Қастеев оқулары-2018

Жыл сайынғы «Қастеев оқулары-2018» ғылыми-практикалық конференциясы 

ГИПЕРКОММУНИКАЦИЯ ДӘУІРІНДЕГІ МУЗЕЙ: ЖАҢА КӨЗҚАРАСТАР

Екпінді өзгеріп отыратын әлем мәдениеттің бар болуы мен дамуы үшін жаңа жағдайлар жасайды. Музейдің қазіргі үлгісін жаңа жағдайға сай өзгерту керек пе немесе классикалық қалпын сақтау қажет пе? Техногендік процесс музей кеңістігіне еніп, заманауи музей жұмысының құрылымына қалай әсер етеді? Музей қызметінің бүгінгі ерекшелігін қандай әдістемелік нұсқаулар анықтайды? Гиперкоммуникация дәуірінде музей жұмысындағы жаңа көзқарастар қандай?

ICOM-ның 2018 жылы жариялаған тақырыбы кезекті жыл сайынғы «Қастеев оқулары-2018» ғылыми-практикалық конференциясы аясында көтерілетін мәселелер мен ізденістердің негізгі шеңберін анықтады. Конференция гиперкоммуникация дәуіріндегі музей ісінің теориясы мен практикасын ғылыми тұрғыда талқылау және талдау үшін пікірталас алаңы ретінде жұмыс істейді және біз сіздерді сындарлы сұхбатқа шақырамыз. 

Конференция 2018 жылы 1-2 қарашада Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін өтеді. Алматы, Қазақстан

Конференцияның мақсаты мен міндеттері
− Гиперкоммуникация дәуіріндегі музей қызметінің теориясы мен практикасының өзекті мәселелері
− Өнертану теориясы мен практикасының маңызды мәселелері
− Қазақстан бейнелеу өнерінің даму парадигмасын ұғыну және талдау
− Мәдени және көркемдік мұраны тиімді зерттеу және жандандыру тәсілдерін іздестіру
− Музей коллекциясын ғылыми зерттеуде жаңалықтар ашу
− Музейлердегі цифрлық технологиялардың көмегімен материалдық мәдени мұраны сақтау және талдау
− Бізді қоршаған әлем «цифрлық өзгерулердің» практикалық және философиялық аспектілерін және ол процесстің музей практикасындағы көрінісін талқылау.

Конференция кезінде заманауи кезеңдегі музейлердің дамуына байланысты мәселелерді, музей практикасындағы интерактивті ақпараттық технологиялар; музей педагогикасы; келушілермен жаңа үлгіде жұмыс жасау олардың ғылыми және білім беру әлеуетін талқылау ұсынылады.
Конференциядағы жұмыстардың бағыты: музейтану, мәдениеттану, өнер тарихы мен философиясы, сандық жүйеге көшіру.

Конференцияға қатысуға
Музей мамандары, өнертанушылар, әлеуметтік мәдениеттанушылар, тарихшылар, көркемдік жоғары оқу орындарының оқытушылары, аспиранттар мен магистранттар шақырылады.
Конференцияны ұйымдастырушылар мақалалар жинағын конференцияның басталуына қарсы шығаруды мақсат етіп отыр. Осыған байланысты конференцияға қатысу үшін өтінімдеріңізді (үлгісі қосымшада берілген) 2018 жылдың 20 тамызына дейін жіберулеріңізді сұраймыз. Кешіктіріліп берілген жағдайда материалдар қабылданбайды. Ұйымдастыру комитеті конференция деңгейіне сай келмеген мәтіндерді жариялаудан алып тастауға құқылы. Сырт жақтан келетін қатысушылар үшіне кіріс жарнасы 3 мың теңгені құрайды, ол жинақтың авторлық данасын алуына құқық береді.

Жарияланған кезде авторлық редакция сақталатын болады. Мақаланың мазмұны мен жіберілген қателерге автор өзі жауап береді. Мәтіннің рәсімделуіне қойылатын талаптарды ұстануды өтініп сұраймыз.
Конференция қазақ және орыс тілдерінде өтеді.

Рәсімдеуге қойылатын талаптар:
Редакцияланған мәтін Word, Times New Roman мәтіндік редакторында, 14 қаріпте, жоларалық интервал – 1, жиектері – 2,0 орындалады. Мәтіннің көлемі 8 беттен аспауы тиіс. Мәтінге ең көбі 6 иллюстрация қосуға болады.

Беттің жоғарғы оң жағында – ТАӘ (толығымен), жұмыс орны, атағы, ғылыми дәрежесі жазылады. Баяндаманың атауы дәл ортасында орналасады. Мақаланың түйіндемесі негізгі мәтін тілінде болады (100 сөзге дейін). Әдебиеттер тізімі сілтемелерді рәсімдеуге бекітілген талаптар бойынша мәтіннің соңында беріледі.
Басқа қалалардан келген мамандар қатысқан жағдайда, іссапар шығынын жіберуші жақ өтейді.

Қатысуға өтінім мен материалдарды мына мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз:
050040 Алматы, Көктем-3, 22/1 немесе электрондық пошта
Жобаның үйлестірушісі Екатерина Резникова, (727) 394-57-05
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. Факс: (727) 394-55-19

1-қосымша

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ
Тегі, аты, әкесінің аты (толығымен)___________________________________________________
Жұмыс орны___________________________________________________
Лауазымы_____________________________________________________
Ғылыми дәрежесі, атағы_________________________________________________________
Баяндаманың тақырыбы _______________________________________
Мекенжайы____________________________________________________
Телефон, Факс_________________________________________________
E-mail_________________________________________________________
Сөйлейтін сөздің тақырыбы_____________________________________________________

2-қосымша

МӘТІНДІ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ

Резникова Екатерина Ильинична,
өнертану кандидаты,
Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ
ғылыми хатшысы,
Қазақстан, Алматы