2025 жылдың 7 наурыз күні сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде суретші Рафаэль Слекеновтың « TANIR NURY» жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Көрмеге суретшінің 90-ға жуық кескіндемелік туындылары ұсынылады.
Рафаэль Слекеновтың шығармашылығы – балалық шақ туралы естеліктер мен адамзат пен нәзік табиғат, қоршаған әлем арасындағы үнсіз байланысты көрсете отырып, өзінің шығармашылығынан сыр шертеді. Автордың туындыларындағы жан сарайының көрінісі бір өзгеше сұлу да, сырлы, таңғажайып жұмбаққа толы «үй әлемін» құрайтындай. Автор үшін бұл жұмбақ мекен үйі – қорғаны, құтқарушы орны, өмірінің жылуы мен жайлылығының бейне бір көрінісі. Дәл осы үйде, қарапайым тұрмыста, адамдардың рухани еңбегі мен табиғаттың жасыл шұғыласында автор адам болмысының поэзиясын көреді.