Оқиғалар

Нысанбаев Марланның 65 жылдығына арналған «ӨНЕРГЕ ТОЛЫ ӨМІР» атты мерейтойлық көрмесі

2022 жылдың 12 наурызында сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық Көрме Залында ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақ Өнерінің қайраткері, Амбассадор-Еуразиялық гильдия бейнелеу өнері сараптамалық кеңесінің төрағасы, Аркади Безруков атындағы және Айтматов оқулығы атындағы сыйлықтың лаураты, белгілі график-суретші Нысанбаев Марланның 65 жылдығына арналған «ӨНЕРГЕ ТОЛЫ ӨМІР» атты мерейтойлық көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Фотосуретші Никита Басовтың «Профессия - …» атты жеке көрмесі

2022 жылдың 3 наурызында сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде фотосуретші Никита Басовтың «Профессия - …» атты жеке көрмесі ашылады.  

Ахмет Ахаттың «Танылған дүниеден тысқары. Белгілі туралы беймәлім» атты жеке көрмесі

2022 жылдың 4 наурызында, 16.00-де Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстанның белгілі суретшісі, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Көркемсурет академиясының академигі Ахмет Ахаттың «Танылған дүниеден тысқары. Белгілі туралы беймәлім» атты жеке көрмесінің ашылуы болады.

Алмас Нұрғожаевтың «Өткел» атты сурет көрмесі

Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі Алмас Нұрғожаевтың «Өткел» атты сурет көрмесін ұсынады. Экспозицияда мазмұны жағынан мағыналас жаңа жеті триптих бар. Көрме Игілік Құлбаевты еске алуға арналған.

Вернисаж 22 ақпан күні сағат 16.00, ал пресс-тур 15.00-де басталады.

Сулеткер-суретші Молжігіт Берік Ұзақбайұлының «Ұшқан ұя» жеке шығармашылық көрмесі

2021 жылдың 21желтоқсан күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде  белгілі сәулеткер-суретші  Молжігіт Берік Ұзақбайұлының «Ұшқан ұя» атты жеке шығармашылық көрмесінің ашылуы салтанаты өтеді. Экспозицияда суретшінің 80-нен астам кескіндемелік, графикалық туындыларымен қатар, сәулет өнеріндегі нысандар жобалары бейнеленген  бірнеше планшеттер ұсынылады.