Оқиғалар

Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдастыруымен «Қазақстанды монеталар арқылы таны» атты көрмесінің ашылуы өтеді.

2023 жылғы 8 қарашада сағат 11.00 де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі мен Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдастыруымен «Қазақстанды монеталар арқылы таны» атты көрмесінің ашылуы өтеді.

 

Ақтөбе облыстық өнер музейінің қорынан және қала суретшілері шығармаларынан құралған «Ақтөбе бояулары» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

2023 жылдың 3 қарашасында сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Ақтөбе облыстық өнер музейінің қорынан және қала суретшілері шығармаларынан құралған «Ақтөбе бояулары» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Көрмеде 60-қа жуық осы өңір суретшілерінің 100-ден астам кескіндеме, графика және мүсіндік туындылары ұсынылған. 

Лидия Вайнның «Моншақтар. Жанасу» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

2023 жылғы 1 қарашада сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Лидия Вайнның «Моншақтар. Жанасу» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

Алматыда “VR және ФОТОСУРЕТ: Француз заманауи өнері” көрмесі өтеді.

“Цифрлы күз: Ішінде болу” 27-қазан мен 5-қараша аралығында Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде “VR және ФОТОСУРЕТ: Француз заманауи өнері” көрмесі өтеді.


2023 жылғы 19-қазан, Алматы – “Цифрлы күз” фестивалі Алматыда екінші рет өтуде. Көрме 27-қазан мен 5-қараша аралығында Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде өтеді.

Суретші Ким Михаил Петровичтің (1923-1990) 100-жылдығына орай көрменің ашылуы және шебердің өмірі мен шығармашылығына арналған альбомның тұсаукесері өтеді.

27 қазан күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде суретші Ким Михаил Петровичтің (1923-1990) 100-жылдығына орай көрменің ашылуы және шебердің өмірі мен шығармашылығына арналған альбомның тұсаукесері өтеді.