Оқиғалар

Шымкент қаласы суретшілерінің «Түрлі-түсті жаңбыр» топтық көрмесін ұсынады.

2024 жылдың 8 қараша күні сағат 16.00де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Шымкент қаласы суретшілерінің «Түрлі-түсті жаңбыр» топтық көрмесін ұсынады.

Аталған көрмеде осы өңірден шыққан Қазақстанға танымал, белсенді суретшілер Насыр Рүстемов, Араншы Шаржанов, Сұлтан Иляев, Абдуахат Мұратбай, Мұхтар Бекеновтың 50-ден астам туындылары қойылған. Олар постмодернизм үрдісі арқылы өз туындыларына өнердің қайнар көзі болатын қазақтың дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнерін жақындата түсті. Мәдени менталитетті нығайту үшін кейбір шығармалардың мәтіндеріне мифологиялық үзінділер беріп, ұлттық идея, дәстүр мен заманауи көзқарастарды біріктірген.

Cуретші Раис Баширидің «Бізді қоршаған ғалам» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

2024 жылғы 7 қараша күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде суретші Раис Баширидің «Бізді қоршаған ғалам» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Суретші Раис Баширидің «Бізді қоршаған ғалам» көрмесі санқырлы әлемге есік ашады, оның туындылары өнердегі абстрактілі бағыт призмасы арқылы ғаламның философиясы мен ғарыш құпиясын зерттейді. Раис Башири 1951 жылдың көктемінде Орынбор облысында дүниеге келген. Біраз уақыт Беларусияда тұрып, жұмыс істеді, онда суретші Бидер Вольфпен танысып, ол оның ұстазы болды және автордың көркемдік жолын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. 1990-шы жылдары суретші Алматыға көшіп, өзінің шығармашылық жолын жалғастырған.

Сіздерді «Қазақстандағы кескіндеменің классикадан авангардқа дейінгі эволюциясы» дәрісіне шақырамыз.

Құрметті достар!
 
Сіздерді «Қазақстандағы кескіндеменің классикадан авангардқа дейінгі эволюциясы» дәрісіне шақырамыз.
Дәріс Қазақстандағы кескіндеме тарихын елдегі мәдени, әлеуметтік және тарихи өзгерістерді көрсететін қызықты саяхат ретінде көрсетеді.
10 қараша, жексенбі күні сағат 14:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттiк өнер музейінің конференц залында (1 қабатта) бас қосамыз.
Баяндамашы: Екатерина Резникова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, өнертану ғылымының кандидаты, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттiк өнер музейінің ғылыми хатшысы.

Мәлік Қайдаровтың «Менің жанымның бояулары» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Экспозицияда әр жылдардағы 30-дан астам көркем және графикалық шығармалар ұсынылады.

2024 жылдың 5 қарашасында 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Мәлік Қайдаровтың «Менің жанымның бояулары» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Экспозицияда әр жылдардағы 30-дан астам көркем және графикалық шығармалар ұсынылады.

 

Мәлік Қайдаров - кескіндемеші, жанрлық туындылар суретшісі, қайталанбас көркемдік әлемін қамтитын аяқталған композицияларды жасай білетін портретші шебер. Экспозицияда шебердің көпфигуралы кескіндеме туындыларын жасауға ойластырылған көзқарасын айғақтайтын әр жылдардағы туындылар мен нобайлар ұсынылған. Шебер түрлі әдістерді -  қарындаштың жұмсақтығы, тушь сызықтарының жылдамдығы, пастельдің түс қанықтығын көрсете отырып, ашық әрекет арқылы лезде іс-қимылмен сәтті бекітуге қол жеткізеді.

Cуретші ТЕМЕРЛАН НҰРТАЗИНДІ (1974-2022) еске алуға арналған көрме өтеді.

2024 жылғы 29 қазан күні сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында суретші ТЕМЕРЛАН НҰРТАЗИНДІ  (1974-2022) еске алуға арналған көрме өтеді.

Экспозицияда суретшінің 40 шығармасы ұсынылған. Бұл көрмені суретшінің анасы Сания Шайхина және ағасы мен туған ұлы ұйымдастырды. Олардың мақсаты суретшіні есте қалдырып,  оның өмір жолын елдің есінде мейлінше ұзақ  сақтау.  Себебі, Темерлан өз іс-әрекетімен анасы мен туыстарының өмірге деген құштарлығын оята білді. Жалпы, адам баласы ол туралы естелік бар кезде мәңгі тірі болмақ!