Орал Таңсықбаевтың шығармашылық ретроспективасы
2025-жылдың 19 наурызы мен 1 маусым аралығында Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі көрнекті суретші Орал Таңсықбаевтың бірегей ретроспективті көрмесін ұсынады.
«Бұл көрме Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайту жолындағы тағы бір қадам болмақ. Көрме музейдің 90 жылдық мерейтойымен қатар, оған Ұлттық мәртебе берілген жылы ашылып отыр, бұл еліміздің мәдени өміріндегі ерекше оқиға», - деп атап өтті Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің директоры Жұмабекова Гүлайым Мұсағұлқызы.