Оқиғалар

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Жеңістің жұлдызды сәті» атты ауқымды көрмесі ашылады.

2025 жылдың 8 мамыры күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Жеңістің жұлдызды сәті» атты ауқымды көрмесі ашылады.

 

Сурет, графика және мүсін өнеріндегі шығармалар халқымыздың өміріндегі қиын,  батырлық оқиғаларды әр түрлі ұрпақтың суретшілерінің көзімен көрсетеді. Ұлы Отан соғысына арналған көрмелер музейде жыл сайын өткізіледі, себебі бұл – барлық ұрпақтарға қажет  маңызды үлкен естелік.

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы Қазақстан суретшілерінің шығармаларының бірегей коллекциясына ие, оның едәуір бөлігі көрмеде ұсынылған. Жоғары кәсіби деңгейде орындалған жұмыстар өмірге, қарапайымдылық пен шынайылыққа толы, трагизммен, поэтикалық мазмұнмен және ерлікті көрсетеді. Олар Отанға деген парыз туралы, ел басына төніп тұрған қауіп, басқыншыны жеңген халықтың жеңісі мен салтанаты туралы айтады.

Экспозицияда В. Антощенко-Оленев, А. Бақтығалиев, Р. Великанова, Н. Гаев, А. Дроздов, П. Зальцман, Қ. Каметов, Ә. Қастеев, М. Кисамединов және басқа да авторлардың графикалық жұмыстары маңызды орын алады. Бұл шығармалардың көпшілігі алғаш рет көрсетілуде. Көпшілікке таныс М. Калимов, В. Киреев, Қ. Тельжанов, Е. Төлепбай, М. Хитахунов және басқа да суретшілердің кескіндеме жұмыстары графикалық парақтармен біріктірілген.

Экспозицияда Қазақстанның жетекші мүсіншілері — Е. Мергенов пен С. Сергебаевтың мүсіндік композициялары ерекше орын алады.

Жобаның орталық бөлігінде Л. Калимованың «Бата» гобелены орналасқан.

Көрменің медиа бөлімі Ұлы Жеңіс үшін майданда шайқасқан қазақстандық батырларға арналған. Олардың арасында Ұлы Отан соғысының қатысушысы болған қазақстандық суретшілер: Ү. Әжиев, Н. Александров, П. Андриюк, П. Антоненко, К. Баранов, И.Бондаренко, И. Виноградов, В.Воробихин, Н.Гаев, Л.Гербановский, А. Горовых,

П. Данилов, В. Дмитриев, А.Дроздов, А. Евдаков,  Д. Елькин, Р. Есіркеев, А.Заковряшин, Г. Иляев, А.Ильин, Д.Калачев, Ж.Қанапьянов, И.Квачко, Ш.Кенжебаев, В.Колоденко, В.Константинов, К.Кузнецов, Г.Максимов, П.Мариковский, Е.Молданиязов, Р.Мейрманов, Н.Наседкин, В. Нестеров, Н.Нұрмухаммедов және т.б. бар.

Медиаэкспозиция екі бөлімнен тұрады:

  1. Ұлы Отан соғысының қаһармандарының портреттік хроникасы;
  2. Соғысқа қатысушы суретшілерге арналған сұхбаттар мен жеке фильмдердің трансляциясы — көрерменге сол алыстағы жылдардың оқиғаларын тереңірек сезінуге мүмкіндік береді.

 

Экспозиция маусым айының 8 –не дейін жалғасады.

 

 

 «Қазақстан бейнелеу өнері» бөлімі

45414
5144
4514
5551

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің маусым айындағы көрмелер тізімі:

🔹Талантты кескіндемеші, Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» атты жеке көрмесі

🔹Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Алексей Федорович Уткиннің «Қаладағы серуен» атты жеке көрмесі
 12.05-03.07.2026

🔹Суретші Виктор Баландиннің «Таулар шақырады» атты жеке көрмесі
16.06-25.06.2026

🔹«Жанасу II – Соприкосновение II» республикалық көрмесі
03.06-25.06.2026

🔹«АРТ-Лаборатория» бейнелеу студиясының «БОЯУДАҒЫ БАЛАЛАР ҮНІ» атты көрмесі
29.05-30.06.2026

🔹«Саусақ ұшымен тану» тактильді көрме мен арт-кеңістік
29.05-31.08.2026 ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің маусым айындағы көрмелер тізімі: 🔹Талантты кескіндемеші, Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» атты жеке көрмесі 🔹Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Алексей Федорович Уткиннің «Қаладағы серуен» атты жеке көрмесі 12.05-03.07.2026 🔹Суретші Виктор Баландиннің «Таулар шақырады» атты жеке көрмесі 16.06-25.06.2026 🔹«Жанасу II – Соприкосновение II» республикалық көрмесі 03.06-25.06.2026 🔹«АРТ-Лаборатория» бейнелеу студиясының «БОЯУДАҒЫ БАЛАЛАР ҮНІ» атты көрмесі 29.05-30.06.2026 🔹«Саусақ ұшымен тану» тактильді көрме мен арт-кеңістік 29.05-31.08.2026 ⚜️2026 жылдың 2 шілде күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қылқалам шебері, суретші-ұстаз Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

🔹Көрме суретшінің көпжылдық шығармашылық жолын қорытындылайтын, ұлттық рух пен көркемдік ойды тоғыстырған тағылымды көркемдік кеңістік. Экспозицияға автордың табиғаттың әсем болмысын бейнелейтін пейзаждары, тарихи мазмұндағы композициялар, ұлттық тақырыптағы кескіндемелік және графикалық туындылары қойылады. Әрбір шығармада суретшінің ішкі жан дүниесі, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен қазақ дүниетанымына тән терең философиялық мән айқын сезіледі.

🔸Қазақ бейнелеу өнерінде өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленетін суретші Серікбай Әлжанның шығармашылығын бірнеше бағытқа бөліп қарастыруға болады. Оның туындыларында ұлттық болмыс, тарихи жады, дәстүр сабақтастығы мен табиғат үйлесімі көркем бейнеленген. Суретші әсіресе, композициялық шешімге, бояу үндестігіне, образдық мазмұнға ерекше мән береді.

🔺«Сурет — менің өмірім» деп бағалайтын суретші бар ғұмырын өнер мен ұстаздыққа арнады. Елу жыл бойы шәкірт тәрбиелеп, қазақ бейнелеу өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Бүгінде суретшінің туындылары Қазақстандағы және шетелдердегі музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы. Солардың қатарында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі қоры да бар.

📍Көрме 2026 жылдың 26 шілдесіне дейін жалғасады.

Көрме жетекшілері – Алимхожина Ақбота, Әли Ғалия ⚜️2026 жылдың 2 шілде күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде қылқалам шебері, суретші-ұстаз Серікбай Әлжанның «Суретшінің толғауы» атты мерейтойлық жеке көрмесінің ашылуы өтеді. 🔹Көрме суретшінің көпжылдық шығармашылық жолын қорытындылайтын, ұлттық рух пен көркемдік ойды тоғыстырған тағылымды көркемдік кеңістік. Экспозицияға автордың табиғаттың әсем болмысын бейнелейтін пейзаждары, тарихи мазмұндағы композициялар, ұлттық тақырыптағы кескіндемелік және графикалық туындылары қойылады. Әрбір шығармада суретшінің ішкі жан дүниесі, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен қазақ дүниетанымына тән терең философиялық мән айқын сезіледі. 🔸Қазақ бейнелеу өнерінде өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленетін суретші Серікбай Әлжанның шығармашылығын бірнеше бағытқа бөліп қарастыруға болады. Оның туындыларында ұлттық болмыс, тарихи жады, дәстүр сабақтастығы мен табиғат үйлесімі көркем бейнеленген. Суретші әсіресе, композициялық шешімге, бояу үндестігіне, образдық мазмұнға ерекше мән береді. 🔺«Сурет — менің өмірім» деп бағалайтын суретші бар ғұмырын өнер мен ұстаздыққа арнады. Елу жыл бойы шәкірт тәрбиелеп, қазақ бейнелеу өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Бүгінде суретшінің туындылары Қазақстандағы және шетелдердегі музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы. Солардың қатарында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі қоры да бар. 📍Көрме 2026 жылдың 26 шілдесіне дейін жалғасады. Көрме жетекшілері – Алимхожина Ақбота, Әли Ғалия ⚜️Құрметті Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің келушілері!

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 25 мамырдағы №242-НҚ бұйрығымен бекітілген «Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалар прейскуранты қолданысқа енгізілетінін хабарлаймыз.

🔹Бағалар прейскурантына өзгерістер мен толықтырулар енгізу келушілердің қажеттіліктерін және музей қызметінің дамуын ескере отырып көрсетілетін қызметтер тізбесін кеңейтуге, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, баға қалыптастыру тетіктерін жетілдіруге және музей қызметтерінің әртүрлі санаттағы келушілер үшін қолжетімділігін арттыруға байланысты жүзеге асырылды.

🔺Кіру билеттері бойынша негізгі өзгерістер:
• Ересектер үшін – 1 билет 2 000 теңге
• Студенттер мен зейнеткерлер үшін (растаушы құжаттарды көрсеткен жағдайда) – 1 000 теңге
• Мектеп жасындағы балалар үшін (растаушы құжаттарды көрсеткен жағдайда) – 500 теңге
• Шетелдік ересек азаматтар үшін кіру билеті – 5 000 теңге
• Шетелдік балалар үшін кіру билеті – 2 500 теңге
• Корпоративтік клиенттер үшін (кемінде 10 адамнан тұратын топ) – 1 билет 1 800 теңге
• Ашық күні бар сыйлық сертификаты (ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін бір рет пайдалануға болады) – 1 билет 4 000 теңге

🔺Шетелдік көрмелерге кіру билеттері:
• Ересектер үшін – 1 билет 3 000 теңге
• Мектеп жасындағы балалар, студенттер және зейнеткерлер үшін (растаушы құжаттарды көрсеткен жағдайда) – 1 000 теңге

▫️Сонымен қатар келушілерге арналған әртүрлі қызметтер кешенін қамтитын Platinum, Gold және Silver жылдық абонементтері енгізілді.

Бағалар прейскуранты туралы толық ақпаратты музейдің ресми сайтынан көре аласыздар:
Сілтеме: https://www.gmirk.kz/kk/ ⚜️Құрметті Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің келушілері! Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 25 мамырдағы №242-НҚ бұйрығымен бекітілген «Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалар прейскуранты қолданысқа енгізілетінін хабарлаймыз. 🔹Бағалар прейскурантына өзгерістер мен толықтырулар енгізу келушілердің қажеттіліктерін және музей қызметінің дамуын ескере отырып көрсетілетін қызметтер тізбесін кеңейтуге, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, баға қалыптастыру тетіктерін жетілдіруге және музей қызметтерінің әртүрлі санаттағы келушілер үшін қолжетімділігін арттыруға байланысты жүзеге асырылды. 🔺Кіру билеттері бойынша негізгі өзгерістер: • Ересектер үшін – 1 билет 2 000 теңге • Студенттер мен зейнеткерлер үшін (растаушы құжаттарды көрсеткен жағдайда) – 1 000 теңге • Мектеп жасындағы балалар үшін (растаушы құжаттарды көрсеткен жағдайда) – 500 теңге • Шетелдік ересек азаматтар үшін кіру билеті – 5 000 теңге • Шетелдік балалар үшін кіру билеті – 2 500 теңге • Корпоративтік клиенттер үшін (кемінде 10 адамнан тұратын топ) – 1 билет 1 800 теңге • Ашық күні бар сыйлық сертификаты (ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін бір рет пайдалануға болады) – 1 билет 4 000 теңге 🔺Шетелдік көрмелерге кіру билеттері: • Ересектер үшін – 1 билет 3 000 теңге • Мектеп жасындағы балалар, студенттер және зейнеткерлер үшін (растаушы құжаттарды көрсеткен жағдайда) – 1 000 теңге ▫️Сонымен қатар келушілерге арналған әртүрлі қызметтер кешенін қамтитын Platinum, Gold және Silver жылдық абонементтері енгізілді. Бағалар прейскуранты туралы толық ақпаратты музейдің ресми сайтынан көре аласыздар: Сілтеме: https://www.gmirk.kz/kk/ ⚜️2026 жылдың 3 шілдесі күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрменің ашылуы өтеді.
 
▫️Көрмеге әр буын өкілдері саналатын суретшілердің туындылары топтастырылған. Олардың қатарында Бақтияр Тәбиев (1940-1999), Игілік Құлбаев (1946-2022), Ғани Баянов (1949), Азат Тәбиев (1974), Әсел Тілеулен (1986), Абдурахман Тұрғын (1991) және Нұрболат Асқар (1993) бар. Көркемдік тілі мен авторлық қолтаңбалары әрқилы болғанымен, бұл суретшілердің шығармашылығын тоғыстыратын ортақ тақырыптар мен қастерлі ұғымдар бар. Олар – үй, отбасы, балалық шақ және күнделікті өмір кеңістігі.

▫️Жобаның негізгі арқауы – ұрпақтар сабақтастығы. Көрменің өзегінде адам және оның ең жақын әлемі жатыр. Бір көрме кеңістігінде әр буын өкілдерінің шығармалары тоғысып, өмірлік тәжірибенің, рухани құндылықтар мен дүниетанымның аға ұрпақтан кейінгі буындарға қалай жалғасатынын аңғартады.

▫️Көрменің атауы әр адамның жүрегіне жылы сезім ұялататын отбасылық альбом ұғымымен үндеседі. Альбомдағы әрбір фотосурет өткен күндердің ізін сақтап қана қоймай, жылдар өткен сайын жадының қойнауындағы естеліктерді жаңғыртып, көңіл түкпірінде сақталған сезімдерді қайта оятады. Оның парақтарын ақтару – уақыт пердесін түріп, өз өмір жолыңмен қайта жүздескендей әсер сыйлайтын ерекше сәт. Ол адамның жүрек түкпірінде сақталған естеліктерді оятады, таныстық сезімін, сағыныш пен өз өткеніне деген қызығушылықты қайта тірілтеді. Көрмеде ұсынылған шығармалар да дәл осындай әсерге бөлеп, көрерменді жеке естеліктері мен өмірлік тәжірибесіне қайта үңілуге шақырады.

▫️Көрме үйді жай ғана баспана ретінде емес, адамның рухани болмысын қалыптастыратын мәдени әрі эмоциялық кеңістік ретінде пайымдайды. Балалық шақ бейнелері, отбасылық қарым-қатынастар мен күнделікті тұрмыстың тынысы арқылы әр адамға ортақ сезімдер өріледі. Осы тұрғыдан алғанда, отбасылық альбом жеке тағдыр мен ұжымдық жадыны тоғыстыратын көркем метафораға айналады.
 
📌Жобаның ұйымдастырушысы – QazArtConsult
Көрме кураторы – Рамина Дембаева ⚜️2026 жылдың 3 шілдесі күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Отбасылық альбомның әсері» атты топтық көрменің ашылуы өтеді. ▫️Көрмеге әр буын өкілдері саналатын суретшілердің туындылары топтастырылған. Олардың қатарында Бақтияр Тәбиев (1940-1999), Игілік Құлбаев (1946-2022), Ғани Баянов (1949), Азат Тәбиев (1974), Әсел Тілеулен (1986), Абдурахман Тұрғын (1991) және Нұрболат Асқар (1993) бар. Көркемдік тілі мен авторлық қолтаңбалары әрқилы болғанымен, бұл суретшілердің шығармашылығын тоғыстыратын ортақ тақырыптар мен қастерлі ұғымдар бар. Олар – үй, отбасы, балалық шақ және күнделікті өмір кеңістігі. ▫️Жобаның негізгі арқауы – ұрпақтар сабақтастығы. Көрменің өзегінде адам және оның ең жақын әлемі жатыр. Бір көрме кеңістігінде әр буын өкілдерінің шығармалары тоғысып, өмірлік тәжірибенің, рухани құндылықтар мен дүниетанымның аға ұрпақтан кейінгі буындарға қалай жалғасатынын аңғартады. ▫️Көрменің атауы әр адамның жүрегіне жылы сезім ұялататын отбасылық альбом ұғымымен үндеседі. Альбомдағы әрбір фотосурет өткен күндердің ізін сақтап қана қоймай, жылдар өткен сайын жадының қойнауындағы естеліктерді жаңғыртып, көңіл түкпірінде сақталған сезімдерді қайта оятады. Оның парақтарын ақтару – уақыт пердесін түріп, өз өмір жолыңмен қайта жүздескендей әсер сыйлайтын ерекше сәт. Ол адамның жүрек түкпірінде сақталған естеліктерді оятады, таныстық сезімін, сағыныш пен өз өткеніне деген қызығушылықты қайта тірілтеді. Көрмеде ұсынылған шығармалар да дәл осындай әсерге бөлеп, көрерменді жеке естеліктері мен өмірлік тәжірибесіне қайта үңілуге шақырады. ▫️Көрме үйді жай ғана баспана ретінде емес, адамның рухани болмысын қалыптастыратын мәдени әрі эмоциялық кеңістік ретінде пайымдайды. Балалық шақ бейнелері, отбасылық қарым-қатынастар мен күнделікті тұрмыстың тынысы арқылы әр адамға ортақ сезімдер өріледі. Осы тұрғыдан алғанда, отбасылық альбом жеке тағдыр мен ұжымдық жадыны тоғыстыратын көркем метафораға айналады. 📌Жобаның ұйымдастырушысы – QazArtConsult Көрме кураторы – Рамина Дембаева ✨ 21 маусым – Әкелер күні

⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі барша әкелерді осы ерекше мерекемен шын жүректен құттықтайды!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 маусымдағы қаулысына сәйкес, елімізде Әкелер күні жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі. 2026 жылы бұл мереке 21 маусым күніне сәйкес келеді.

Әке – отбасының қорғаны, парасат пен жауапкершіліктің, қамқорлық пен мейірімнің символы. Әкенің өнегесі мен тәлімі ұрпақ тәрбиесінде ерекше орын алады, ал оның өмірлік ұстанымы мен еңбегі өскелең буынға әрдайым бағыт-бағдар береді.

🔸Осы мерекеге орай назарларыңызға кескіндемеші, график-суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Салихитдин Әбдісадықұлы Айтбаевтың әке тақырыбына арналған туындыларын ұсынамыз.

Салихитдин Айтбаев – Қазақстандағы заманауи бейнелеу өнерінің қалыптасуына зор үлес қосқан көрнекті суретші, қазақ өнеріндегі алпысыншы жылдар буынының сөзсіз көшбасшысы. 

Салихитдин Айтбаев шығармашылығындағы әке бейнесі ерекше орын алады. Монументалды сипатқа ие бұл туындыларда әке образы терең ойлы, сабырлы әрі ішкі рухани қуаты мол тұлға ретінде көрініс табады. Артық детальдардан саналы түрде бас тарта отырып, суретші осы туындылар топтамасы арқылы әкенің отбасының рухани тірегі, беріктік пен даналықтың символы екенін айқын көрсетеді.

 Туындылар:
▪️ «Әкемнің портреті». 1974 жыл
▪️ «Әкемнің портреті». 1965 жыл
▪️ «Әкемнің портреті». 1970 жыл 
▪️ Әкесі мен ұлы. «Жылқышылар» триптихі. 1980 жыл

#kasteyev_календарь ✨ 21 маусым – Әкелер күні ⚜️Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі барша әкелерді осы ерекше мерекемен шын жүректен құттықтайды! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 маусымдағы қаулысына сәйкес, елімізде Әкелер күні жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі. 2026 жылы бұл мереке 21 маусым күніне сәйкес келеді. Әке – отбасының қорғаны, парасат пен жауапкершіліктің, қамқорлық пен мейірімнің символы. Әкенің өнегесі мен тәлімі ұрпақ тәрбиесінде ерекше орын алады, ал оның өмірлік ұстанымы мен еңбегі өскелең буынға әрдайым бағыт-бағдар береді. 🔸Осы мерекеге орай назарларыңызға кескіндемеші, график-суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Салихитдин Әбдісадықұлы Айтбаевтың әке тақырыбына арналған туындыларын ұсынамыз. Салихитдин Айтбаев – Қазақстандағы заманауи бейнелеу өнерінің қалыптасуына зор үлес қосқан көрнекті суретші, қазақ өнеріндегі алпысыншы жылдар буынының сөзсіз көшбасшысы. Салихитдин Айтбаев шығармашылығындағы әке бейнесі ерекше орын алады. Монументалды сипатқа ие бұл туындыларда әке образы терең ойлы, сабырлы әрі ішкі рухани қуаты мол тұлға ретінде көрініс табады. Артық детальдардан саналы түрде бас тарта отырып, суретші осы туындылар топтамасы арқылы әкенің отбасының рухани тірегі, беріктік пен даналықтың символы екенін айқын көрсетеді. Туындылар: ▪️ «Әкемнің портреті». 1974 жыл ▪️ «Әкемнің портреті». 1965 жыл ▪️ «Әкемнің портреті». 1970 жыл ▪️ Әкесі мен ұлы. «Жылқышылар» триптихі. 1980 жыл #kasteyev_календарь ⚜️2026 жылдың 20 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде талантты кескіндемеші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» жеке көрмесі аясында Әбілхан Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебінің оқушылары үшін суретшімен арнайы кездесу ұйымдастырылды.

🔹Кездесу барысында жас өнерпаздар суретшімен еркін сұхбаттасып, оның шығармашылық жолы, өнердегі ізденісі мен туындыларының идеялық мазмұны, суретші мамандығының ерекшелігі туралы сұрақтар қойды. Әңгіме барысында Омархан Құмар кәсіби суретші болу үшін ең алдымен еңбекқорлық, төзімділік, байқағыштық және үздіксіз ізденіс қажет екенін атап өтті. Ол суретшінің тек сурет сала білуі жеткіліксіз екенін, қоршаған ортаны терең сезініп, өмір құбылыстарын көркем тілмен жеткізе алуы маңызды екенін айтты.

🔸Кездесуде композициялық шешім құру мәселесіне ерекше назар аударылды. Суретші кез келген шығарманың негізі дұрыс құрылған композиция екенін түсіндіріп, туындыдағы басты ойды көрерменге жеткізуде композицияның рөлі зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, жұмыстың эскизден бастап аяқталған туындыға дейінгі кезеңдері, кеңістік пен пішіннің үйлесімі, түстік қатынастар мен жарық-көлеңкені қолдану тәсілдері жөнінде жан-жақты әңгімеледі. Оқушылар сурет салу барысында жиі кездесетін қиындықтар, шығармашылық тоқыраудан шығу жолдары және жеке стиль қалыптастыру мәселелері туралы да өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды.

🔺Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесу жас суретшілердің өнерге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың кәсіби бағдар алуына да ықпал етті. Суретші өз тәжірибесінен мысалдар келтіре отырып, шығармашылық жолдағы табандылықтың маңызын атап өтті және жас буынға ұлттық өнерді қадірлеу мен көркемдік талғамды үнемі дамыту қажеттігін жеткізді.

▫️Осындай тағылымды кездесулер жасөспірімдердің өнерді тереңірек түсінуіне, шығармашылық ойлау қабілетін дамытуына және кәсіби суретшілердің тәжірибесінен үйренуіне мүмкіндік береді. Кездесу соңында оқушылар суретшіге алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсіп, көрмені тамашалады. ⚜️2026 жылдың 20 маусым күні Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде талантты кескіндемеші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» жеке көрмесі аясында Әбілхан Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебінің оқушылары үшін суретшімен арнайы кездесу ұйымдастырылды. 🔹Кездесу барысында жас өнерпаздар суретшімен еркін сұхбаттасып, оның шығармашылық жолы, өнердегі ізденісі мен туындыларының идеялық мазмұны, суретші мамандығының ерекшелігі туралы сұрақтар қойды. Әңгіме барысында Омархан Құмар кәсіби суретші болу үшін ең алдымен еңбекқорлық, төзімділік, байқағыштық және үздіксіз ізденіс қажет екенін атап өтті. Ол суретшінің тек сурет сала білуі жеткіліксіз екенін, қоршаған ортаны терең сезініп, өмір құбылыстарын көркем тілмен жеткізе алуы маңызды екенін айтты. 🔸Кездесуде композициялық шешім құру мәселесіне ерекше назар аударылды. Суретші кез келген шығарманың негізі дұрыс құрылған композиция екенін түсіндіріп, туындыдағы басты ойды көрерменге жеткізуде композицияның рөлі зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, жұмыстың эскизден бастап аяқталған туындыға дейінгі кезеңдері, кеңістік пен пішіннің үйлесімі, түстік қатынастар мен жарық-көлеңкені қолдану тәсілдері жөнінде жан-жақты әңгімеледі. Оқушылар сурет салу барысында жиі кездесетін қиындықтар, шығармашылық тоқыраудан шығу жолдары және жеке стиль қалыптастыру мәселелері туралы да өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. 🔺Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесу жас суретшілердің өнерге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың кәсіби бағдар алуына да ықпал етті. Суретші өз тәжірибесінен мысалдар келтіре отырып, шығармашылық жолдағы табандылықтың маңызын атап өтті және жас буынға ұлттық өнерді қадірлеу мен көркемдік талғамды үнемі дамыту қажеттігін жеткізді. ▫️Осындай тағылымды кездесулер жасөспірімдердің өнерді тереңірек түсінуіне, шығармашылық ойлау қабілетін дамытуына және кәсіби суретшілердің тәжірибесінен үйренуіне мүмкіндік береді. Кездесу соңында оқушылар суретшіге алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсіп, көрмені тамашалады.
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ