2025 жылдың 21 қаңтары сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінде Алекс Сорбонның «Жарық жауынгері. Жетістікке жету жолы» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Экспозицияға VII ғасырда император ТЕНДЗЁ сарайында Жапон шеберлерінен басталған АРАРЭ және МАКИ-Э техникасында орындалған 30-ға жуық панно қойылады.
Алекс Сорбонн — суретші, дизайнер және мүсінші, Арарэ мен Маки-Э жапондық зергерлік әшекейлеу техникасының шебері ретінде танымал. Оның туындылары әлемнің сегіз еліндегі жеке коллекциялардың ажырамас бөлігіне айналды. Жұмыстары голливуд актері Марк Дакаскос, Rammstein және The Prodigy музыкалық топтарының коллекцияларында бар.