші Виктор Баландиннің «Таулар шақырады» атты жеке көрмесі
16.06-25.06.2026

🔹«Жанасу II – Соприкосновение II» республикалық көрмесі
03.06-25.06.2026

🔹«АРТ-Лаборатория» бейнелеу студиясының «БОЯУДАҒЫ БАЛАЛАР ҮНІ» атты көрмесі
29.05-30.06.2026

🔹«Саусақ ұшымен тану» тактильді көрме мен арт-кеңістік
29.05-31.08.2026

⚜️Список выставок Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева на июнь:

🔸Персональная выставка талантливого живописца, члена Союза художников Республики Казахстан Омархана Кумара «Великий дух»
11.06.2026

🔸Персональная выставка заслуженного деятеля искусств Республики Казахстан, Почётного гражданина города Алматы Алексея Фёдоровича Уткина «Прогулка по городу»
12.05–03.07.2026

🔸Персональная выставка художника Виктора Баландина «Горы зовут»
16.06–25.06.2026

🔸Республиканская выставка «Жанасу II – Соприкосновение II»
03.06–25.06.2026

🔸Выставка «ГОЛОС ДЕТЕЙ В КРАСКАХ» изостудии «АРТ-Лаборатория»
29.05–30.06.2026

🔸Тактильная выставка и арт-пространство «Познавая кончиками пальцев»
29.05–31.08.2026 ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің маусым айындағы көрмелер тізімі: 🔹Талантты кескіндемеші, Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» атты жеке көрмесі 11.06.2026 🔹Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Алексей Федорович Уткиннің «Қаладағы серуен» атты жеке көрмесі 12.05-03.07.2026 🔹Суретші Виктор Баландиннің «Таулар шақырады» атты жеке көрмесі 16.06-25.06.2026 🔹«Жанасу II – Соприкосновение II» республикалық көрмесі 03.06-25.06.2026 🔹«АРТ-Лаборатория» бейнелеу студиясының «БОЯУДАҒЫ БАЛАЛАР ҮНІ» атты көрмесі 29.05-30.06.2026 🔹«Саусақ ұшымен тану» тактильді көрме мен арт-кеңістік 29.05-31.08.2026 ⚜️Список выставок Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева на июнь: 🔸Персональная выставка талантливого живописца, члена Союза художников Республики Казахстан Омархана Кумара «Великий дух» 11.06.2026 🔸Персональная выставка заслуженного деятеля искусств Республики Казахстан, Почётного гражданина города Алматы Алексея Фёдоровича Уткина «Прогулка по городу» 12.05–03.07.2026 🔸Персональная выставка художника Виктора Баландина «Горы зовут» 16.06–25.06.2026 🔸Республиканская выставка «Жанасу II – Соприкосновение II» 03.06–25.06.2026 🔸Выставка «ГОЛОС ДЕТЕЙ В КРАСКАХ» изостудии «АРТ-Лаборатория» 29.05–30.06.2026 🔸Тактильная выставка и арт-пространство «Познавая кончиками пальцев» 29.05–31.08.2026 ⚜️2026 жылдың 2 шілде күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қылқалам шебері, суретші-ұстаз Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

🔹Көрме суретшінің көпжылдық шығармашылық жолын қорытындылайтын, ұлттық рух пен көркемдік ойды тоғыстырған тағылымды көркемдік кеңістік. Экспозицияға автордың табиғаттың әсем болмысын бейнелейтін пейзаждары, тарихи мазмұндағы композициялар, ұлттық тақырыптағы кескіндемелік және графикалық туындылары қойылады. Әрбір шығармада суретшінің ішкі жан дүниесі, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен қазақ дүниетанымына тән терең философиялық мән айқын сезіледі.

🔸Қазақ бейнелеу өнерінде өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленетін суретші Серікбай Әлжанның шығармашылығын бірнеше бағытқа бөліп қарастыруға болады. Оның туындыларында ұлттық болмыс, тарихи жады, дәстүр сабақтастығы мен табиғат үйлесімі көркем бейнеленген. Суретші әсіресе, композициялық шешімге, бояу үндестігіне, образдық мазмұнға ерекше мән береді.

🔺«Сурет — менің өмірім» деп бағалайтын суретші бар ғұмырын өнер мен ұстаздыққа арнады. Елу жыл бойы шәкірт тәрбиелеп, қазақ бейнелеу өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Бүгінде суретшінің туындылары Қазақстандағы және шетелдердегі музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы. Солардың қатарында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі қоры да бар.

📍Көрме 2026 жылдың 26 шілдесіне дейін жалғасады.

Көрме жетекшілері – Алимхожина Ақбота, Әли Ғалия ⚜️2026 жылдың 2 шілде күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қылқалам шебері, суретші-ұстаз Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық жеке көрмесінің ашылуы өтеді. 🔹Көрме суретшінің көпжылдық шығармашылық жолын қорытындылайтын, ұлттық рух пен көркемдік ойды тоғыстырған тағылымды көркемдік кеңістік. Экспозицияға автордың табиғаттың әсем болмысын бейнелейтін пейзаждары, тарихи мазмұндағы композициялар, ұлттық тақырыптағы кескіндемелік және графикалық туындылары қойылады. Әрбір шығармада суретшінің ішкі жан дүниесі, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен қазақ дүниетанымына тән терең философиялық мән айқын сезіледі. 🔸Қазақ бейнелеу өнерінде өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленетін суретші Серікбай Әлжанның шығармашылығын бірнеше бағытқа бөліп қарастыруға болады. Оның туындыларында ұлттық болмыс, тарихи жады, дәстүр сабақтастығы мен табиғат үйлесімі көркем бейнеленген. Суретші әсіресе, композициялық шешімге, бояу үндестігіне, образдық мазмұнға ерекше мән береді. 🔺«Сурет — менің өмірім» деп бағалайтын суретші бар ғұмырын өнер мен ұстаздыққа арнады. Елу жыл бойы шәкірт тәрбиелеп, қазақ бейнелеу өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Бүгінде суретшінің туындылары Қазақстандағы және шетелдердегі музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы. Солардың қатарында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі қоры да бар. 📍Көрме 2026 жылдың 26 шілдесіне дейін жалғасады. Көрме жетекшілері – Алимхожина Ақбота, Әли Ғалия ⚜️Құрметті Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің келушілері!

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 25 мамырдағы №242-НҚ бұйрығымен бекітілген «Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалар прейскуранты қолданысқа енгізілетінін хабарлаймыз.

🔹Бағалар прейскурантына өзгерістер мен толықтырулар енгізу келушілердің қажеттіліктерін және музей қызметінің дамуын ескере отырып көрсетілетін қызметтер тізбесін кеңейтуге, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, баға қалыптастыру тетіктерін жетілдіруге және музей қызметтерінің әртүрлі санаттағы келушілер үшін қолжетімділігін арттыруға байланысты жүзеге асырылды.

🔺Кіру билеттері бойынша негізгі өзгерістер:
• Ересектер үшін – 1 билет 2 000 теңге
• Студенттер мен зейнеткерлер үшін (растаушы құжаттарды көрсеткен жағдайда) – 1 000 теңге
• Мектеп жасындағы балалар үшін (растаушы құжаттарды көрсеткен жағдайда) – 500 теңге
• Шетелдік ересек азаматтар үшін кіру билеті – 5 000 теңге
• Шетелдік балалар үшін кіру билеті – 2 500 теңге
• Корпоративтік клиенттер үшін (кемінде 10 адамнан тұратын топ) – 1 билет 1 800 теңге
• Ашық күні бар сыйлық сертификаты (ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін бір рет пайдалануға болады) – 1 билет 4 000 теңге

🔺Шетелдік көрмелерге кіру билеттері:
• Ересектер үшін – 1 билет 3 000 теңге
• Мектеп жасындағы балалар, студенттер және зейнеткерлер үшін (растаушы құжаттарды көрсеткен жағдайда) – 1 000 теңге

▫️Сонымен қатар келушілерге арналған әртүрлі қызметтер кешенін қамтитын Platinum, Gold және Silver жылдық абонементтері енгізілді.

Бағалар прейскуранты туралы толық ақпаратты музейдің ресми сайтынан көре аласыздар:
Сілтеме: https://www.gmirk.kz/kk/ ⚜️Құрметті Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің келушілері! Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 25 мамырдағы №242-НҚ бұйрығымен бекітілген «Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалар прейскуранты қолданысқа енгізілетінін хабарлаймыз. 🔹Бағалар прейскурантына өзгерістер мен толықтырулар енгізу келушілердің қажеттіліктерін және музей қызметінің дамуын ескере отырып көрсетілетін қызметтер тізбесін кеңейтуге, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, баға қалыптастыру тетіктерін жетілдіруге және музей қызметтерінің әртүрлі санаттағы келушілер үшін қолжетімділігін арттыруға байланысты жүзеге асырылды. 🔺Кіру билеттері бойынша негізгі өзгерістер: • Ересектер үшін – 1 билет 2 000 теңге • Студенттер мен зейнеткерлер үшін (растаушы құжаттарды көрсеткен жағдайда) – 1 000 теңге • Мектеп жасындағы балалар үшін (растаушы құжаттарды көрсеткен жағдайда) – 500 теңге • Шетелдік ересек азаматтар үшін кіру билеті – 5 000 теңге • Шетелдік балалар үшін кіру билеті – 2 500 теңге • Корпоративтік клиенттер үшін (кемінде 10 адамнан тұратын топ) – 1 билет 1 800 теңге • Ашық күні бар сыйлық сертификаты (ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін бір рет пайдалануға болады) – 1 билет 4 000 теңге 🔺Шетелдік көрмелерге кіру билеттері: • Ересектер үшін – 1 билет 3 000 теңге • Мектеп жасындағы балалар, студенттер және зейнеткерлер үшін (растаушы құжаттарды көрсеткен жағдайда) – 1 000 теңге ▫️Сонымен қатар келушілерге арналған әртүрлі қызметтер кешенін қамтитын Platinum, Gold және Silver жылдық абонементтері енгізілді. Бағалар прейскуранты туралы толық ақпаратты музейдің ресми сайтынан көре аласыздар: Сілтеме: https://www.gmirk.kz/kk/ ⚜️2026 жылдың 3 шілдесі күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрменің ашылуы өтеді.
 
▫️Көрмеге әр буын өкілдері саналатын суретшілердің туындылары топтастырылған. Олардың қатарында Бақтияр Тәбиев (1940-1999), Игілік Құлбаев (1946-2022), Ғани Баянов (1949), Азат Тәбиев (1974), Әсел Тілеулен (1986), Абдурахман Тұрғын (1991) және Нұрболат Асқар (1993) бар. Көркемдік тілі мен авторлық қолтаңбалары әрқилы болғанымен, бұл суретшілердің шығармашылығын тоғыстыратын ортақ тақырыптар мен қастерлі ұғымдар бар. Олар – үй, отбасы, балалық шақ және күнделікті өмір кеңістігі.

▫️Жобаның негізгі арқауы – ұрпақтар сабақтастығы. Көрменің өзегінде адам және оның ең жақын әлемі жатыр. Бір көрме кеңістігінде әр буын өкілдерінің шығармалары тоғысып, өмірлік тәжірибенің, рухани құндылықтар мен дүниетанымның аға ұрпақтан кейінгі буындарға қалай жалғасатынын аңғартады.

▫️Көрменің атауы әр адамның жүрегіне жылы сезім ұялататын отбасылық альбом ұғымымен үндеседі. Альбомдағы әрбір фотосурет өткен күндердің ізін сақтап қана қоймай, жылдар өткен сайын жадының қойнауындағы естеліктерді жаңғыртып, көңіл түкпірінде сақталған сезімдерді қайта оятады. Оның парақтарын ақтару – уақыт пердесін түріп, өз өмір жолыңмен қайта жүздескендей әсер сыйлайтын ерекше сәт. Ол адамның жүрек түкпірінде сақталған естеліктерді оятады, таныстық сезімін, сағыныш пен өз өткеніне деген қызығушылықты қайта тірілтеді. Көрмеде ұсынылған шығармалар да дәл осындай әсерге бөлеп, көрерменді жеке естеліктері мен өмірлік тәжірибесіне қайта үңілуге шақырады.

▫️Көрме үйді жай ғана баспана ретінде емес, адамның рухани болмысын қалыптастыратын мәдени әрі эмоциялық кеңістік ретінде пайымдайды. Балалық шақ бейнелері, отбасылық қарым-қатынастар мен күнделікті тұрмыстың тынысы арқылы әр адамға ортақ сезімдер өріледі. Осы тұрғыдан алғанда, отбасылық альбом жеке тағдыр мен ұжымдық жадыны тоғыстыратын көркем метафораға айналады.
 
📌Жобаның ұйымдастырушысы – QazArtConsult
Көрме кураторы – Рамина Дембаева ⚜️2026 жылдың 3 шілдесі күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрменің ашылуы өтеді. ▫️Көрмеге әр буын өкілдері саналатын суретшілердің туындылары топтастырылған. Олардың қатарында Бақтияр Тәбиев (1940-1999), Игілік Құлбаев (1946-2022), Ғани Баянов (1949), Азат Тәбиев (1974), Әсел Тілеулен (1986), Абдурахман Тұрғын (1991) және Нұрболат Асқар (1993) бар. Көркемдік тілі мен авторлық қолтаңбалары әрқилы болғанымен, бұл суретшілердің шығармашылығын тоғыстыратын ортақ тақырыптар мен қастерлі ұғымдар бар. Олар – үй, отбасы, балалық шақ және күнделікті өмір кеңістігі. ▫️Жобаның негізгі арқауы – ұрпақтар сабақтастығы. Көрменің өзегінде адам және оның ең жақын әлемі жатыр. Бір көрме кеңістігінде әр буын өкілдерінің шығармалары тоғысып, өмірлік тәжірибенің, рухани құндылықтар мен дүниетанымның аға ұрпақтан кейінгі буындарға қалай жалғасатынын аңғартады. ▫️Көрменің атауы әр адамның жүрегіне жылы сезім ұялататын отбасылық альбом ұғымымен үндеседі. Альбомдағы әрбір фотосурет өткен күндердің ізін сақтап қана қоймай, жылдар өткен сайын жадының қойнауындағы естеліктерді жаңғыртып, көңіл түкпірінде сақталған сезімдерді қайта оятады. Оның парақтарын ақтару – уақыт пердесін түріп, өз өмір жолыңмен қайта жүздескендей әсер сыйлайтын ерекше сәт. Ол адамның жүрек түкпірінде сақталған естеліктерді оятады, таныстық сезімін, сағыныш пен өз өткеніне деген қызығушылықты қайта тірілтеді. Көрмеде ұсынылған шығармалар да дәл осындай әсерге бөлеп, көрерменді жеке естеліктері мен өмірлік тәжірибесіне қайта үңілуге шақырады. ▫️Көрме үйді жай ғана баспана ретінде емес, адамның рухани болмысын қалыптастыратын мәдени әрі эмоциялық кеңістік ретінде пайымдайды. Балалық шақ бейнелері, отбасылық қарым-қатынастар мен күнделікті тұрмыстың тынысы арқылы әр адамға ортақ сезімдер өріледі. Осы тұрғыдан алғанда, отбасылық альбом жеке тағдыр мен ұжымдық жадыны тоғыстыратын көркем метафораға айналады. 📌Жобаның ұйымдастырушысы – QazArtConsult Көрме кураторы – Рамина Дембаева
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ