Әдіскер

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Қазақ, Орыс тілдерін жетік меңгерген, өз ісіне жауапты маман

Өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім

Жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

Лауазымдық міндеттері:

Ұйымның негізгі пәні мен қызметінің негізінде жобалық қызмет әдістерін әзірлейді;

Болашақ бағдарламаның, электрондық ресурстың техникалық тапсырмамен айқындалатын мүмкіндіктеріне сүйене отырып, көлемді таңдау, мақсат қою, тақырыпты, идеяларды тұжырымдау және жоба сценарийін әзірлеу;

Жасалатын жобаның қысқаша аннотациясын жасау, өнімнің соңғы формасын, оның мақсатын анықтау.

Таңдалған мазмұнды егжей-тегжейлі көрсету, жоба материалын құрылымдау, жобаның шамамен көлемін анықтау, әрбір жобаға қатысушының зерттеу рөлін қамтамасыз ету.

Жобаға қатысушылардың қызметін үйлестіру, орындалған тапсырмалардың орындалу барысы мен мерзімдерін тұрақты бақылауды қамтамасыз ету.

Музейлік білім беру бағдарламаларын әзірлеуді және енгізуді жүзеге асырады;

Музейдің музейлік оқу-ағарту қызметі тұрғысынан келушілерді әлеуметтік зерттеуді ұйымдастырады;

Балалар мен жасөспірімдерге арналған музейлік білім беру іс-шараларын бақылайды;

Музейлік білім беру қызметі бойынша әдістемелік құжаттарды басып шығаруға дайындайды;

Жоба жұмысының жағдайын талдайды және оның тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді.

Заңнамалық актілерге, жауапкершілік туралы жасалған шартқа, лауазымдық нұсқаулыққа және еңбек шартына сәйкес өз міндеттемелері бойынша жауап береді.