Оқиғалар

«МЕРЕЙТОЙ ИЕЛЕРІ-2025» көрмесі ашылады.

2025 жылдың 18 шілдесінде сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер  музейінің қорынан алынған «МЕРЕЙТОЙ ИЕЛЕРІ-2025»  көрмесі ашылады.

Ұсынылып отырған  көрме 2025 жылы мерейтойы атап өтілетін белгілі қылқалам шеберлерінің шығармашылығына арналған. Экспозицияға бейнелеу өнерінің дамуына елеулі үлес қосып, еліміздің мәдени өмірінде өшпес із қалдырған суретшілердің туындылары қойылған. Бұл көрме ХХ ғасырда қазақстандық бейнелеу өнері мектебінің қалыптасу кезеңінде еңбек еткен әр буын өкілдерінің шығармашылығын тоғыстырады. Әр суретшінің өмір жолы мен шығармашылық тағдыры өз алдына дара болғанымен, олардың барлығын өнерге деген шексіз сүйіспеншілігі мен адалдығы біріктіреді. Олардың кейбірі үшін Қазақстан екінші Отанға айналды. Суретшілер өз еңбектерін осы елге, оның дархан даласына, көркем табиғатына, бай мәдениетіне және қонақжай халқына арнады. Солардың ішінде: Хлудов Николай Гаврилович (1850-1935), Антощенко-Оленев Валентин Иосифович (1900-1984), Каптерев Валерий Всеволодович (1900-1985), Глебова Татьяна Николаевна (1900-1985), Горовых Анатолий Данилович (1925-1992), Антонюк Михаил Яковлевич (1935-1993).

Николай Хлудов Қазақстанға XIX ғасырдың соңында келді. Оның шығармашылығы XIX ғасырдағы реалистік кескіндеме мектебі қазақ жерінде кеңінен танылып, жалғасын табуына ықпалы зор болды.

Суретші Орта Азия мен Қазақстанды аралап, жергілікті тұрмыс пен табиғат көріністерін бейнелейтін көптеген суреттер салды. Сол көріністер кейін кескіндемелік туындыларға арқау болды. 1921 жылы ол Верный қаласында (қазіргі Алматыда) алғашқы көркемсурет студиясын ашты.

Қазақстанның бейнелеу өнерінде Қазақ КСР-інің халық суретшісі Молдахмет Кенбаевтың шығармашылығы ерекше орын алады. Ол – республиканың шегінен тыс академиялық көркем білім алған алғашқы қазақ суретшілерінің бірі. Оның туындылары даралық сипатымен, осы заманға сай терең мазмұнымен және ұлттық болмысымен ерекшеленеді. Хакімжан Наурызбаев – ұлттық мүсін өнерінің негізін қалаушы, Қазақстан Республикасының халық суретшісі. Ол мәдениет пен өнер қайраткерлерінің портреттер галереясын жасап, еңбек ерлерінің келбетін сомдады. Валентин Антощенко-Оленев – республикадағы аса көрнекті график-суретшілердің бірі болған. Оның шығармашылығы жанр, тақырып және көңіл-күй тұрғысынан алуан түрлі. Суретшінің сүйікті техникасы – ақ-қара линогравюра. Бұл әдіс арқылы ол түрлі тақырыптарды шебер бейнелеген.

Көрме – шеберлерге көрсетілген құрметтің белгісі ғана емес, сонымен қатар олардың көзқарасымен сол дәуірге қайта қарау мүмкіндігі. Қылқалам шеберлерінің шығармашылық мұрасы өмір сүруін тоқтатпайды, ол шабыт береді, жүректі тербейді, өткеннің үнін жеткізеді және ең маңыздысы – шексіз уақыт пен кеңістіктегі адам болмысының мәнін еске салады.

Биыл Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, қазақстандық мүсіншілердің бірнеше буынына ұстаз болған Сергебаев Ескен Аманжолұлының 85 жылдық мерейтойы да аталып өтуде. Ол бар өмірін өнерге арнады. Шығармашылық жолын 1960-жылдары, Қазақстан өнеріндегі жаңа буынның қалыптасу кезеңінде бастады. Көрмеде оның да бірқатар туындылары ұсынылады.

 

Хлудов Николай Гаврилович (1850-1935) – 175 жас

Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері,  Антощенко-Оленев Валентин Иосифович

 (1900-1984) – 125 жас

Каптерев Валерий Всеволодович (1900-1985) – 125 жас

Глебова Татьяна Николаевна (1900-1985) – 125 жас

ҚР Халық суретшісі, Наурызбаев Хакімжан Есмаханұлы (1925-2009) – 100 жас

Қазақ КСР Халық суретшісі, Кенбаев Молдахмет Сыздықұлы (1925-1993) – 100 жас

Горовых Анатолий Данилович (1925-1992) – 100 жас

ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Антонюк Михаил Яковлевич (1935-1993) – 90 жас

ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Сергебаев Ескен Аманжолұлы. 1940 д.к. 85 жас.

 

Экспозиция тамыз айының 18-не дейін жалғасады.

  

Көрме жетекшісі – Әбілдаева Лаура,

«Қазақстан бейнелеу өнері» бөлімінің аға ғылыми қызметкері

WhatsApp-Image-2025-07-14-at-110206-4
WhatsApp-Image-2025-07-14-at-110206-5
WhatsApp-Image-2025-07-14-at-110206-2
WhatsApp-Image-2025-07-14-at-110206-3
WhatsApp-Image-2025-07-14-at-110206-1
WhatsApp-Image-2025-07-14-at-110206

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
Өнері өрнекке, еңбегі ел құрметіне айналған гобелен өнерінің биігін бағындырған шебер

⚜️Құрметті Бәтима Есмұратқызы!

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің ұжымы Сізді Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоғары наградасы — «Отан» орденімен марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтайды!

Бұл жоғары марапат — Сіздің ұлттық өнерге арнаған сан жылдық еңбегіңізге, қазақ гобелен өнерінің дамуына қосқан айрықша үлесіңізге және шығармашылық жолдағы биік жетістіктеріңізге берілген лайықты баға.

Сіз қазақ гобелен өнерінің өзіндік көркемдік тілін қалыптастырған, ұлттық дәстүрді заманауи көркемдік ізденістермен шебер сабақтастырған көрнекті шеберсіз. Сіздің шығармаларыңызда халқымыздың тарихи жады, туған жерге деген сүйіспеншілігі, табиғат пен адам болмысының үндестігі көрініс табады.

«Керуен», «Байтақ дала», «Дала аруы», «Мәңгілік өнер», «Күй», «Жастық» сынды туындыларыңыз қазақ гобеленінің көркемдік мүмкіндігін кеңейтіп, ұлттық өнердің құнды қорын толықтырды. Олардың әрқайсысы — қазақ халқының дәстүрі мен дүниетанымын, даланың кең тынысын өзіндік көркем тілмен жеткізген шығармалар.

Сіздің өнеріңіз Қазақстан шеңберінен асып, халықаралық көрмелер арқылы шетелдік көрерменге де жол тартты. Бүгінде шығармаларыңыздың музейлер қорында сақталуы — ұлттық мәдениетке қосқан үлесіңіздің маңызын айғақтайды.

«Отан» ордені — Сіздің ел мәдениеті мен ұлттық өнерге сіңірген еңбегіңіздің биік бағасы.

Осы айтулы марапатыңыз құтты болсын! Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық шабыт, отбасыңызға амандық тілейміз. Өнеріңіз өркендеп, ұлттық мәдениетімізді байытқан шығармашылық мұраңыз кейінгі ұрпаққа рухани құндылық болып қала берсін💐 Өнері өрнекке, еңбегі ел құрметіне айналған гобелен өнерінің биігін бағындырған шебер ⚜️Құрметті Бәтима Есмұратқызы! Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің ұжымы Сізді Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоғары наградасы — «Отан» орденімен марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтайды! Бұл жоғары марапат — Сіздің ұлттық өнерге арнаған сан жылдық еңбегіңізге, қазақ гобелен өнерінің дамуына қосқан айрықша үлесіңізге және шығармашылық жолдағы биік жетістіктеріңізге берілген лайықты баға. Сіз қазақ гобелен өнерінің өзіндік көркемдік тілін қалыптастырған, ұлттық дәстүрді заманауи көркемдік ізденістермен шебер сабақтастырған көрнекті шеберсіз. Сіздің шығармаларыңызда халқымыздың тарихи жады, туған жерге деген сүйіспеншілігі, табиғат пен адам болмысының үндестігі көрініс табады. «Керуен», «Байтақ дала», «Дала аруы», «Мәңгілік өнер», «Күй», «Жастық» сынды туындыларыңыз қазақ гобеленінің көркемдік мүмкіндігін кеңейтіп, ұлттық өнердің құнды қорын толықтырды. Олардың әрқайсысы — қазақ халқының дәстүрі мен дүниетанымын, даланың кең тынысын өзіндік көркем тілмен жеткізген шығармалар. Сіздің өнеріңіз Қазақстан шеңберінен асып, халықаралық көрмелер арқылы шетелдік көрерменге де жол тартты. Бүгінде шығармаларыңыздың музейлер қорында сақталуы — ұлттық мәдениетке қосқан үлесіңіздің маңызын айғақтайды. «Отан» ордені — Сіздің ел мәдениеті мен ұлттық өнерге сіңірген еңбегіңіздің биік бағасы. Осы айтулы марапатыңыз құтты болсын! Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық шабыт, отбасыңызға амандық тілейміз. Өнеріңіз өркендеп, ұлттық мәдениетімізді байытқан шығармашылық мұраңыз кейінгі ұрпаққа рухани құндылық болып қала берсін💐 ⚜️В Центральном выставочном зале Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева проходит выставка «КИСТЬ, ГОВОРЯЩАЯ С ВЕРШИНАМИ», сообщает телеканал Qonaev Media.

Экспозиция приурочена к 70-летнему юбилею деятеля культуры Республики Казахстан, академика Академии художеств Республики Казахстан Нурболата Искакова.

Выставка объединяет произведения художника, созданные в разные годы, и позволяет проследить основные этапы его творческого пути. Центральное место в экспозиции занимает образ пика Хан-Тенгри — главная и сквозная тема творчества Нурболата Искакова. На протяжении многих лет художник вновь и вновь обращается к величественной вершине, раскрывая её как символ родной земли и передавая в каждом произведении новые цветовые и эмоциональные грани этого образа.

📌Экспозиция будет открыта до 18 августа.
​​​​​ ⚜️В Центральном выставочном зале Национального музея искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева проходит выставка «КИСТЬ, ГОВОРЯЩАЯ С ВЕРШИНАМИ», сообщает телеканал Qonaev Media. Экспозиция приурочена к 70-летнему юбилею деятеля культуры Республики Казахстан, академика Академии художеств Республики Казахстан Нурболата Искакова. Выставка объединяет произведения художника, созданные в разные годы, и позволяет проследить основные этапы его творческого пути. Центральное место в экспозиции занимает образ пика Хан-Тенгри — главная и сквозная тема творчества Нурболата Искакова. На протяжении многих лет художник вновь и вновь обращается к величественной вершине, раскрывая её как символ родной земли и передавая в каждом произведении новые цветовые и эмоциональные грани этого образа. 📌Экспозиция будет открыта до 18 августа. ​​​​​ ✨ «Жад бедері / Matter of Memory»

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» атты көрмесіне шақырады.

Бұл кеңістікте далаға айрықша мән беріледі. Дала — ішкі жадтың мекені, адам қайта-қайта оралатын кеңістік. Дала да жад секілді: бір жағынан өткеннің ізін сақтаса, екінші жағынан уақыт өте келе сол іздерді өшіреді.

📍 Көрме 24 тамызға дейін жалғасады.

Уақыт пен жадтың көркемдік үндестігін сезініңіздер. ✨

✨ «Жад бедері / Matter of Memory»

Национальный музей искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева приглашает вас познакомиться с выставкой Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory».

Особое место в этом пространстве занимает степь — место внутренней памяти и пространство, к которому человек вновь и вновь возвращается. Подобно памяти, степь, с одной стороны, сохраняет следы прошлого, а с другой — со временем стирает их.

📍 Выставка продлится до 24 августа.

Откройте для себя художественный диалог времени и памяти. ✨ ✨ «Жад бедері / Matter of Memory» Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі Гаухар Бисенғалиеваның (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory» атты көрмесіне шақырады. Бұл кеңістікте далаға айрықша мән беріледі. Дала — ішкі жадтың мекені, адам қайта-қайта оралатын кеңістік. Дала да жад секілді: бір жағынан өткеннің ізін сақтаса, екінші жағынан уақыт өте келе сол іздерді өшіреді. 📍 Көрме 24 тамызға дейін жалғасады. Уақыт пен жадтың көркемдік үндестігін сезініңіздер. ✨ ✨ «Жад бедері / Matter of Memory» Национальный музей искусств Республики Казахстан имени Абылхана Кастеева приглашает вас познакомиться с выставкой Гаухар Бисенгалиевой (Арухан) «Жад бедері / Matter of Memory». Особое место в этом пространстве занимает степь — место внутренней памяти и пространство, к которому человек вновь и вновь возвращается. Подобно памяти, степь, с одной стороны, сохраняет следы прошлого, а с другой — со временем стирает их. 📍 Выставка продлится до 24 августа. Откройте для себя художественный диалог времени и памяти. ✨ ⚜️10 тамыз - Абай күніне орай Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі көрермен назарына ұлы ойшылдың рухани мұрасын бейнелеу өнері арқылы танытуға арналған бейне ролик ұсынады. 

🔹Бейнероликте суретші Серікбай Әлжанов өзінің «Абай қара сөздері» атты триптих туындысы туралы баяндап, шығарманың жазылу тарихы, идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерімен таныстырады. Ол Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік, білім, еңбек, руханият және ұлттық сана секілді мәңгілік құндылықтарды көркем тіл арқылы жеткізуге ұмтылған. Үш бөліктен тұратын шығарма ұлы ақынның терең ойлары мен философиялық дүниетанымын бейнелеу өнері арқылы жаңаша пайымдауға мүмкіндік береді.

🔸«Абай қара сөздері» туындысы суретшінің шығармашылығындағы маңызды еңбектердің бірі. Аталған шығарма «XI Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» байқауында» І орынға ие болып, жоғары бағаланған.

Абай мұрасы – уақыт өткен сайын мәні тереңдей түсетін рухани қазына. Оның қара сөздерінде айтылған ойлар бүгінгі қоғам үшін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Білімге ұмтылу, еңбек ету, адамдық қасиетті сақтау, өзін-өзі жетілдіру – әр ұрпақ үшін маңызды құндылықтар.

Абайды тану – өзіңді тану!

@madeniet__aqparat__ministrligi 
@qaz.culture ⚜️10 тамыз - Абай күніне орай Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейі көрермен назарына ұлы ойшылдың рухани мұрасын бейнелеу өнері арқылы танытуға арналған бейне ролик ұсынады. 🔹Бейнероликте суретші Серікбай Әлжанов өзінің «Абай қара сөздері» атты триптих туындысы туралы баяндап, шығарманың жазылу тарихы, идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерімен таныстырады. Ол Абайдың қара сөздеріндегі адамгершілік, білім, еңбек, руханият және ұлттық сана секілді мәңгілік құндылықтарды көркем тіл арқылы жеткізуге ұмтылған. Үш бөліктен тұратын шығарма ұлы ақынның терең ойлары мен философиялық дүниетанымын бейнелеу өнері арқылы жаңаша пайымдауға мүмкіндік береді. 🔸«Абай қара сөздері» туындысы суретшінің шығармашылығындағы маңызды еңбектердің бірі. Аталған шығарма «XI Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» байқауында» І орынға ие болып, жоғары бағаланған. Абай мұрасы – уақыт өткен сайын мәні тереңдей түсетін рухани қазына. Оның қара сөздерінде айтылған ойлар бүгінгі қоғам үшін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Білімге ұмтылу, еңбек ету, адамдық қасиетті сақтау, өзін-өзі жетілдіру – әр ұрпақ үшін маңызды құндылықтар. Абайды тану – өзіңді тану! @madeniet__aqparat__ministrligi @qaz.culture ✨10 тамыз — Абай күні

🖌️Ұлы ойшыл, ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлы — асыл ойдың, даналық пен әділдіктің мәңгілік символы. Оның өсиетке толы сөздері мен жүрекке жетер жырлары адамзатты мейірімге, білімге және рухани биіктікке жетелейді. 
 🔹Біз, өткен мен келер ұрпақ өкілдері, оның мол рухани мұрасын ардақтаймыз әрі дәріптейміз.
🔹Еліміздің руханиятын байытатын мерекелеріміз көбейе берсін!

✨10 августа — День Абая

🖌️ Великий поэт, мыслитель и просветитель Абай Кунанбайулы — символ благородной мысли, мудрости и справедливости, который навсегда живёт в сердцах народа. Его мудрые слова и стихи призывают нас к добру, знаниям и человечности, воспитывая сознание каждого поколения.
🔹Мы, как предыдущие и как последующие поколения, чтим духовное наследие великого мыслителя.
🔹Пусть будет больше праздников, вносящих вклад в духовное развитие нации! ✨10 тамыз — Абай күні 🖌️Ұлы ойшыл, ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлы — асыл ойдың, даналық пен әділдіктің мәңгілік символы. Оның өсиетке толы сөздері мен жүрекке жетер жырлары адамзатты мейірімге, білімге және рухани биіктікке жетелейді. 🔹Біз, өткен мен келер ұрпақ өкілдері, оның мол рухани мұрасын ардақтаймыз әрі дәріптейміз. 🔹Еліміздің руханиятын байытатын мерекелеріміз көбейе берсін! ✨10 августа — День Абая 🖌️ Великий поэт, мыслитель и просветитель Абай Кунанбайулы — символ благородной мысли, мудрости и справедливости, который навсегда живёт в сердцах народа. Его мудрые слова и стихи призывают нас к добру, знаниям и человечности, воспитывая сознание каждого поколения. 🔹Мы, как предыдущие и как последующие поколения, чтим духовное наследие великого мыслителя. 🔹Пусть будет больше праздников, вносящих вклад в духовное развитие нации! ⚜️Абай даналығын дәріптеу мақсатында музей кеңістігінде ерекше интерактивті инсталляция ұсынылды. Ұлы ойшылдың нақыл сөздері ашықхаттарға түсіріліп, музей келушілеріне ой салатын шағын рухани аялдамаға айналды.

▫️Әрбір даналық сөздің артқы бетінде музей қорындағы Абай бейнесі бейнеленген көркем туындылар ұсынылды. Келушілер ашықхаттар арқылы ақынның тағылымды ойларымен танысып қана қоймай, оның өлеңдерін жалғастырып, ұлы ақын мұрасын бірге жаңғыртты.

Бұл бастама – Абай сөзінің уақыт пен ұрпақ арасындағы рухани көпірге айналғанын көрсететін шағын, бірақ мағыналы мәдени жоба. 

⚜️В рамках популяризации мудрости Абая в музейном пространстве была представлена особая интерактивная инсталляция. Цитаты великого мыслителя были оформлены в виде открыток, превратившись в небольшие точки духовного общения и размышления для посетителей музея.

▫️На оборотной стороне каждой открытки были представлены произведения из музейного собрания с изображением Абая. Знакомясь с мудрыми словами поэта, посетители не только обращались к его философским размышлениям, но и продолжали строки его стихотворений, вместе оживляя и переосмысливая литературное наследие великого Абая.

Эта инициатива стала небольшим, но символичным культурным проектом, показывающим, что слово Абая и сегодня остаётся духовным мостом между поколениями. ⚜️Абай даналығын дәріптеу мақсатында музей кеңістігінде ерекше интерактивті инсталляция ұсынылды. Ұлы ойшылдың нақыл сөздері ашықхаттарға түсіріліп, музей келушілеріне ой салатын шағын рухани аялдамаға айналды. ▫️Әрбір даналық сөздің артқы бетінде музей қорындағы Абай бейнесі бейнеленген көркем туындылар ұсынылды. Келушілер ашықхаттар арқылы ақынның тағылымды ойларымен танысып қана қоймай, оның өлеңдерін жалғастырып, ұлы ақын мұрасын бірге жаңғыртты. Бұл бастама – Абай сөзінің уақыт пен ұрпақ арасындағы рухани көпірге айналғанын көрсететін шағын, бірақ мағыналы мәдени жоба. ⚜️В рамках популяризации мудрости Абая в музейном пространстве была представлена особая интерактивная инсталляция. Цитаты великого мыслителя были оформлены в виде открыток, превратившись в небольшие точки духовного общения и размышления для посетителей музея. ▫️На оборотной стороне каждой открытки были представлены произведения из музейного собрания с изображением Абая. Знакомясь с мудрыми словами поэта, посетители не только обращались к его философским размышлениям, но и продолжали строки его стихотворений, вместе оживляя и переосмысливая литературное наследие великого Абая. Эта инициатива стала небольшим, но символичным культурным проектом, показывающим, что слово Абая и сегодня остаётся духовным мостом между поколениями.
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ