27 мамырда сағат 15:00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Қазақстан суретшісі сөйлейді. 2021-2012» кітабының таныстырылымы өтеді.
Дөңгелек үстел аясында Қазақстанның қазіргі экономикалық кеңістігіндегі дизайн түрлерінің бірі – графикалық дизайн саласын талқылау және проблемаларға талдау жасау жоспарлануда.
2022 жылдың мамыр айының 20-22 аралығында Әбілхан Қастеев атындағы ҚР МӨМ Орталық көрме залында «Жібек жолы» атты Үлкен Орта-Азиялық қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтеді.
2022 жылы 19 мамыр күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы МӨМ-ның Орталық Көрме залында 20 жылдық тарихы бар «Синяя черепаха» бейнелеу және сәндік қолданбалы өнер студиясының мерейтойына арналған «Әдемі әлем - әдемі көздермен» атты көрмесінің ашылу рәсімі өтеді.
2022 жылғы мамырдың 18-і күні Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі жыл сайынғы музей қызметкерлерінің қатысуымен өтетін «Көктем нұры» атты көрмесін ұсынады. Көрме 18 мамыр – Халықаралық музей күніне арналады.