2023 жылдың 24 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде сағат 15.00-де «Қазақстан- Қытай балалары арасындағы достық» атты халықаралық көрменің салтанатты жабылуы аясында, «Andres шоқжұлдыздары» шығармашылық шеберханасы Уильям Шекспирдің пьесаларының үзінділерінен тұратын "Қайталанбас ойындар" спектаклін ұсынады.
2023 жылғы 22 тамызда сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі Қытай Демократиялық лигасының орталық комитеті, «Chine Post Group» корпорациясы, Жібек жолы хатшысы ұйымдастыру комитеті, Қытайдың Алматы қаласындағы Бас консулдығы және Қазақстанның Сиандағы Бас консулдығының қолдауымен «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының 10 жылдығына орай «Қазақстан- Қытай балалары арасындағы достық» атты халықаралық көрменің ашылуы өтеді.
2023 жылғы 23 тамызда сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Жұлдыздар, тек арманшылдарға ғана жарқырайды» атты Халықаралық көрмесінің ашылуы өтеді.
2023 жылы 15 тамызда сағат 11.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде белгілі фотосуретші Олег Беляловтың «Мәңгілікке жанасу» атты еске алу көрмесі ашылады.
Дәстүрлі археологтар күніне орай археологиялық олжаны фотосурет арқылы «тірілте» білген фотографтың көрмесі ашылады.
Олег Белялов әрбір заттың мән-мағынасын көріп, оның «жанын» жеткізе алатын ерекше қабілетке ие еді, көне дәуірден жеткен заттарды тарихпен етене келген жанды композицияға айналдыра алушы еді. Бұған оның тек тарихты ғана емес, өсімдіктер мен жануарлар әлемін де терең білуі көмекке келді. Археология әлемі Олегті тарихи-мәдени мұра нысандары мен археологиялық экспедициялар кезінде табылған олжалардың тамаша фотосуреттер қорын құра білген саналы маман ретінде мәңгі жадында сақтайды.
Көрме Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институты мұрағатында Олег Беляловтың қорын құруға орай ұйымдастырылған.
Көрменің ашылуында Олег Беляловты еске алуға арналған кинорежиссер Бақыт Қайырбековтың «Солнечный ветер» деректі фильмі көрсетіледі.
Экспозиция тамыз айының 29-на дейін жалғасады.
Көрме жетекшісі – Акжаркын Кумарбаева
Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде 2023 жылдың 3 тамыз күні «Қытай-Қазақстан жасөспірімдерінің арасындағы достық» атты халықаралық байқаудың 1-іріктеу кезеңі бойынша комиссия отырысы өтті.
Байқауға келген 8-13 және 14-18 жас аралығындағы балалардың жұмыстарын музей директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, көрме және сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары, ғалым хатшы, баспасөз хатшысы, ғылыми бөлімдердің жетекшілері, өнертану ғылымдарының кандидаттары, магистрлардың құрмамымен бекітілген комиссия мүшесі іріктеу жұмыстарын жүргізді. Байқаудың 1-кезеңі бойынша Алматы, Астана, Көкшетау, Шымкент, Орал қалаларынан 79 жұмыс келіп түсті, соның ішінен 2-кезең музейде өтетін көрмеге 40 қатысушының 43 жұмысы іріктеліп алынды. Көрмеге Қазақстан тарапынан 40 жұмыс және Қытай тарапынан 40 жұмыс қойылады, екі тараптан арнайы құрылған комиссия мүшелері көрмеге ұсынылған жұмыстардан үздікін таңдайтын болады. Көрме 2023 жылдың 22-24 тамыз күндері өтеді. Байқаудың 1-кезеңіне қатысқан барша балалар, ата-аналары мен жетекшілеріне музей әкімшілігі алғыс білдіреді.
2-кезеңге өткен қатысушылардың тізімі қосымша берілді.
Қосымша ақпарат: байқаудың кураторы Ақмарал Алтайқызы - 87753409967
Список участников международного конкурса
«Дружба между детьми Китая и Казахстана»,
прошедших 1 этап отборочного тура
- Мылтықбай Ажар 13 лет
- Бектасова Айганым Диас-Есимжановна 13 лет
- Серкебаева Айзере Хайдаровна 8 лет
- Умурзак Айым Алибеккызы, 12 лет
- Усен Айым 16 лет
- Нұржан Алем Эрикұлы 10 лет
- Кабылбекова Алема 14 лет
- Сарбасова Алима 15 лет
- Бирмагамбетова Алина 18 лет
- Матбаева Алуа 15 лет
- Тульбааева Амина 14 лет
- Кажикумарова Анелия 12 лет
- Юденич Анна 12 лет
- Таласбаева Ариана 10 лет
- Зарубина Арина 13 лет
- Айткалиев Арлан, 11 лет
- Мылтықбай Арна 10 лет
- Гайнедин Аружан 12 лет
- Фасхутдинова Аэлита 10 лет
- Отарбаев Бауыржан, 16 лет
- Пелых Богдана, 13 лет
- Сабирова Бэлла 10 лет
- Збродова Вероника 11 лет
- Юркова Вероника14 лет
- Цой Виктория 12 лет
- Дауренкызы Дания 8 лет
- Бабак Дарья 12 лет
- Ким Дарья Сергеевна 15 лет
- Амангелді Әліма 15 лет
- Сабирова Линара 8 лет
- Бадалова Луиза 13 лет
- Нағышбай Малика (14 жас)
- Мұхатбек Мөлдір Ануарқызы 15 жас
- Климентьева Надежда 15 лет
- Курепко Наталья 12 жас
- Алиева Пери 13 лет
- Сыдыкова Рамина 11 лет
- Мукажан Сафина 8 лет
- Артамонова Таисия 14 лет
- Куватова Эля 12 лет
Instagram соңғы жаңалықтары
Instagram
В Национальном музее искусств РК имени Абылхана Кастеева открылась юбилейная ретроспективная выставка «ГОРОД И ВРЕМЯ ПАВЛА ШОРОХОВА», посвящённая 80-летию одного из самых известных современных казахстанских скульпторов, сообщает телеканал «МИР24»
Экспозиция объединяет все этапы творческого пути художника от студенческих работ 1970-х годов до последних произведений, созданных в преддверии юбилея.
Имя Павла Шорохова хорошо знакомо каждому, кто хотя бы раз бывал на улицах Алматы, Астаны и других городов Казахстана. Его произведения давно стали частью городской среды и культурной памяти нескольких поколений казахстанцев. Скульптуры мастера украшают площади, парки, пешеходные улицы и общественные пространства, органично соединяя искусство, архитектуру и повседневную урбанистическую среду.
📌Выставка продлится до 30 августа 2026 года.
⚜️2026 жылдың 12 тамыз күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Армения палитрасы: Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі қорынан» көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.
▫️Көрме Қазақстан Республикасындағы Армения Республикасының Елшілігінің және Алматы қаласындағы Армения Республикасының Құрметті консулдығының қолдауымен ұйымдастырылды.
▪️Көрме келушілерді музей қорындағы ХХ ғасырдағы танымал армян суретшілерінің туындыларымен таныстырады. Экспозицияға Арменияның бай көркемдік дәстүрлерімен таныстыратын кескіндеме, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер туындылары қойылған.
📍 Көрме 2026 жылғы 12 тамыз - 2 қыркүйек аралығында жұмыс істейді.
⚜️12 августа в 16:00 в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева состоится открытие выставки «Палитра Армении: из собрания Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева».
▫️Выставка организована при поддержке Посольства Республики Армения в Республике Казахстан и Почётного консульства Республики Армения в Алматы.
▪️Выставка познакомит посетителей с произведениями известных армянских художников XX века из музейной коллекции. В экспозиции представлены живопись, скульптура и произведения декоративно-прикладного искусства, отражающие богатство художественных традиций Армении.
📍 Выставка будет работать с 12 августа по 2 сентября 2026 года.
⚜️2026 жылдың 4 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде заманауи қазақстандық мүсін өнерінің көрнекті өкілі мүсінші Павел Шороховтың 80 жылдық мерейтойына арналған «ПАВЕЛ ШОРОХОВТЫҢ ҚАЛАСЫ МЕН ДӘУІРІ» атты мерейтойлық ретроспективалық көрмесінің ашылуы өтті.
🔹Экспозиция суретшінің 1970-жылдардағы студенттік туындыларынан бастап, мерейтой қарсаңындағы соңғы еңбектеріне дейінгі әр кезеңді бір арнаға тоғыстырады.
🔸Павел Шороховтың есімі Қазақстан қалаларының көркем келбетімен тығыз байланысты, Алматы, Астана мен еліміздің қалаларындағы монументалды туындылары бүгінде бірнеше ұрпақтың мәдени жадында сақталып әрі қалалық ортаның құрамдас бөлігіне айналып үлгерді. Шебер қолынан шыққан мүсіндер қаланың алаң-саябақтарына, жаяу жүргіншілеркөшелері мен қоғамдық кеңістіктерге көрік беріп, сәулет пен өмірдің табиғи бояуын үйлестіре бейнелеп, қаланың көркемдік болмысын аша түседі.
🔺🔺Көрменің жобалық ерекшелігі – ұрпақтар арасындағы шығармашылық диалог. Павел Шороховтың мүсіндік туындыларымен қатар экспозицияға оның ұлы, кескіндемеші Дмитрий Шороховтың шығармалары да енгізілген. Әке мен баланың бір көрмеде тоғысуы көркемдік дәстүрдің жалғастығын айшықтап, мүсін мен кескіндемені, пластика мен жарықты, қала мен адамды ортақ мәдени жадының тұтас кеңістігінде тоғыстырады.
📌Көрме 30 тамызға дейін жалғастырады. Көрме жобасының кураторы – Оксана Танская.
⚜️Кураторский тур по выставке «Город и время Павла и Дмитрия Шороховых»
🔹Как рождалась идея выставки? Какие произведения можно увидеть сегодня на улицах Алматы и Астаны? Какие истории скрываются за архивными фотографиями, эскизами и рабочими моделями?
▫️ «Кураторский тур. Истории, которые не поместились в экспозицию» проведёт куратор выставки Оксана Танская @guideinalmaty
Эта экскурсия - возможность увидеть экспозицию глазами искусствоведа, который создавал её концепцию, работал с архивами, встречался с художниками и собирал воедино историю одной из самых известных творческих семей Казахстана.
Во время встречи мы поговорим не только о произведениях Павла и Дмитрия Шороховых, но и о том, как создаётся современная музейная выставка, почему многие городские скульптуры становятся частью нашей памяти и что остаётся за пределами музейной экспозиции.
📍 Национальный музей искусств РК имени Абылхана Кастеева
🗓 8 августа
🕒 15:00
🗓 15 августа
🕒 15:00
Количество мест ограничено. Экскурсия на русском языке. Запись: +7(727)3945715
⚜️ Бүгін, 1 тамыз күні Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» көрмесі аясында авторлық экскурсия өтті.
Көрме қонақтары суретшімен тікелей жүздесіп, туындылардың дүниеге келу тарихымен, олардың идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерімен танысты. Экскурсия барысында автор өз шығармашылығының негізгі тақырыптары мен жад, естелік және жеке тәжірибенің өнердегі көрінісі туралы ой бөлісті.
📍 Көрме 24 тамызға дейін жалғасады.
⚜️ Сегодня, 1 августа, в рамках выставки Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» состоялась авторская экскурсия.
Посетители выставки встретились с художницей лично и познакомились с историей создания произведений, их идейным содержанием и художественными особенностями. В ходе экскурсии автор рассказала об основных темах своего творчества, а также поделилась размышлениями о том, как память, воспоминания и личный опыт находят отражение в искусстве.
📍 Выставка продлится до 24 августа.
⚜️2026 жылдың 1 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде ұлттық бейнелеу өнерінің көрнекті шебері, Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романовтың (1926-2002) туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуы мен іс-шара аясында шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтті.
🔹Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева Сахи Романовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуына орай құттықтау хатын жолдады. Құттықтау хатында Сахи Романовтың қазақ бейнелеу өнерінде ұлттық кескіндеме мен графиканың дамуына зор үлес қосқан дара суретші екенін атап өтті. Сонымен қатар көрменің суретшінің бай шығармашылық мұрасын жаңаша зерделеп, кейінгі ұрпаққа насихаттаудағы маңызына тоқталып, көрменің табысты өтуіне тілектестік білдірді. Құттықтау хатын музей директоры Жұмабекова Гүлайым Мұсағұлқызы оқып берді.
🔸Халық суретшісі Сахи Романовтың мерейтойлық көрмесі оның кең көлемді көркем мұрасының тек аз ғана бөлігін ғана ұсынады. Бұл келушілерге шығармашылық өсу-өрісінің ауқымын бақылауға және дүниетанымы мен сезімдерін толық жеткізуге тырысқанда қолданған тақырыптары мен стилистикалық тәсілдерінің әлеуетін зерттеуге мүмкіндік береді.
🔺Сахи Романовтың бейнелер әлемі өзінің эпикалық кеңдігімен, көркемдік шеберлігімен, сезім шынайылығымен, ой тереңдігімен және жарқын түстер үйлесімімен көрермендерді баурап келеді әрі Ұлы Дала елінің мәңгілік симфониясын құрайды.






