Оқиғалар

Нұрлан Темірбекұлы Жайнақбаевтың «Шектеусіз шығармашылық. Next.» атты жеке көрмесі ашылады.

2025 жылдың 8 шілдесінде Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Нұрлан Темірбекұлы Жайнақбаевтың «Шектеусіз шығармашылық. Next.» атты жеке көрмесі ашылады.

Нұрлан Темірбекұлы Жайнақбаев 1963 жылы дүниеге келген. Негізгі мамандығы бойынша Нұрлан Темірбекұлы – хирург-дәрігер, профессор, медицина ғылымдарының докторы. Оның ғылыми еңбектері тоғыз монографияда, он оқу-әдістемелік құралда және жүз отыздан астам ғылыми басылымдарда көрініс тапқан. Зерттеу нәтижелері зияткерлік меншік тұрғысынан да жоғары бағаланып, 14 авторлық куәлік, сондай-ақ медицина мамандарына арналған 4 анықтамалық, 5 патент (оның ішінде екі Еуразиялық куәлік) түрінде рәсімделген.

Нұрлан Жайнақбаевтың Қазақстан Республикасының медицина және қоғамдық денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі мемлекеттік және мекемелік марапаттармен жоғары бағаланған. Ол «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына, «Құрмет» орденіне және «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісіне ие болған.

2015 жылы ғалымның еңбегі халықаралық деңгейде мойындалып, Оксфорд академиясы тағайындаған «Жыл ғалымы» марапатының («Social Sciences» саласы, «Mobile Medicine» бағыты бойынша) лауреаты атанды.

2025 жылы медициналық кадрларды даярлау ісіне сіңірген еңбегі мен оқыту үдерісіне инновациялық технологияларды енгізгені үшін «Парасат» орденімен марапатталды.

Немістің әйгілі жазушысы Лион Фейхтвангер: «Талантты адам – барлық салада талантты», – деген екен. Бұл сөздердің растығына Нұрланның екінші жеке көрмесін тамашалау арқылы көз жеткізе аласыз. Өмірінің басым бөлігін медицина саласына арнаған Нұрлан соңғы жылдары бейнелеу өнерінің сырлы әлеміне қадам басып, шығармашылықтың жаңа белесіне шықты. Ғалымға тән тиянақтылықпен ол бұл салаға да терең ізденіспен әрі жүйелі түрде бет бұрды. 2021 жылы Нұрлан Темірбекұлы Абай атындағы Қазақ ұлттық университетін «Бейнелеу өнері» мамандығы бойынша аяқтады.

2024 жылы Нұрлан И.Е. Репин атындағы Санкт-Петербург көркемөнер академиясының магистранты атанды. Ол «Бейнелеу өнері» бағытында дәрігерлерді даярлау жобасының бастамашысы (2023 жылғы 6 қазандағы №39475 авторлық куәлік). Бұл бастаманың негізгі мақсаты – медициналық білім беру үдерісіне бейнелеу өнерін енгізу арқылы адам анатомиясы мен физиологиясын оқытуды көрнекі және тиімді ету.

«Шектеусіз шығармашылық. Next.» көрмесі – автордың ішкі түйсігі мен көркемдік көзқарасы арқылы қазақстандық табиғат бейнелеріне құрылған визуалды саяхат. Көрмеде сан алуан тақырыптар тоғысады: қатал да кең дала, асқақ та салтанатты таулар, нәзік натюрморттар мен гүл көмкерген алқаптардың поэтикалық көріністері. Нұрлан табиғаттың тынысын, ландшафтың ішкі қуатын нәзік сезіне біледі. Оның бояу палитрасы – жарқын, көркем, алайда асау емес. Әрбір туындысы туған жердің жарығы мен ауасын бойына сіңіргендей әсер қалдырады. Әсіресе, тау өзендері бойындағы қарағайлар, қызылкүрең көкнәр көмкерген кең дала мен кешкі аспан бейнеленген пейзаждар ерекше көркемдікпен көз тартады. Бұл туындылардан қазақ кескіндеме мектебінің дәстүрі мен еуропалық пленэрлік бағыттың әсері қатар сезіледі.

Жанрлық тұрғыдан көрме үш мағыналық бөлімге бөлінеді:

Пейзаждар – табиғатпен байланыс формасы ретінде. Тау жоталары, күн батар шақтар, ормандар мен жазықтар кеңістіктің еркін рухын және байыппен бақылаудан туатын тыныштықты бейнелейді.

Натюрморт – уақыттың тұрақтылығының символы. Алмалар мен гүлдер қарапайым дүниеден табылатын сұлулық пен өмірге толы бір сәттің қадірін сезіндіреді.

Кеңістіктегі тұлға – жағалауда оңаша тұрған адамның бейнесі ішкі ізденіс пен толғаныстың, жарық пен көлеңкенің арасында өмір сүрудің метафорасы іспеттес.

Бұл көрме – туған жерге, жарық пен адамға деген сүйіспеншіліктің шынайы көрінісі. Майлы бояудың толқынды іздері көрерменді тек бақылап қана қоймай, сезінуге, тыңдауға, кенеппен бірге тыныстауға жетелейді.

Көрме 2025 жылдың 8 тамызына дейін жалғасады.

Жұмыс уақыты: 10:00 – 19:00. Демалыс күні: дүйсенбі

Куратор: Ақылбекова А.Р.

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
⚜️2026 жылдың 12 тамыз күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Армения палитрасы: Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі қорынан» көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

▫️Көрме Қазақстан Республикасындағы Армения Республикасының Елшілігінің және Алматы қаласындағы Армения Республикасының Құрметті консулдығының қолдауымен ұйымдастырылды.

▪️Көрме келушілерді музей қорындағы ХХ ғасырдағы танымал армян суретшілерінің туындыларымен таныстырады. Экспозицияға Арменияның бай көркемдік дәстүрлерімен таныстыратын кескіндеме, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер туындылары қойылған.

📍 Көрме 2026 жылғы 12 тамыз - 2 қыркүйек аралығында жұмыс істейді.

⚜️12 августа в 16:00 в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева состоится открытие выставки «Палитра Армении: из собрания Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева».

▫️Выставка организована при поддержке Посольства Республики Армения в Республике Казахстан и Почётного консульства Республики Армения в Алматы.

▪️Выставка познакомит посетителей с произведениями известных армянских художников XX века из музейной коллекции. В экспозиции представлены живопись, скульптура и произведения декоративно-прикладного искусства, отражающие богатство художественных традиций Армении.

📍 Выставка будет работать с 12 августа по 2 сентября 2026 года. ⚜️2026 жылдың 12 тамыз күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Армения палитрасы: Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі қорынан» көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. ▫️Көрме Қазақстан Республикасындағы Армения Республикасының Елшілігінің және Алматы қаласындағы Армения Республикасының Құрметті консулдығының қолдауымен ұйымдастырылды. ▪️Көрме келушілерді музей қорындағы ХХ ғасырдағы танымал армян суретшілерінің туындыларымен таныстырады. Экспозицияға Арменияның бай көркемдік дәстүрлерімен таныстыратын кескіндеме, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер туындылары қойылған. 📍 Көрме 2026 жылғы 12 тамыз - 2 қыркүйек аралығында жұмыс істейді. ⚜️12 августа в 16:00 в Национальном музее искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева состоится открытие выставки «Палитра Армении: из собрания Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева». ▫️Выставка организована при поддержке Посольства Республики Армения в Республике Казахстан и Почётного консульства Республики Армения в Алматы. ▪️Выставка познакомит посетителей с произведениями известных армянских художников XX века из музейной коллекции. В экспозиции представлены живопись, скульптура и произведения декоративно-прикладного искусства, отражающие богатство художественных традиций Армении. 📍 Выставка будет работать с 12 августа по 2 сентября 2026 года. ⚜️2026 жылдың 4 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде заманауи қазақстандық мүсін өнерінің көрнекті өкілі мүсінші Павел Шороховтың 80 жылдық мерейтойына арналған «ПАВЕЛ ШОРОХОВТЫҢ ҚАЛАСЫ МЕН ДӘУІРІ» атты мерейтойлық ретроспективалық көрмесінің ашылуы өтті. 

🔹Экспозиция суретшінің 1970-жылдардағы студенттік туындыларынан бастап, мерейтой қарсаңындағы соңғы еңбектеріне дейінгі әр кезеңді бір арнаға тоғыстырады.

🔸Павел Шороховтың есімі Қазақстан қалаларының көркем келбетімен тығыз байланысты, Алматы, Астана мен еліміздің қалаларындағы монументалды туындылары бүгінде бірнеше ұрпақтың мәдени жадында сақталып әрі қалалық ортаның құрамдас бөлігіне айналып үлгерді.  Шебер қолынан шыққан мүсіндер қаланың алаң-саябақтарына, жаяу жүргіншілеркөшелері мен қоғамдық кеңістіктерге көрік беріп, сәулет пен өмірдің табиғи бояуын үйлестіре бейнелеп, қаланың көркемдік болмысын аша түседі.

🔺🔺Көрменің жобалық ерекшелігі – ұрпақтар арасындағы шығармашылық диалог. Павел Шороховтың мүсіндік туындыларымен қатар экспозицияға оның ұлы, кескіндемеші Дмитрий Шороховтың шығармалары да енгізілген. Әке мен баланың бір көрмеде тоғысуы көркемдік дәстүрдің жалғастығын айшықтап, мүсін мен кескіндемені, пластика мен жарықты, қала мен адамды ортақ мәдени жадының тұтас кеңістігінде тоғыстырады.

📌Көрме 30 тамызға дейін жалғастырады. Көрме жобасының кураторы – Оксана Танская. ⚜️2026 жылдың 4 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде заманауи қазақстандық мүсін өнерінің көрнекті өкілі мүсінші Павел Шороховтың 80 жылдық мерейтойына арналған «ПАВЕЛ ШОРОХОВТЫҢ ҚАЛАСЫ МЕН ДӘУІРІ» атты мерейтойлық ретроспективалық көрмесінің ашылуы өтті. 🔹Экспозиция суретшінің 1970-жылдардағы студенттік туындыларынан бастап, мерейтой қарсаңындағы соңғы еңбектеріне дейінгі әр кезеңді бір арнаға тоғыстырады. 🔸Павел Шороховтың есімі Қазақстан қалаларының көркем келбетімен тығыз байланысты, Алматы, Астана мен еліміздің қалаларындағы монументалды туындылары бүгінде бірнеше ұрпақтың мәдени жадында сақталып әрі қалалық ортаның құрамдас бөлігіне айналып үлгерді.  Шебер қолынан шыққан мүсіндер қаланың алаң-саябақтарына, жаяу жүргіншілеркөшелері мен қоғамдық кеңістіктерге көрік беріп, сәулет пен өмірдің табиғи бояуын үйлестіре бейнелеп, қаланың көркемдік болмысын аша түседі. 🔺🔺Көрменің жобалық ерекшелігі – ұрпақтар арасындағы шығармашылық диалог. Павел Шороховтың мүсіндік туындыларымен қатар экспозицияға оның ұлы, кескіндемеші Дмитрий Шороховтың шығармалары да енгізілген. Әке мен баланың бір көрмеде тоғысуы көркемдік дәстүрдің жалғастығын айшықтап, мүсін мен кескіндемені, пластика мен жарықты, қала мен адамды ортақ мәдени жадының тұтас кеңістігінде тоғыстырады. 📌Көрме 30 тамызға дейін жалғастырады. Көрме жобасының кураторы – Оксана Танская. ⚜️Кураторский тур по выставке «Город и время Павла и Дмитрия Шороховых»

🔹Как рождалась идея выставки? Какие произведения можно увидеть сегодня на улицах Алматы и Астаны? Какие истории скрываются за архивными фотографиями, эскизами и рабочими моделями?

▫️ «Кураторский тур. Истории, которые не поместились в экспозицию» проведёт куратор выставки Оксана Танская @guideinalmaty

Эта экскурсия - возможность увидеть экспозицию глазами искусствоведа, который создавал её концепцию, работал с архивами, встречался с художниками и собирал воедино историю одной из самых известных творческих семей Казахстана.

Во время встречи мы поговорим не только о произведениях Павла и Дмитрия Шороховых, но и о том, как создаётся современная музейная выставка, почему многие городские скульптуры становятся частью нашей памяти и что остаётся за пределами музейной экспозиции.

📍 Национальный музей искусств РК имени Абылхана Кастеева
🗓 8 августа
🕒 15:00
🗓 15 августа
🕒 15:00
Количество мест ограничено. Экскурсия на русском языке. Запись: +7(727)3945715 ⚜️Кураторский тур по выставке «Город и время Павла и Дмитрия Шороховых» 🔹Как рождалась идея выставки? Какие произведения можно увидеть сегодня на улицах Алматы и Астаны? Какие истории скрываются за архивными фотографиями, эскизами и рабочими моделями? ▫️ «Кураторский тур. Истории, которые не поместились в экспозицию» проведёт куратор выставки Оксана Танская @guideinalmaty Эта экскурсия - возможность увидеть экспозицию глазами искусствоведа, который создавал её концепцию, работал с архивами, встречался с художниками и собирал воедино историю одной из самых известных творческих семей Казахстана. Во время встречи мы поговорим не только о произведениях Павла и Дмитрия Шороховых, но и о том, как создаётся современная музейная выставка, почему многие городские скульптуры становятся частью нашей памяти и что остаётся за пределами музейной экспозиции. 📍 Национальный музей искусств РК имени Абылхана Кастеева 🗓 8 августа 🕒 15:00 🗓 15 августа 🕒 15:00 Количество мест ограничено. Экскурсия на русском языке. Запись: +7(727)3945715 ⚜️ Бүгін, 1 тамыз күні Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» көрмесі аясында авторлық экскурсия өтті.

Көрме қонақтары суретшімен тікелей жүздесіп, туындылардың дүниеге келу тарихымен, олардың идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерімен танысты. Экскурсия барысында автор өз шығармашылығының негізгі тақырыптары мен жад, естелік және жеке тәжірибенің өнердегі көрінісі туралы ой бөлісті.

📍 Көрме 24 тамызға дейін жалғасады.

⚜️ Сегодня, 1 августа, в рамках выставки Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» состоялась авторская экскурсия.

Посетители выставки встретились с художницей лично и познакомились с историей создания произведений, их идейным содержанием и художественными особенностями. В ходе экскурсии автор рассказала об основных темах своего творчества, а также поделилась размышлениями о том, как память, воспоминания и личный опыт находят отражение в искусстве.

📍 Выставка продлится до 24 августа. ⚜️ Бүгін, 1 тамыз күні Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» көрмесі аясында авторлық экскурсия өтті. Көрме қонақтары суретшімен тікелей жүздесіп, туындылардың дүниеге келу тарихымен, олардың идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерімен танысты. Экскурсия барысында автор өз шығармашылығының негізгі тақырыптары мен жад, естелік және жеке тәжірибенің өнердегі көрінісі туралы ой бөлісті. 📍 Көрме 24 тамызға дейін жалғасады. ⚜️ Сегодня, 1 августа, в рамках выставки Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» состоялась авторская экскурсия. Посетители выставки встретились с художницей лично и познакомились с историей создания произведений, их идейным содержанием и художественными особенностями. В ходе экскурсии автор рассказала об основных темах своего творчества, а также поделилась размышлениями о том, как память, воспоминания и личный опыт находят отражение в искусстве. 📍 Выставка продлится до 24 августа. ⚜️2026 жылдың 1 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде ұлттық бейнелеу өнерінің көрнекті шебері, Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романовтың (1926-2002) туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуы мен іс-шара аясында шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтті.

 🔹Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева Сахи Романовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуына орай құттықтау хатын жолдады. Құттықтау хатында Сахи Романовтың қазақ бейнелеу өнерінде ұлттық кескіндеме мен графиканың дамуына зор үлес қосқан дара суретші екенін атап өтті. Сонымен қатар көрменің суретшінің бай шығармашылық мұрасын жаңаша зерделеп, кейінгі ұрпаққа насихаттаудағы маңызына тоқталып, көрменің табысты өтуіне тілектестік білдірді. Құттықтау хатын музей директоры Жұмабекова Гүлайым Мұсағұлқызы оқып берді.

🔸Халық суретшісі Сахи Романовтың мерейтойлық көрмесі оның кең көлемді көркем мұрасының тек аз ғана бөлігін ғана ұсынады. Бұл келушілерге шығармашылық өсу-өрісінің ауқымын бақылауға және дүниетанымы мен сезімдерін толық жеткізуге тырысқанда қолданған тақырыптары мен стилистикалық тәсілдерінің әлеуетін зерттеуге мүмкіндік береді.

🔺Сахи Романовтың бейнелер әлемі өзінің эпикалық кеңдігімен, көркемдік шеберлігімен, сезім шынайылығымен, ой тереңдігімен және жарқын түстер үйлесімімен көрермендерді баурап келеді әрі Ұлы Дала елінің мәңгілік симфониясын құрайды. ⚜️2026 жылдың 1 тамыз күні Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде ұлттық бейнелеу өнерінің көрнекті шебері, Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романовтың (1926-2002) туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуы мен іс-шара аясында шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтті. 🔹Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева Сахи Романовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Дала симфониясы» мерейтойлық көрмесінің ашылуына орай құттықтау хатын жолдады. Құттықтау хатында Сахи Романовтың қазақ бейнелеу өнерінде ұлттық кескіндеме мен графиканың дамуына зор үлес қосқан дара суретші екенін атап өтті. Сонымен қатар көрменің суретшінің бай шығармашылық мұрасын жаңаша зерделеп, кейінгі ұрпаққа насихаттаудағы маңызына тоқталып, көрменің табысты өтуіне тілектестік білдірді. Құттықтау хатын музей директоры Жұмабекова Гүлайым Мұсағұлқызы оқып берді. 🔸Халық суретшісі Сахи Романовтың мерейтойлық көрмесі оның кең көлемді көркем мұрасының тек аз ғана бөлігін ғана ұсынады. Бұл келушілерге шығармашылық өсу-өрісінің ауқымын бақылауға және дүниетанымы мен сезімдерін толық жеткізуге тырысқанда қолданған тақырыптары мен стилистикалық тәсілдерінің әлеуетін зерттеуге мүмкіндік береді. 🔺Сахи Романовтың бейнелер әлемі өзінің эпикалық кеңдігімен, көркемдік шеберлігімен, сезім шынайылығымен, ой тереңдігімен және жарқын түстер үйлесімімен көрермендерді баурап келеді әрі Ұлы Дала елінің мәңгілік симфониясын құрайды. ⚜️2026 жылдың 30 шілдесінде Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде «Менің Қазақстаным кадрларда… Біздің өміріміз жазу жолдарында…» атты фотосурет өнері мен әдебиетті тоғыстырған бірегей жобаның ашылуы өтті.

🔹«Менің Қазақстаным кадрларда…» көрмесінде Татьяна Скачконың фототуындылары ұсынылған. Автордың еңбектерінде Қазақстанның табиғаты көркем бейне ретінде ғана емес, ұлттық мәдени және табиғи мұраға деген құрметті қалыптастыратын ерекше кеңістік ретінде көрініс табады.

🔸«Менің Қазақстаным кадрларда…» және «Біздің өміріміз жазу жолдарында…» экспозициялары – мазмұны жағынан дербес болғанымен, мәдени жады, жеке тәжірибе және ұлттық бірегейлік тақырыптары арқылы өзара үндескен екі көрме.

✨ Баршаңызды фотосурет өнері, әдебиет және туған жерге деген сүйіспеншілікті тоғыстырған осы бірегей жобамен танысуға шақырамыз. ⚜️2026 жылдың 30 шілдесінде Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде «Менің Қазақстаным кадрларда… Біздің өміріміз жазу жолдарында…» атты фотосурет өнері мен әдебиетті тоғыстырған бірегей жобаның ашылуы өтті. 🔹«Менің Қазақстаным кадрларда…» көрмесінде Татьяна Скачконың фототуындылары ұсынылған. Автордың еңбектерінде Қазақстанның табиғаты көркем бейне ретінде ғана емес, ұлттық мәдени және табиғи мұраға деген құрметті қалыптастыратын ерекше кеңістік ретінде көрініс табады. 🔸«Менің Қазақстаным кадрларда…» және «Біздің өміріміз жазу жолдарында…» экспозициялары – мазмұны жағынан дербес болғанымен, мәдени жады, жеке тәжірибе және ұлттық бірегейлік тақырыптары арқылы өзара үндескен екі көрме. ✨ Баршаңызды фотосурет өнері, әдебиет және туған жерге деген сүйіспеншілікті тоғыстырған осы бірегей жобамен танысуға шақырамыз.
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ