Оқиғалар

«Жады»

15 сәуір күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде бір шаңырақтан түлеп ұшқан шығармашылық әулет өкілдері: Мұхамеджан Зейнелхан, Гүлжай Құсман және Ботакөз Зейнелханның туындыларынан құралған

«Жады» атты көрменің ашылуы өтеді

Мұхамеджан Зейнелхан мен оның жары Гүлжай Құсман, сондай-ақ олардың қызы Ботакөз – өнерді өмірінің өзегіне айналдырған тұтас бір әулет. Көне қазақтың бізкесте өнері олардың шығармашылығында қайта жаңғырып, өзіндік өрнек тапқан. Әр туындысында дәстүр мен жаңашылдық шебер ұштасып, халық мұрасына деген терең құрмет пен оны келер ұрпаққа аман жеткізуге деген ізгі ниет айқын сезіледі. «Жады» атауының өзі халықтың ұжымдық жадын, көшпелі өркениеттің рухын, оның байлығы мен көпқырлылығын тереңінен танытады. Көрме ретроспективалық сипатта өтіп, әр жылдары дүниеге келген 50-ден астам шығарма көпшілік назарына ұсынылады.

Мұхамеджан Зейнелханның шығармашылық әлемі – кең тынысты, мазмұны бай көркем шежіре. Оның туындыларынан күнделікті тұрмыс көріністері де, көшпелі мәдениеттің салт-дәстүрлері де, мифологиялық сарындар мен терең философиялық толғаныстар да орын тапқан. «Шаңырақ», «Сарыарқа», «Бүркітші», «Дала дүбірі» сынды еңбектері арқылы суретші Ұлы даланың болмысын, ырғағын, кеңдігін және ішкі үйлесімін айшықты бейнелейді. Ол 1959 жылы Моңғолияда дүниеге келіп, Ұлан-Батыр қаласындағы көркемсурет училищесін тәмамдаған. Халықаралық және республикалық деңгейдегі көптеген байқаулар мен көрмелердің жүлдегері, «ЮНЕСКО Сапа белгісі» сертификатының иегері, «Биеннале-Ташкент-2002» көрмесінің дипломанты. Сондай-ақ кесте өнеріне арналған бірқатар кітаптар мен оқу құралдарының авторы. 2007 жылы есімі «Қазақстан рекордтар кітабына» енген.

Гүлжай Құсман – суретшінің жұбайы, кесте тігудің қыр-сырын анасынан меңгерген шебер. Қабырғаға ілінетін тұскиіздер, сәндік паннолар мен ұлттық нақыштағы киім үлгілері – оның еңбектерінің бір парасы ғана. Гүлжай дәстүрлі ою-өрнектерді заманауи бұйымдармен үйлестіріп, ұлттық өнерді жаңаша сипатта ұсынады. Шебер 1959 жылы Моңғолияда дүниеге келген. Ол Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі, «Шебер» республикалық байқауының екі дүркін жеңімпазы және «ЮНЕСКО Сапа белгісі» сертификатының иегері. Гүлжай Құсман 2014 жылы Парижде өткен ЭКСПО көрмесіне дайындық аясындағы көрмеде Қазақстан атынан өнер көрсетті. 2016 жылы Санта-Феде өткен Халықаралық ұлттық өнер жәрмеңкесіне қатысып, ел намысын халықаралық деңгейде абыроймен қорғады.

Ботакөз Зейнелхан – әулет өнерін жалғап келе жатқан жас буын өкілі. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын тәмамдаған ол өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып үлгерген. Оның шығармаларында абстракция мен бейнелі пішіндер үйлесім тауып, күрделі символдар айқын сызықтар мен бояу ырғағы арқылы өрнектеледі. «Самұрық», «Ақ құс», «Көне қала» секілді туындылары түркі дүниесінің мифтік бейнелерімен үндесіп, ұшу, жол, жаңғыру сынды мәңгілік тақырыптарды қозғайды.

Отбасының ағартушылық қызметі де ерекше құрметке лайық. Олар өз өнері мен тәжірибесімен еркін бөлісіп, ұлттық мәдениеттің қадір-қасиетін дәріптеп келеді. Шеберлерге қазақстандық өнерді дамыту мен насихаттаудағы елеулі еңбегі үшін алғыс білдіре отырып, шығармашылық шабыт, зор денсаулық және ұзақ та жемісті ғұмыр тілейміз.

 

Куратор Н.А. Баженова Көрме 2026 жылдың 28 сәуіріне дейін жалғасады.

Жұмыс уақыты: 10:00 – 18:00. Демалыс күні: дүйсенбі.

 

Instagram соңғы жаңалықтары

Instagram
⚜️2026 жылғы 10 маусым күні сағат 13:30-да Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Толқынды жырға айналдыру: Цзянсу провинциясының балалар гравюрасы» атты халықаралық көрменің салтанатты ашылуы өтеді.

▫️Экспозицияда Қытай Халық Республикасының Цзянсу провинциясынан келген 4 пен 16 жас аралығындағы жас суретшілердің шамамен 50 гравюралық туындысы ұсынылады. Жұмыстар балалардың шығармашылық әлеуетін, қоршаған әлемді шынайы қабылдауын, сондай-ақ Қытайдың көркемдік дәстүрлері мен мәдени мұрасының ерекшеліктерін айқын көрсетеді.

🔹Жоба Цзянсу провинциясының мәдениет және туризм департаменті тарапынан ұйымдастырылып, Дунхай ауданы халық үкіметінің қолдауымен жүзеге асырылуда және Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдени диалогты дамытуға бағытталған. Жұмыстардың авторлары – Цзянсу провинциясындағы білім беру мекемелерінің оқушылары. Жоба Қытайдағы балаларға арналған көркемдік білім беру саласындағы жетекші мамандандырылған мекемелердің бірі – Дунхай балалар гравюрасы орталығының қатысуымен дайындалған.

🔸Экспозиция «Ұлы Жібек жолының рухы және Қытай мен Қазақстан достығы» атты ортақ тақырып аясында біріктірілген және төрт тақырыптық бөлімді қамтиды: «Қытай мен Қазақстан достығы», «Ұлы Жібек жолының мәдениеті», «Спорттық оқиғалар» және «Балалар әлемі мен балалық әсерлер». Жас авторлар өнер тілі арқылы өздерін қоршаған әлем туралы баяндап, достық, мәдениет, тарих және болашақ жөніндегі көзқарастарын білдіреді.

🔺Көрме қазақстандық көрерменге Қытайдағы көркемдік білім беру жетістіктерімен танысуға және балалар көзімен әлемді – ашық, шынайы әрі өзара түсіністікке ұмтылған әлемді көруге мүмкіндік береді. Жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтып, мәдени диалогтың дамуына ықпал етеді, сондай-ақ өнердің халықаралық қарым-қатынастың және мәдени өзара байытудың әмбебап тілі ретіндегі ерекше маңызын айқындайды.
 
 📍Көрме 2026 жылдың 17 маусымына дейін өтеді.
Жұмыс уақыты: 10.00-ден 18.00-ге дейін.
Демалыс: дүйсенбі және әр айдың соңғы күні.
📌Көрменің кураторлары: Нұрпеис Д.К., Айдарова М.С. – «Шетел өнері» бөлімінің кіші ғылыми қызметкерлері ⚜️2026 жылғы 10 маусым күні сағат 13:30-да Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Толқынды жырға айналдыру: Цзянсу провинциясының балалар гравюрасы» атты халықаралық көрменің салтанатты ашылуы өтеді. ▫️Экспозицияда Қытай Халық Республикасының Цзянсу провинциясынан келген 4 пен 16 жас аралығындағы жас суретшілердің шамамен 50 гравюралық туындысы ұсынылады. Жұмыстар балалардың шығармашылық әлеуетін, қоршаған әлемді шынайы қабылдауын, сондай-ақ Қытайдың көркемдік дәстүрлері мен мәдени мұрасының ерекшеліктерін айқын көрсетеді. 🔹Жоба Цзянсу провинциясының мәдениет және туризм департаменті тарапынан ұйымдастырылып, Дунхай ауданы халық үкіметінің қолдауымен жүзеге асырылуда және Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдени диалогты дамытуға бағытталған. Жұмыстардың авторлары – Цзянсу провинциясындағы білім беру мекемелерінің оқушылары. Жоба Қытайдағы балаларға арналған көркемдік білім беру саласындағы жетекші мамандандырылған мекемелердің бірі – Дунхай балалар гравюрасы орталығының қатысуымен дайындалған. 🔸Экспозиция «Ұлы Жібек жолының рухы және Қытай мен Қазақстан достығы» атты ортақ тақырып аясында біріктірілген және төрт тақырыптық бөлімді қамтиды: «Қытай мен Қазақстан достығы», «Ұлы Жібек жолының мәдениеті», «Спорттық оқиғалар» және «Балалар әлемі мен балалық әсерлер». Жас авторлар өнер тілі арқылы өздерін қоршаған әлем туралы баяндап, достық, мәдениет, тарих және болашақ жөніндегі көзқарастарын білдіреді. 🔺Көрме қазақстандық көрерменге Қытайдағы көркемдік білім беру жетістіктерімен танысуға және балалар көзімен әлемді – ашық, шынайы әрі өзара түсіністікке ұмтылған әлемді көруге мүмкіндік береді. Жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтып, мәдени диалогтың дамуына ықпал етеді, сондай-ақ өнердің халықаралық қарым-қатынастың және мәдени өзара байытудың әмбебап тілі ретіндегі ерекше маңызын айқындайды. 📍Көрме 2026 жылдың 17 маусымына дейін өтеді. Жұмыс уақыты: 10.00-ден 18.00-ге дейін. Демалыс: дүйсенбі және әр айдың соңғы күні. 📌Көрменің кураторлары: Нұрпеис Д.К., Айдарова М.С. – «Шетел өнері» бөлімінің кіші ғылыми қызметкерлері ⚜️2026 жылдың 12 маусымы 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі ғимаратында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Алексей Федорович Уткиннің «Қаладағы серуен» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.
 
🎨Суретші бүгінгі таңда қалалық пейзаж жанрының көрнекті өкілі, майталман шебері саналады. Оның шығармалары Қазақстан, Ресей, АҚШ, Италия, Түркия, Франция, Испания және Нидерландтағы музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы. Алексей Уткин үнемі шығармашылық ізденісте жүретін, тынымсыз еңбек ететін суреткер. Оның қаламынан мыңнан астам кескіндемелік және графикалық туындылар туған. Суретшінің сүйікті жанры – қалалық пейзаж. Туындыларында табиғаттан алған әсері кәсіби шеберлікпен ұштасып, табиғат пен қалалық ортаның әртүрлі күйі автордың ішкі сезімі мен жеке толғанысымен бірігіп көркем бейнеге айналған.

🖌️Суретшінің шығармашылық қайнар көзі – жүректегі шексіз махаббаты: өмірге деген құштар ықыласы, жарына, балалары мен немерелеріне деген мейірі, туған қала мен адамдарға деген ілтипаты – өнерінің басты мұратына айналған. Барша өнерсүйер қауымды шебер туындыларының рухани әлеміне шомып, жүрек жылуы – шуағына бөленуге шақырамыз!

Көрме А. Уткин шығармашылығын жоғары бағалайтын коллекционер Дмитрий Дюмаевтың қолдауымен өтеді.
 
📍Көрме 2026 жылғы 3 шілдеге дейін жалғасады.
 
📌Куратор – А.Р. Ақылбекова
Көрмелер мен экспозициялар бөлімінің жетекшісі, өнертану магистрі ⚜️2026 жылдың 12 маусымы 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі ғимаратында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Алексей Федорович Уткиннің «Қаладағы серуен» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. 🎨Суретші бүгінгі таңда қалалық пейзаж жанрының көрнекті өкілі, майталман шебері саналады. Оның шығармалары Қазақстан, Ресей, АҚШ, Италия, Түркия, Франция, Испания және Нидерландтағы музейлер мен жеке коллекцияларда сақтаулы. Алексей Уткин үнемі шығармашылық ізденісте жүретін, тынымсыз еңбек ететін суреткер. Оның қаламынан мыңнан астам кескіндемелік және графикалық туындылар туған. Суретшінің сүйікті жанры – қалалық пейзаж. Туындыларында табиғаттан алған әсері кәсіби шеберлікпен ұштасып, табиғат пен қалалық ортаның әртүрлі күйі автордың ішкі сезімі мен жеке толғанысымен бірігіп көркем бейнеге айналған. 🖌️Суретшінің шығармашылық қайнар көзі – жүректегі шексіз махаббаты: өмірге деген құштар ықыласы, жарына, балалары мен немерелеріне деген мейірі, туған қала мен адамдарға деген ілтипаты – өнерінің басты мұратына айналған. Барша өнерсүйер қауымды шебер туындыларының рухани әлеміне шомып, жүрек жылуы – шуағына бөленуге шақырамыз! Көрме А. Уткин шығармашылығын жоғары бағалайтын коллекционер Дмитрий Дюмаевтың қолдауымен өтеді. 📍Көрме 2026 жылғы 3 шілдеге дейін жалғасады. 📌Куратор – А.Р. Ақылбекова Көрмелер мен экспозициялар бөлімінің жетекшісі, өнертану магистрі ⚜️2026 жылдың 3 маусымында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Жанасу II – Соприкосновение II» республикалық көрмесі ашылды. Қазақстандық пастель өнері шеберлерінің бірлестігі дайындаған бұл көрме өткен жылы кәсіби орта мен өнерсүйер қауым тарапынан ерекше қызығушылыққа ие болған жобаның жалғасы болып отыр.
 
▫️Пастель – шеберлердің қолында бар қырын ашып, сан алуан көркемдік әсер бере алатын, мүмкіндігі кең әрі жанды материал. Көрме кеңістігінде өзіндік өрнегі, дара техникасы және бояу мәнері бар әртүрлі авторлардың жұмыстары бір арнада тоғысқан. 

🔸Екінші көрме жобаның ішкі эволюциясын нақ көрсетеді. Бастапқы шығармашылық ұжымға жаңа суретшілердің қосылуы экспозицияға тың колористік энергия мен өзгеше реңк әкелді. Зал кеңістігінде шағын натюрморттар, қалалық және далалық пейзаждар, сондай-ақ метафоралық сюжеттерге құрылған композициялар өзара үйлесім тапқан. Бұл туындылар суретшілердің тек техникалық еркіндігін ғана емес, сонымен қатар суретшілердің ішкі ізденісін, өмір құбылыстарының нәзік әрі құбылмалы күйлерін дөп басып бейнелей алу қабілетін көрсетеді. 

🔹Көрмеге А. Хакимжанова, А. Тампиев, А. Татарова, А. Сластинова, А..Сафи, А. Овечкина, А. Фидирко, В. Трофимович, В. Татаринов, Г. Пащенко, Г. Умарова, Д..Куралбаев, Д. Залесская, Д. Муштак, Е. Попова, К. Ибраева, К. Рыбалко, Л. Логвинова, М..Мун, М. Бурманская, Н. Молокотина, Н. Сайгушева, О. Иконникова, Р. Сакович, С..Какоткина, С. Кравченко, С. Кушкова, Т. Максименко сынды суретшілердің еңбектері қойылған.

Суретшілердің пастельге деген көзқарасы бұл материалдың табиғатын терең түсінуге негізделген. Олар осы техника арқылы күрделі психологиялық көңіл-күйді, ішкі сезім мен жеке дүниетанымды еркін жеткізеді. Көрме ұзақ ізденістің нәтижесінде туған туындылардан құралған.

📍 Көрме 2026 жылдың 25 маусымына дейін жалғасады.
Жұмыс уақыты: 10:00 - 19:00.
Демалыс күні: дүйсенбі
 
📌Куратор: Әбілхан Қастеев атындағы
ҚР Ұлттық өнер музейінің «Музейлік педагогика және экскурсиялық қызмет» бөлімінің қызметкері Г.А. Исхакова. ⚜️2026 жылдың 3 маусымында Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Жанасу II – Соприкосновение II» республикалық көрмесі ашылды. Қазақстандық пастель өнері шеберлерінің бірлестігі дайындаған бұл көрме өткен жылы кәсіби орта мен өнерсүйер қауым тарапынан ерекше қызығушылыққа ие болған жобаның жалғасы болып отыр. ▫️Пастель – шеберлердің қолында бар қырын ашып, сан алуан көркемдік әсер бере алатын, мүмкіндігі кең әрі жанды материал. Көрме кеңістігінде өзіндік өрнегі, дара техникасы және бояу мәнері бар әртүрлі авторлардың жұмыстары бір арнада тоғысқан. 🔸Екінші көрме жобаның ішкі эволюциясын нақ көрсетеді. Бастапқы шығармашылық ұжымға жаңа суретшілердің қосылуы экспозицияға тың колористік энергия мен өзгеше реңк әкелді. Зал кеңістігінде шағын натюрморттар, қалалық және далалық пейзаждар, сондай-ақ метафоралық сюжеттерге құрылған композициялар өзара үйлесім тапқан. Бұл туындылар суретшілердің тек техникалық еркіндігін ғана емес, сонымен қатар суретшілердің ішкі ізденісін, өмір құбылыстарының нәзік әрі құбылмалы күйлерін дөп басып бейнелей алу қабілетін көрсетеді. 🔹Көрмеге А. Хакимжанова, А. Тампиев, А. Татарова, А. Сластинова, А..Сафи, А. Овечкина, А. Фидирко, В. Трофимович, В. Татаринов, Г. Пащенко, Г. Умарова, Д..Куралбаев, Д. Залесская, Д. Муштак, Е. Попова, К. Ибраева, К. Рыбалко, Л. Логвинова, М..Мун, М. Бурманская, Н. Молокотина, Н. Сайгушева, О. Иконникова, Р. Сакович, С..Какоткина, С. Кравченко, С. Кушкова, Т. Максименко сынды суретшілердің еңбектері қойылған. Суретшілердің пастельге деген көзқарасы бұл материалдың табиғатын терең түсінуге негізделген. Олар осы техника арқылы күрделі психологиялық көңіл-күйді, ішкі сезім мен жеке дүниетанымды еркін жеткізеді. Көрме ұзақ ізденістің нәтижесінде туған туындылардан құралған. 📍 Көрме 2026 жылдың 25 маусымына дейін жалғасады. Жұмыс уақыты: 10:00 - 19:00. Демалыс күні: дүйсенбі 📌Куратор: Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінің «Музейлік педагогика және экскурсиялық қызмет» бөлімінің қызметкері Г.А. Исхакова. 🇰🇿4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні.

Бұл күн — халқымыздың бірлігін, тәуелсіздігіміздің тұғырын, еліміздің болашаққа деген сенімін білдіретін айрықша мереке. Елтаңба, Ту, Әнұран — Отанға деген сүйіспеншілігіміздің, ұлттық мақтанышымыздың жарқын бейнесі.

Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз. Мәңгілік Ел болу жолындағы қадамымыз нық, туымыз биік болсын! 🇰🇿4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Бұл күн — халқымыздың бірлігін, тәуелсіздігіміздің тұғырын, еліміздің болашаққа деген сенімін білдіретін айрықша мереке. Елтаңба, Ту, Әнұран — Отанға деген сүйіспеншілігіміздің, ұлттық мақтанышымыздың жарқын бейнесі. Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз. Мәңгілік Ел болу жолындағы қадамымыз нық, туымыз биік болсын! ⚜️2026 жылдың 11 маусым күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінде талантты кескіндемеші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы мен каталогының тұсаукесер рәсімі өтеді.

🔹Омархан Құмар – бүгінгі қазақ бейнелеу өнеріндегі ұлттық тарих пен рухани құндылықтарды шығармашылығының өзегіне айналдырған, өзіндік қолтаңбасы айқын кәсіби суретші. Оның туындылары халықтық рухқа толы, қазақ халқының тарихи жады мен мәдени мұрасын терең пайымдап, өткен мен бүгінді сабақтастыратын мазмұнды көркем образдар жасауымен ерекшеленеді. Суретші шығармашылығына академиялық мектептің берік негіздері, композициялық тұтастық, сурет салудағы жоғары кәсіби мәдениет пен реалистік бейнелеу дәстүріне адалдық тән.

🔸Көрмеде автордың 2000 жылдардан бері орындалған жетпіске жуық таңдаулы кескіндемелік туындылары ұсынылған. Экспозиция суретшінің шығармашылық ізденістерінің ауқымын, жанрлық және тақырып аясының мол қорын жан-жақты таныстырады. Әрбір композициясынан суреткердің шеберлігі мен шығармашылық кемелдігі айқын сезіледі. Автор тарихи тұлғалардың мінезі мен болмысын, дәуір рухын және оқиға мазмұнын терең ашуға ұмтылып, көркем образдың нанымдылығы мен эмоционалдық әсеріне ерекше мән береді. Түстік үйлесім, пластикалық шешім және композициялық құрылым оның жұмыстарында біртұтас көркем жүйеге айналып, туындының идеялық мазмұнын терең аша түседі.

🔺«ҰЛЫ РУХ» көрмесі – суретші Омархан Құмардың 25 жылға жуық шығармашылық жолын қорытындылайтын алғашқы жеке көрмесі. Көрме атауының өзі экспозицияда ұсынылған туындылардың негізгі мазмұны мен идеялық өзегін айқындайды. Ұлт тарихы, елдік рух, ұлы тұлғалар, батырлық дәстүр мен туған жер табиғаты суретшінің шығармаларында көркемдік шешім тауып, қазақ халқының рухани болмысы мен тарихи жадын бейнелейтін өзіндік образдар жүйесін құрайды. Бұл көрме автордың ширек ғасырға жуық уақыттағы шығармашылық ізденістері мен кәсіби шеберлігінің нәтижесін танытатын маңызды мәдени оқиға болып табылады.

📌Көрме кураторы: Самал Мамытова ⚜️2026 жылдың 11 маусым күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінде талантты кескіндемеші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы мен каталогының тұсаукесер рәсімі өтеді. 🔹Омархан Құмар – бүгінгі қазақ бейнелеу өнеріндегі ұлттық тарих пен рухани құндылықтарды шығармашылығының өзегіне айналдырған, өзіндік қолтаңбасы айқын кәсіби суретші. Оның туындылары халықтық рухқа толы, қазақ халқының тарихи жады мен мәдени мұрасын терең пайымдап, өткен мен бүгінді сабақтастыратын мазмұнды көркем образдар жасауымен ерекшеленеді. Суретші шығармашылығына академиялық мектептің берік негіздері, композициялық тұтастық, сурет салудағы жоғары кәсіби мәдениет пен реалистік бейнелеу дәстүріне адалдық тән. 🔸Көрмеде автордың 2000 жылдардан бері орындалған жетпіске жуық таңдаулы кескіндемелік туындылары ұсынылған. Экспозиция суретшінің шығармашылық ізденістерінің ауқымын, жанрлық және тақырып аясының мол қорын жан-жақты таныстырады. Әрбір композициясынан суреткердің шеберлігі мен шығармашылық кемелдігі айқын сезіледі. Автор тарихи тұлғалардың мінезі мен болмысын, дәуір рухын және оқиға мазмұнын терең ашуға ұмтылып, көркем образдың нанымдылығы мен эмоционалдық әсеріне ерекше мән береді. Түстік үйлесім, пластикалық шешім және композициялық құрылым оның жұмыстарында біртұтас көркем жүйеге айналып, туындының идеялық мазмұнын терең аша түседі. 🔺«ҰЛЫ РУХ» көрмесі – суретші Омархан Құмардың 25 жылға жуық шығармашылық жолын қорытындылайтын алғашқы жеке көрмесі. Көрме атауының өзі экспозицияда ұсынылған туындылардың негізгі мазмұны мен идеялық өзегін айқындайды. Ұлт тарихы, елдік рух, ұлы тұлғалар, батырлық дәстүр мен туған жер табиғаты суретшінің шығармаларында көркемдік шешім тауып, қазақ халқының рухани болмысы мен тарихи жадын бейнелейтін өзіндік образдар жүйесін құрайды. Бұл көрме автордың ширек ғасырға жуық уақыттағы шығармашылық ізденістері мен кәсіби шеберлігінің нәтижесін танытатын маңызды мәдени оқиға болып табылады. 📌Көрме кураторы: Самал Мамытова Қазақстан-Ресей мәдени байланысы

Мәдениет пен өнер халықтар арасындағы байланысты нығайтатын маңызды құндылықтардың бірі. Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени ықпалдастық өнер кеңістігінде өз жалғасын тауып келеді.

Бейнематериал 24KZ телеарнасынан. Қазақстан-Ресей мәдени байланысы Мәдениет пен өнер халықтар арасындағы байланысты нығайтатын маңызды құндылықтардың бірі. Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени ықпалдастық өнер кеңістігінде өз жалғасын тауып келеді. Бейнематериал 24KZ телеарнасынан.
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ