Оқиғалар

Қала күніне орайластырылған, «Мың бояулы Алматы» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

2023 жылы 17 қыркүйекте сағат 19.00-де  Әбілхан Қастеев  атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде қала күніне орайластырылған, «Мың бояулы Алматы» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Көрме  музейдің сақтау  қорындағы 40-тан аса кескіндемелік туындылар негізінде дайындалған. Алматы қаласының әсемдігін, тыныс-тіршілігін, уақыт ағымын, тарихи өткен кезеңдерін өміріндегі түбірлі өзгерістерді көз алдымызға қазақ бейнелеу өнерінің шеберлері сөзсіз баяндайды.

«МЕН ЖҮРЕГІММЕН КӨРЕМІН» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

2023 жылдың 12 қыркүйегінде Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «МЕН ЖҮРЕГІММЕН КӨРЕМІН» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Қала күніне арналған «ALMA» альбомының көрмесі мен тұсаукесері ұсынылады.

2023 жылғы 16 қыркүйекте сағат 19.00-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі мен Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi ұлттық комиссиясының қолдауымен «Cultural Dilaogue» қоғамдық қоры қала күніне арналған «ALMA» альбомының көрмесі мен тұсаукесерін ұсынады.

Мерекелік іс-шаралар 13 қыркүйектен бастап 17 қыркүйекті қоса алғанда, бес күнге созылады.

Алматы қаласы күні мерекесі аясында Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің іс-шаралар жоспары

Мерекелік іс-шаралар 13 қыркүйектен бастап 17 қыркүйекті қоса алғанда, бес күнге созылады.

Музейдің жұмыс тәртібі күнделікті сағат 14.00-ден 21.00-ге дейін.

Қазақстандық-өзбек суретшісі Гули Громованың «Бұл ессіз де әдемі әлем» атты жеке көрмесін ұсынады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі қазақстандық-өзбек суретшісі Гули Громованың «Бұл ессіз де әдемі әлем» атты жеке көрмесін ұсынады. Экспозицияда суретшінің үш тақырыптық серияға біріктірілген 25 жаңа суреті ұсынылады.

Вернисаж 7 қыркүйек сағат 16.00-де, баспасөз-туры сағат 15.00-де өтеді.