Оқиғалар

«Вячеслав Люй-коның кескіндемесі мен графикасы» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

2025 жылдың 6 мамырында Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Вячеслав Люй-коның кескіндемесі мен графикасы» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Люй-коның жұмыстары Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде, ҚР Ұлттық музейінде, сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Германия, АҚШ, Канада, Түркия және басқа да елдердің жеке коллекцияларында сақтаулы.

Вячеслав Люй-ко – Қазақстандағы үлкен сұранысқа ие суретшілердің бірі. Ол қылқалам мен қарындашты бірдей шебер меңгерген, өзіндік қайталанбас және бірден танылатын стилімен ерекшеленеді.

Суретшінің туындылары — бұл классика мен заманауилықтың, мистикалық сарын мен философиялық тереңдіктің, ирония мен құпияның, астарлы мағына мен ортағасырлық фарстың, бүгінгі күн мен өткен дәуірлердің шежіресінің бірегей үйлесімі. Бұл — ой салатын, астары терең кенептер, астарлы әңгіме сынды суреттер.

Аталмыш көрме — өнер мен философияның тоғысуы, онда уақыттың тынысы, өмірдің мәңгілік сұрақтары және мәдени дәстүрлердің ұлылығы үйлеседі.

Әрбір кенеп пен графикалық беттер — бұл тек көрнекі объектілер емес, философиялық ізденістер, мұнда форма мен мазмұнның эстетикасы әлемнің ішкі үйлесімін ашады. Люй-ко шығармашылығында адам болмысының терең мәні, оның уақыт ағысымен үздіксіз байланысы және мәдениеттер, халықтар мен дәуірлердің өзара әрекеттері жанданады.

Суретшінің туындылары тек сыртқы шындықты бейнелеу емес, олар көрерменнің ішкі жандүниесіне үңіліп, терең философиялық ойларға жетелейді. В. Люй-коның шығармашылығы арқылы біз уақыт пен кеңістіктен асып түсетін, адамзат баласының мәңгілік ізденістері мен рухани толғаныстарын танимыз. Оның жұмыстары өткен мен бүгінді, болмыс пен арманды байланыстыра отырып, тіршіліктің мәні мен адамгершілік құндылықтар жайлы терең сұхбатқа шақырады.

«Вячеслав Люй-коның кескіндемесі мен графикасы»  көрмесі — бұл жай ғана көрме емес, өнер философияға, ал философия өнерге айналатын әлемге сапар. Бұл суретшінің шығармашылығы арқылы дүниеге басқа қырынан қарауға, оның ішкі ізденістерімен бірге өмірді, сұлулықты тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін ерекше сәт. Әрбір жұмыс бұл сұрақ, жауап және оларға табылған жаңа жолдар!

Суретшінің өзі былай дейді:

«Жаңалықтар, білім мен ақпарат тоқтаусыз, тасқындап ағылып жатыр, ал олардың ішінен қиял мен шындықты, ақиқат пен жалғанды айырып алу барған сайын қиындай түсуде.

Мен көрерменмен арғы бабаларымыз қолданған тілде – бейнелер мен символдар, өз әліпбиімнің белгілері арқылы сөйлесуге тырыстым. Өшпес мәңгілік жайлы да, уақыт шаңында жоғалып кетуі мүмкін нәрселер жайлы да сыр шертуге талпындым».

Көрмеде соңғы үш жыл ішінде жазылған сексеннен астам кескіндеме және графика туындылары қойылған.

 

 

 

Вячеслав Юрьевич Люй-ко 1963 жылы Мурманск қаласында дүниеге келген. 1968 жылы Қазақстанға қоныс аударады. Ал 1985 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін тәмамдады. 1986–1988 жылдар аралығында аталған факультетте кескіндеме және кескіндеме технологиясы пәндерінен дәріс берді.

1987 жылдан бастап көптеген қалалық, республикалық, халықаралық және жеке көрмелерге қатысып келеді. 2006 жылы Вячеслав Қазақстан Меценаттар клубының «Тарлан» атты Ұлттық тәуелсіз сыйлығының лауреаты атанды. 2019 жылы — Еуразиялық сыйлықтың, ал 2023 жылы — «Umai» Ұлттық сыйлығының лауреаты болды.

2024 жылдан қазіргі уақытқа дейін – М. Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театрының (Алматы қ., Қазақстан) бас суретшісі ретінде еңбек етеді.

Экспозиция мамыр айының 23-не дейін жалғасады.

 

 

Көрме кураторлары:

Акылбекова А.

Көпжүрсін Ә.

20250417152312
20250417152341
20250417152550
20250417151904
20250417151935

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
В Национальном музее искусств РК имени Абылхана Кастеева открылась юбилейная ретроспективная выставка «ГОРОД И ВРЕМЯ ПАВЛА ШОРОХОВА», посвящённая 80-летию одного из самых известных современных казахстанских скульпторов, сообщает телеканал «МИР24»

Экспозиция объединяет все этапы творческого пути художника от студенческих работ 1970-х годов до последних произведений, созданных в преддверии юбилея.

Имя Павла Шорохова хорошо знакомо каждому, кто хотя бы раз бывал на улицах Алматы, Астаны и других городов Казахстана. Его произведения давно стали частью городской среды и культурной памяти нескольких поколений казахстанцев. Скульптуры мастера украшают площади, парки, пешеходные улицы и общественные пространства, органично соединяя искусство, архитектуру и повседневную урбанистическую среду.

📌Выставка продлится до 30 августа 2026 года. В Национальном музее искусств РК имени Абылхана Кастеева открылась юбилейная ретроспективная выставка «ГОРОД И ВРЕМЯ ПАВЛА ШОРОХОВА», посвящённая 80-летию одного из самых известных современных казахстанских скульпторов, сообщает телеканал «МИР24» Экспозиция объединяет все этапы творческого пути художника от студенческих работ 1970-х годов до последних произведений, созданных в преддверии юбилея. Имя Павла Шорохова хорошо знакомо каждому, кто хотя бы раз бывал на улицах Алматы, Астаны и других городов Казахстана. Его произведения давно стали частью городской среды и культурной памяти нескольких поколений казахстанцев. Скульптуры мастера украшают площади, парки, пешеходные улицы и общественные пространства, органично соединяя искусство, архитектуру и повседневную урбанистическую среду. 📌Выставка продлится до 30 августа 2026 года. ⚜️2026 жылдың 12 тамыз күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Армения палитрасы: Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі қорынан» көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

▫️Көрме Қазақстан Республикасындағы Армения Республикасының Елшілігінің және Алматы қаласындағы Армения Республикасының Құрметті консулдығының қолдауымен ұйымдастырылды.

▪️Көрме келушілерді музей қорындағы ХХ ғасырдағы танымал армян суретшілерінің туындыларымен таныстырады. Экспозицияға Арменияның бай көркемдік дәстүрлерімен таныстыратын кескіндеме, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер туындылары қойылған.

📍 Көрме 2026 жылғы 12 тамыз - 2 қыркүйек аралығында жұмыс істейді.

⚜️12 августа в 16:00 в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева состоится открытие выставки «Палитра Армении: из собрания Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева».

▫️Выставка организована при поддержке Посольства Республики Армения в Республике Казахстан и Почётного консульства Республики Армения в Алматы.

▪️Выставка познакомит посетителей с произведениями известных армянских художников XX века из музейной коллекции. В экспозиции представлены живопись, скульптура и произведения декоративно-прикладного искусства, отражающие богатство художественных традиций Армении.

📍 Выставка будет работать с 12 августа по 2 сентября 2026 года. ⚜️2026 жылдың 12 тамыз күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Армения палитрасы: Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі қорынан» көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. ▫️Көрме Қазақстан Республикасындағы Армения Республикасының Елшілігінің және Алматы қаласындағы Армения Республикасының Құрметті консулдығының қолдауымен ұйымдастырылды. ▪️Көрме келушілерді музей қорындағы ХХ ғасырдағы танымал армян суретшілерінің туындыларымен таныстырады. Экспозицияға Арменияның бай көркемдік дәстүрлерімен таныстыратын кескіндеме, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер туындылары қойылған. 📍 Көрме 2026 жылғы 12 тамыз - 2 қыркүйек аралығында жұмыс істейді. ⚜️12 августа в 16:00 в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева состоится открытие выставки «Палитра Армении: из собрания Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева». ▫️Выставка организована при поддержке Посольства Республики Армения в Республике Казахстан и Почётного консульства Республики Армения в Алматы. ▪️Выставка познакомит посетителей с произведениями известных армянских художников XX века из музейной коллекции. В экспозиции представлены живопись, скульптура и произведения декоративно-прикладного искусства, отражающие богатство художественных традиций Армении. 📍 Выставка будет работать с 12 августа по 2 сентября 2026 года. ⚜️2026 жылдың 4 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде заманауи қазақстандық мүсін өнерінің көрнекті өкілі мүсінші Павел Шороховтың 80 жылдық мерейтойына арналған «ПАВЕЛ ШОРОХОВТЫҢ ҚАЛАСЫ МЕН ДӘУІРІ» атты мерейтойлық ретроспективалық көрмесінің ашылуы өтті. 

🔹Экспозиция суретшінің 1970-жылдардағы студенттік туындыларынан бастап, мерейтой қарсаңындағы соңғы еңбектеріне дейінгі әр кезеңді бір арнаға тоғыстырады.

🔸Павел Шороховтың есімі Қазақстан қалаларының көркем келбетімен тығыз байланысты, Алматы, Астана мен еліміздің қалаларындағы монументалды туындылары бүгінде бірнеше ұрпақтың мәдени жадында сақталып әрі қалалық ортаның құрамдас бөлігіне айналып үлгерді.  Шебер қолынан шыққан мүсіндер қаланың алаң-саябақтарына, жаяу жүргіншілеркөшелері мен қоғамдық кеңістіктерге көрік беріп, сәулет пен өмірдің табиғи бояуын үйлестіре бейнелеп, қаланың көркемдік болмысын аша түседі.

🔺🔺Көрменің жобалық ерекшелігі – ұрпақтар арасындағы шығармашылық диалог. Павел Шороховтың мүсіндік туындыларымен қатар экспозицияға оның ұлы, кескіндемеші Дмитрий Шороховтың шығармалары да енгізілген. Әке мен баланың бір көрмеде тоғысуы көркемдік дәстүрдің жалғастығын айшықтап, мүсін мен кескіндемені, пластика мен жарықты, қала мен адамды ортақ мәдени жадының тұтас кеңістігінде тоғыстырады.

📌Көрме 30 тамызға дейін жалғастырады. Көрме жобасының кураторы – Оксана Танская. ⚜️2026 жылдың 4 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде заманауи қазақстандық мүсін өнерінің көрнекті өкілі мүсінші Павел Шороховтың 80 жылдық мерейтойына арналған «ПАВЕЛ ШОРОХОВТЫҢ ҚАЛАСЫ МЕН ДӘУІРІ» атты мерейтойлық ретроспективалық көрмесінің ашылуы өтті. 🔹Экспозиция суретшінің 1970-жылдардағы студенттік туындыларынан бастап, мерейтой қарсаңындағы соңғы еңбектеріне дейінгі әр кезеңді бір арнаға тоғыстырады. 🔸Павел Шороховтың есімі Қазақстан қалаларының көркем келбетімен тығыз байланысты, Алматы, Астана мен еліміздің қалаларындағы монументалды туындылары бүгінде бірнеше ұрпақтың мәдени жадында сақталып әрі қалалық ортаның құрамдас бөлігіне айналып үлгерді.  Шебер қолынан шыққан мүсіндер қаланың алаң-саябақтарына, жаяу жүргіншілеркөшелері мен қоғамдық кеңістіктерге көрік беріп, сәулет пен өмірдің табиғи бояуын үйлестіре бейнелеп, қаланың көркемдік болмысын аша түседі. 🔺🔺Көрменің жобалық ерекшелігі – ұрпақтар арасындағы шығармашылық диалог. Павел Шороховтың мүсіндік туындыларымен қатар экспозицияға оның ұлы, кескіндемеші Дмитрий Шороховтың шығармалары да енгізілген. Әке мен баланың бір көрмеде тоғысуы көркемдік дәстүрдің жалғастығын айшықтап, мүсін мен кескіндемені, пластика мен жарықты, қала мен адамды ортақ мәдени жадының тұтас кеңістігінде тоғыстырады. 📌Көрме 30 тамызға дейін жалғастырады. Көрме жобасының кураторы – Оксана Танская. ⚜️Кураторский тур по выставке «Город и время Павла и Дмитрия Шороховых»

🔹Как рождалась идея выставки? Какие произведения можно увидеть сегодня на улицах Алматы и Астаны? Какие истории скрываются за архивными фотографиями, эскизами и рабочими моделями?

▫️ «Кураторский тур. Истории, которые не поместились в экспозицию» проведёт куратор выставки Оксана Танская @guideinalmaty

Эта экскурсия - возможность увидеть экспозицию глазами искусствоведа, который создавал её концепцию, работал с архивами, встречался с художниками и собирал воедино историю одной из самых известных творческих семей Казахстана.

Во время встречи мы поговорим не только о произведениях Павла и Дмитрия Шороховых, но и о том, как создаётся современная музейная выставка, почему многие городские скульптуры становятся частью нашей памяти и что остаётся за пределами музейной экспозиции.

📍 Национальный музей искусств РК имени Абылхана Кастеева
🗓 8 августа
🕒 15:00
🗓 15 августа
🕒 15:00
Количество мест ограничено. Экскурсия на русском языке. Запись: +7(727)3945715 ⚜️Кураторский тур по выставке «Город и время Павла и Дмитрия Шороховых» 🔹Как рождалась идея выставки? Какие произведения можно увидеть сегодня на улицах Алматы и Астаны? Какие истории скрываются за архивными фотографиями, эскизами и рабочими моделями? ▫️ «Кураторский тур. Истории, которые не поместились в экспозицию» проведёт куратор выставки Оксана Танская @guideinalmaty Эта экскурсия - возможность увидеть экспозицию глазами искусствоведа, который создавал её концепцию, работал с архивами, встречался с художниками и собирал воедино историю одной из самых известных творческих семей Казахстана. Во время встречи мы поговорим не только о произведениях Павла и Дмитрия Шороховых, но и о том, как создаётся современная музейная выставка, почему многие городские скульптуры становятся частью нашей памяти и что остаётся за пределами музейной экспозиции. 📍 Национальный музей искусств РК имени Абылхана Кастеева 🗓 8 августа 🕒 15:00 🗓 15 августа 🕒 15:00 Количество мест ограничено. Экскурсия на русском языке. Запись: +7(727)3945715 ⚜️ Бүгін, 1 тамыз күні Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» көрмесі аясында авторлық экскурсия өтті.

Көрме қонақтары суретшімен тікелей жүздесіп, туындылардың дүниеге келу тарихымен, олардың идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерімен танысты. Экскурсия барысында автор өз шығармашылығының негізгі тақырыптары мен жад, естелік және жеке тәжірибенің өнердегі көрінісі туралы ой бөлісті.

📍 Көрме 24 тамызға дейін жалғасады.

⚜️ Сегодня, 1 августа, в рамках выставки Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» состоялась авторская экскурсия.

Посетители выставки встретились с художницей лично и познакомились с историей создания произведений, их идейным содержанием и художественными особенностями. В ходе экскурсии автор рассказала об основных темах своего творчества, а также поделилась размышлениями о том, как память, воспоминания и личный опыт находят отражение в искусстве.

📍 Выставка продлится до 24 августа. ⚜️ Бүгін, 1 тамыз күні Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» көрмесі аясында авторлық экскурсия өтті. Көрме қонақтары суретшімен тікелей жүздесіп, туындылардың дүниеге келу тарихымен, олардың идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерімен танысты. Экскурсия барысында автор өз шығармашылығының негізгі тақырыптары мен жад, естелік және жеке тәжірибенің өнердегі көрінісі туралы ой бөлісті. 📍 Көрме 24 тамызға дейін жалғасады. ⚜️ Сегодня, 1 августа, в рамках выставки Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» состоялась авторская экскурсия. Посетители выставки встретились с художницей лично и познакомились с историей создания произведений, их идейным содержанием и художественными особенностями. В ходе экскурсии автор рассказала об основных темах своего творчества, а также поделилась размышлениями о том, как память, воспоминания и личный опыт находят отражение в искусстве. 📍 Выставка продлится до 24 августа. ⚜️2026 жылдың 1 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде ұлттық бейнелеу өнерінің көрнекті шебері, Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романовтың (1926-2002) туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуы мен іс-шара аясында шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтті.

 🔹Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева Сахи Романовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуына орай құттықтау хатын жолдады. Құттықтау хатында Сахи Романовтың қазақ бейнелеу өнерінде ұлттық кескіндеме мен графиканың дамуына зор үлес қосқан дара суретші екенін атап өтті. Сонымен қатар көрменің суретшінің бай шығармашылық мұрасын жаңаша зерделеп, кейінгі ұрпаққа насихаттаудағы маңызына тоқталып, көрменің табысты өтуіне тілектестік білдірді. Құттықтау хатын музей директоры Жұмабекова Гүлайым Мұсағұлқызы оқып берді.

🔸Халық суретшісі Сахи Романовтың мерейтойлық көрмесі оның кең көлемді көркем мұрасының тек аз ғана бөлігін ғана ұсынады. Бұл келушілерге шығармашылық өсу-өрісінің ауқымын бақылауға және дүниетанымы мен сезімдерін толық жеткізуге тырысқанда қолданған тақырыптары мен стилистикалық тәсілдерінің әлеуетін зерттеуге мүмкіндік береді.

🔺Сахи Романовтың бейнелер әлемі өзінің эпикалық кеңдігімен, көркемдік шеберлігімен, сезім шынайылығымен, ой тереңдігімен және жарқын түстер үйлесімімен көрермендерді баурап келеді әрі Ұлы Дала елінің мәңгілік симфониясын құрайды. ⚜️2026 жылдың 1 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде ұлттық бейнелеу өнерінің көрнекті шебері, Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романовтың (1926-2002) туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуы мен іс-шара аясында шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтті. 🔹Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева Сахи Романовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуына орай құттықтау хатын жолдады. Құттықтау хатында Сахи Романовтың қазақ бейнелеу өнерінде ұлттық кескіндеме мен графиканың дамуына зор үлес қосқан дара суретші екенін атап өтті. Сонымен қатар көрменің суретшінің бай шығармашылық мұрасын жаңаша зерделеп, кейінгі ұрпаққа насихаттаудағы маңызына тоқталып, көрменің табысты өтуіне тілектестік білдірді. Құттықтау хатын музей директоры Жұмабекова Гүлайым Мұсағұлқызы оқып берді. 🔸Халық суретшісі Сахи Романовтың мерейтойлық көрмесі оның кең көлемді көркем мұрасының тек аз ғана бөлігін ғана ұсынады. Бұл келушілерге шығармашылық өсу-өрісінің ауқымын бақылауға және дүниетанымы мен сезімдерін толық жеткізуге тырысқанда қолданған тақырыптары мен стилистикалық тәсілдерінің әлеуетін зерттеуге мүмкіндік береді. 🔺Сахи Романовтың бейнелер әлемі өзінің эпикалық кеңдігімен, көркемдік шеберлігімен, сезім шынайылығымен, ой тереңдігімен және жарқын түстер үйлесімімен көрермендерді баурап келеді әрі Ұлы Дала елінің мәңгілік симфониясын құрайды.
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ