Events

«Жады»

15 сәуір күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде бір шаңырақтан түлеп ұшқан шығармашылық әулет өкілдері: Мұхамеджан Зейнелхан, Гүлжай Құсман және Ботакөз Зейнелханның туындыларынан құралған

«Жады» атты көрменің ашылуы өтеді

Сан мен сана өнер кеңістігінде

2026 жылғы 10 сәуір күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «BAIKONUR+07   Сан мен сана өнер кеңістігінде» атты көрменің салтанатты ашылуы өтеді.

«Aquarelle. Күміс шырақ ұстаған жолаушы»

2026 жылдың 02 сәуірінде сағат 11:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде суретші Ғани Баяновтың «Aquarelle. Күміс шырақ ұстаған жолаушы» атты жеке көрмесінің дөңгелек үстелі өтеді. Аталмыш жобада Қазақстанның танымал өнертанушылары мен суретшілері арасында автордың шығармашылығы аясында талқылау жасалынады.

Ұйымдастырушы, көрме жетекшісі – С. Мырзабекова

 

ТАҢБАЛЫ. БАБАЛАР КОДЫ

2026 жылдың 2 сәуірі, сағат 15:00 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Алматы қаласындағы Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Таңбалы» мемлекеттік тарихи - мәдени және табиғи музей-қорығының ұйымдастырумен «Таңбалы: Бабалар коды» атты халықаралық көрмесі өтеді.

ОРМАННЫҢ АР ЖАҒЫНДА

2026 жылдың 3-ші сәуір күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде Қытай кескіндемеші Лу Линьнің «Орманның ар жағында. Құрлық пен теңіздегі саяхаттар» атты көшпелі халықаралық жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Экспозицияда майлы бояу техникасында орындалған қытай кескіндемесінің 17 туындысы ұсынылады.

Official Instagram Page