Оқиғалар

ҚР Суретшілер одағының халық суретшілері Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына, Үкі Әжиевтің 100 жылдығына, Нағымбек Нұрмұхаммедовтың 100 жылдығына, Гүлфайруз Исмаилованың 95 жылдығына арналған «ҰЛАҒАТТЫ ҰРПАҚ» атты Республикалық есептік көрмесі ашылады.

2024 жылдың 29 қараша күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде ҚР Суретшілер одағының халық суретшілері Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына, Үкі Әжиевтің 100 жылдығына, Нағымбек Нұрмұхаммедовтың 100 жылдығына, Гүлфайруз Исмаилованың 95 жылдығына арналған  «ҰЛАҒАТТЫ ҰРПАҚ» атты

Республикалық есептік көрмесі ашылады.

 

Көрмеде 200-ден астам кескіндеме, графика, мүсін, қолөнер саласы бойынша қазақстандық суретшілердің шығармашылық туындылары ұсынылады. Республикалық көрмеге Алматы, Алматы облысы, Астана, Павлодар, Көкшетау, Петропавл, Ақтөбе, Атырау, Орал, Қызылорда, Тараз, Түркістан, Шымкент өңірінен 150-ге жуық суретшілер қатысып отыр.

Cуретші ҮКІ ӘЖИЕВТІҢ туғанына 100 жыл толуына арналған «ЖАН ЖАРЫҒЫ» мерейтойлық көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Экспозицияда Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің қорынан, жеке коллекциялардан және суретшінің отбасы жинағынан 70-тен астам кескіндеме және акварель туындылары ұсынылады.

2024 жылдың 6 желтоқсан күні сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде суретші ҮКІ ӘЖИЕВТІҢ туғанына 100 жыл толуына арналған «ЖАН ЖАРЫҒЫ» мерейтойлық көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Экспозицияда Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің қорынан, жеке коллекциялардан және суретшінің отбасы жинағынан 70-тен астам кескіндеме және акварель туындылары ұсынылады.

2024 жылы көрнекті қазақстандық суретші, Қазақстан акварелінің шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ш. Уәлиханов атындағы мәдениет және бейнелеу өнері саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, ҚР Тұңғыш Президенті стипендиясының лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, Ұлы Отан соғысының ардагері, Ленинград блокадасының қатысушысы Әжиев Үкі Әжиұлының туғанына 100 жыл толды.

Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнерді сүйетіндер үшін «Асыл тастар» клубының «Әлем өнер арқылы» атты көрмесінің ашылуы өтеді.

      2024 жылғы 19 қараша күні сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнерді сүйетіндер үшін «Асыл тастар» клубының  «Әлем өнер арқылы» атты көрмесінің ашылуы өтеді.

«Сұлулықты көру қабілетін сақтаған адам қартаймайды...»

Франц Кафка

 

«Асыл тастар» неден басталды, бұл, 1971 жылы Алматы облысысында совхоз кәсіподағы суретшілер бірлестігін құрып, осындай атауды берді. Кейін, «Асыл тастар» бірлестігі 400-ден астам суретшіні біріктірген КСРО-дағы ең ірі шығармашылық ұжымдардың бірі болып шықты. «Асыл тастар» Бүкілодақтық, Республикалық, Халықаралық көрмелердің, фестивальдердің қатысушысы болды және оның көптеген мүшелері осынау көрмелердің лауреаттары болды. 1974 жылдың жазында «Асыл тастар» делегациясы КСРО халықтары өнерінің үлкен мерекесіне қатысып, КСРО ХШЖК алтын дипломымен марапатталды.

Айжан Бекқұлованың «КАӨ» атты жеке көрмесі аясында шығармашылық кездесуі өтеді.

2024 жылғы 14 қараша күні сағат 14.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Айжан Бекқұлованың «КАӨ» атты  жеке көрмесі аясында шығармашылық кездесуі өтеді.

Айжан Бекқұлова – қазіргі қазақ қолданбалы-бейнелеу өнеріндегі жарқын әрі елеулі тұлға. Оның шығармалары тек көрнекі көрінісімен ғана емес, сонымен бірге терең философиялық контекстімен де назар аудартады. Айжан Бекқұлованың шығармалары көбінесе көп мағыналылығымен, көрерменді өнермен диалогқа шақыратын көрнекі метафораларды құруымен сипатталады. Оның туындылары өмірдің әртүрлі аспектілері туралы, жеке тәжірибелерден бастап жаһандық тақырыптарға дейін ойлауға шақырады.

ӘСЕМ ӘЛЕМ өнер академиясы «Өнерді қабылдаудан қабылдау өнеріне» эстетикалық-білім беру бағдарламасының курсына тыңдаушыларды шақырады.

ӘСЕМ ӘЛЕМ өнер академиясы «Өнерді қабылдаудан қабылдау өнеріне» эстетикалық-білім беру бағдарламасының курсына тыңдаушыларды шақырады.

 

Еліміздің жетекші өнертанушылары қызығушылық танытқан тыңдаушыларды өнерді қабылдау арқылы айналадағы әлемді қабылдауға жол ашады.

«Өнерді қабылдаудан қабылдау өнеріне» бағдарламасы – бұл бейнелеу өнерінің негізгі ұғымдарын, санаттарын, түрлері мен жанрларын, көркемдік тәсілдер мен әдістерді баяндау негізінде құрылған бейнелеу өнерінің теориясы мен тарихының қызықты курсы. Бағдарламаның негізгі курсы 20 дәрістен тұрады. Әр дәріс 1 сағат жүргізіледі. Оның мақсаты – тыңдаушылардың жадында көрнекіліктер арқылы материалды бекіту ғана емес, сонымен қатар тыңдаушылардың тәуелсіз эстетикалық ойлау қабілетін дамыту.