Есептер

Ә. ҚАСТЕЕВ АТЫНДАҒЫ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ӨНЕР МУЗЕЙІНІҢ 2020 жылы АТҚАРҒАН ЖҰМЫС ЕСЕБІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

«Ә. ҚАСТЕЕВ АТЫНДАҒЫ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ӨНЕР МУЗЕЙІ» РМҚК

gmirk logo 85

ҚАСТЕЕВ АТЫНДАҒЫ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ӨНЕР МУЗЕЙІНІҢ
2020 ЖЫЛЫ НЕГІЗГІ ҚОЛ ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің қызметі Қазақстан Республикасының мәдени және көркемдік игіліктерін сақтауға бағытталған басты міндетін жүзеге асыруға бағытталған. Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі өз міндетін табысты орындау үшін өз қызметін коллекцияны жинақтау және олардың есебін алу, ғылыми-зерттеу жұмысы, реставрация, қалың көрермендер аудиториясына әлемдік өнер туындыларын насихаттау сияқты қызметтің сан алуан түрінен тұратын музейдің басты міндеттерін орындауға бағытталған. Музей құрылымына қор сақтау және реставрация орталықтары, ғылыми бөлімдер, жобалау қызметі және музей педагогикасы орталығы, баспасөз қызметі, көрме және экспозиция орталығы, баспа бөлімі, техникалық қызметтер және әкімшілік аппарат кіреді. Музей жанында оның екі бөлімшесі жұмыс істейді: Орталық көрме залы және Ә. Қастеевтің Мұражай-үйі. Музей қызметінің қор, экспозиция, ғылыми, ақпараттық, білім беру, жобалау және т. б. негізгі түрлерін қамтамасыз ететін барлық құрылымдық бөлімшелердің жоспарлы және үйлесімді жұмысына негізделген.

Есепті толық оқып шығыңыз >>>