Оқиғалар

Суретші Руслан Юсуповтың (1950-2021) туғанына 75 жыл толуына арналған «Жер тынысы» атты мерейтойлық жеке көрмесі ашылады.

2025 жылдың 4 сәуір күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде суретші Руслан Юсуповтың (1950-2021) туғанына 75 жыл толуына арналған «Жер тынысы» атты мерейтойлық жеке көрмесі ашылады.

Белгілі қазақстандық суретші Руслан Юсуповтың (1950-2021) «Жер тынысы» көрмесі шығармашылығының ретроспективасы болып табылады. Ол шебердің туғанына 75 жыл толуына арналған және елу жылдан астам белсенді көркемдік қызметте жасалған 70-тен астам туындыны қамтиды.  Бұл Руслан Юсуповтың Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейіндегі үшінші жеке көрмесі. Суретшінің өнері Батыс пен Шығыс өнерінің классикалық дәстүрлері мен жаңашыл жетістіктерін үйлестірді. Оның шығармалары бейнелеу мәдениетінің жоғарылығымен, тақырыптық мазмұнының алуандығымен, бейнелі тілдің символдық шарттылығымен, өзін қоршаған өмір көріністерін философиялық тұрғыдан түсінуге ұмтылуымен ерекшеленеді.

ҚР МӨМ Орталық көрме залында Алматы технологиялық университетінің «Дизайн» кафедрасы оқытушыларының «Мәңгілік сәт» атты көрмесі ашылады.

2025-жылдың 14 наурыз күні сағат 17:30-да Әбілхан Қастеев атындағы ҚР МӨМ Орталық көрме залында Алматы технологиялық университетінің «Дизайн» кафедрасы оқытушыларының «Мәңгілік сәт» атты көрмесі ашылады.

Көрмені он кәсіби суретші біріктірді, олар Алматы технологиялық университетінің «Дизайн» кафедрасының оқытушылары: Алданаева Айсұлу, Бектиярова Джамиля, Торемуратова Ғалия, Алияскарова Айгүл, Джураева Гүлшат, Кенесбек Жадыра, Абилкаламова Камиля, Алданаева Томирис, Ердинбекова Алия, Айткулова Балнур.  Экспозицияда олар 40-тан астам кескіндеме, графика және сәндік-қолданбалы өнер туындыларын ұсынды.

Көрнекті суретші Орал Таңсықбаевтың бірегей ретроспективті көрмесін ұсынады.

Орал Таңсықбаевтың шығармашылық ретроспективасы

2025-жылдың 19 наурызы мен 1 маусым аралығында Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі көрнекті суретші Орал Таңсықбаевтың бірегей ретроспективті көрмесін ұсынады.

«Бұл көрме Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайту жолындағы тағы бір қадам болмақ. Көрме музейдің 90 жылдық мерейтойымен қатар, оған Ұлттық мәртебе берілген жылы ашылып отыр, бұл еліміздің мәдени өміріндегі ерекше оқиға», - деп атап өтті Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің директоры Жұмабекова Гүлайым Мұсағұлқызы.

Қырғызстанның кескіндемеші-суретшілері мен мүсіншілерінің «Айкөл – Талас - Қырғызстан» ұжымдық көрмесінің ашылуы өтеді.

2025-жылғы 14-наурыз күні сағат 16:00 де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қырғызстанның кескіндемеші-суретшілері мен мүсіншілерінің «Айкөл – Талас - Қырғызстан» ұжымдық көрмесінің ашылуы өтеді.

 

 «Айкөл-Талас-Қырғызстан» атты бір топ кәсіби кескіндемеші - суретшілер мен мүсіншілер қырғыз мәдениетін, табиғаты мен халық дәстүрлерін көркемдік тұрғыдан суреттейтін көрмені ұсынады. 2019-жылы ұлы жазушы Шыңғыс Айтматовтың 80 жылдығына арналған халықаралық пленэр кезінде құрылған топ үлкен халықаралық тәжірибесі бар авторларды, Қырғызстанның халық және еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлерін және сурет өнерін, шығармашылықты сүйетін жас ұрпақты біріктіреді.

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің 90 жылдығына орай Қазақстанның қазіргі заманғы өнерінің «Естелік. Кеңістік. Даму» атты көрмесі ашылады.

     2025 жылдың 27 ақпан күні 16:00 Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің 90 жылдығына орай Қазақстанның қазіргі заманғы өнерінің «Естелік. Кеңістік. Даму» атты көрмесі ашылады.

           

         Көрмеге Бақыт Бәпішев, Смайыл Баялиев, Арыстанбек Шалбаев, Саид Атабеков, Сергей Маслов, Рашид Нұрекеев, Молдақұл Нарымбетов, Алмагүл Меңлібаева, Виктор және Елена Воробьевтар, Шәміл Гулиев және басқа да жетекші суретшілердің жұмыстары қойылған. Көрмеде сонымен қатар, Рашид Нұрекеевтің «Жол бойы жаңбыр жоқ» (2022) және «Түлкі мен вагонның ессіз махаббаты» (2021) инсталляциялары, сонымен қатар Қазақстанның заманауи өнер үрдісінде шығармашылығында елеулі орын алатын Алмагүл Меңлібаева, Арыстанбек Шалбаев және Смайыл Баялиевтің бейне-арт жұмыстары қойылған.