«Әбілхан Қастеев атындағы
ҚР мемлекеттік өнер музейі» РМҚК директоры бұйрығымен бекітілген
03 қараша 2021 жыл №34-н
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
1. Жалпы ережелері
1. «Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі» РМҚК (бұдан әрі – Кәсіпорын) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы саясаты (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат) Кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын барынша азайту және (немесе) жоюдың басқарушылық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының көрсетілген ережелері ықтимал сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмауға, Кәсіпорында сыбайлас жемқорлықты қатаң қабылдамау атмосферасын қалыптастыруға бағытталған.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді жүйесін құруға бағытталған қызмет.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – кәсіпорынның лауазымды адамдарының өз өкілеттіктері шегіндегі қызметі:
1) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың себептерін анықтау және кейіннен жою (сыбайлас жемқорлықтың алдын алу) бойынша;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу, жолын кесу және ашу (сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес).
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың ережелері Кәсіпорынның барлық қызметкерлеріне бірдей қатысты.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың мақсаты мен міндеттері
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлықтан бас тартатын және лауазымдық міндеттерін орындау кезінде адалдық пен сатылмаушылық қағидаттарын қамтамасыз ететін кәсіпорын қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың міндеттері:
1) сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды жою;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу;
3) Кәсіпорын қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, сондай-ақ кәсіпорын қызметін реттейтін ішкі нормативтік құжаттарды қатаң сақтауға тәрбиелеу.
3. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары
7. Кәсіпорында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу келесі негізгі шараларды қолдану арқылы жүзеге асырылады:
1) Кәсіпорын қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлық мінез-құлқына төзбеушілікті мынадай жолдармен қалыптастыру:
– қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ҚР заңнамалық және өзге де актілерінің нормаларын түсіндіру;
– Кәсіпорында және басқа да мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың ұйымдарында анықталған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы Кәсіпорын қызметкерлерінің назарына жеткізу;
– Кәсіпорын қызметкерлерімен түсіндіру әңгімелерін өткізу.
2) Кәсіпорынның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне, оның ішінде бос лауазымға орналасуға кандидаттарға біліктілік талаптарын қою;
3) лауазымды тұлғаның өзінің қызметтік міндеттерін ұзақ, мінсіз және тиімді орындағанына сәйкес оны жоғары тұрған лауазымға тағайындау немесе оны көтермелеу кезінде міндетті түрде ескерілуге тиіс ережелерді кадрлық жұмыс практикасына енгізу;
4) Кәсіпорын қызметкерлерін, сондай-ақ үшінші тұлғаларды алаяқтық, асыра пайдалану және басқа да заңға қайшы әрекеттерді жасауға қатысты белгілі фактілер немесе күдіктер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кез келген әдістермен хабарлау құқығымен қамтамасыз ету.
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары
8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары:
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында Кәсіпорынның бірыңғай саясатын жүргізу;
– мемлекеттік органдармен, сыртқы ұйымдармен, сондай-ақ азаматтармен және азаматтық қоғам институттарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Кәсіпорынның өзара іс-қимыл тетігін құру.
– Кәсіпорын қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға неғұрлым белсенді қатысуға тартуға, олардың санасында сыбайлас жемқорлық мінез-құлқына теріс қатынас қалыптастыруға бағытталған әкімшілік және өзге де шараларды қабылдау.
– қызмет көрсету кезінде адалдықты, ашықтықты, адал бәсекелестікті және объективтілікті қамтамасыз ету.
9. Кәсіпорынның өзге қызметкерінің, сондай-ақ үшінші тұлғаның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға итермелеу фактілері туындаған жағдайда және/немесе Кәсіпорын қызметкерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға итермелеуге қатысты белгілі фактілер немесе күдіктер туралы ақпаратты білетін Кәсіпорын қызметкерлері Кәсіпорын басшылығына дереу хабарлауы тиіс.
10. Мұндай іс-әрекеттер жасау туралы өтініштер, қажет болған жағдайда, жауапкершілікке тартуды және уәкілетті мемлекеттік органдарды хабардар етуді қоса алғанда, тергеп-тексерілетін және өзінің қисынды аяқталуына дейін жеткізілетін болады.
5. Мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу тәртібі
11. Кәсіпорын қызметкерлерінің міндеттері:
1) мүдделер қақтығысын туындататын кез-келген мүмкіндікке жол бермеу бойынша шаралар қабылдау;
2) туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы өзіне белгілі болған сәтте өзінің тікелей басшысына хабарлау.
3) мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу бойынша өзге де шараларды қабылдау.
12. Мүдделер қақтығысын болдырмау немесе реттеу мүдделер қақтығысының тарапы болып табылатын Кәсіпорын қызметкерінің лауазымдық немесе қызметтік жағдайын өзгертуден, тіпті оны белгіленген тәртіппен қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуден тұруы мүмкін.
6. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік
13. Кәсіпорын қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапты болады.