КӨРУ УАҚЫТЫ: ЗАҒИП БАЛАЛАР ЕЛІМІЗДІҢ ЖӘНЕ БҮКІЛ ӘЛЕМНІҢ ӨНЕРІ МЕН ТАРИХЫМЕН ТАНЫСА АЛАДЫ
2021 жылдың 1 маусым күні сағат 11:00-де «Дара» қайырымдылық қоры Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейімен бірлесіп және «Gala Global Group» ЖШС-мен ынтымақтастықта музейдегі 50-ден астам өнер экспонаттарының аудиодискрипциясын ұсынады. Мақсаты - көзі көрмейтін және нашар көретін балаларға арнайы ауызша сипаттама (аудиодискрипция) арқылы өнер туындыларын естуіне көмектесу.