2023 жылғы 10 мамырда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Гүлмарал Тәтібаеваның «Сағыныш» атты жеке көрмесі өтеді.
2023 жылдың 21 сәуірінде сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде Сәулетай Алшынбаевтың «Шексіз сұлулық» атты жеке мерейтойлық көрмесі ашылады. Экспозицияда автордың 50-ге жуық мүсіндік және графикалық туындылары ұсынылады.
2023 жылдың 18 сәуірінде сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде Санкт-Петербургтің график суретшісі Андрей Бодровтың «Өзімен-өзі күрес» көрмесінің ашылуы өтеді. Содай-ақ, сағат 14:00-де суретші «Құрғақ ине» нақыштау техникасы бойынша шеберлік сабақ жүргізеді.
2023 жылдың 15 сәуірінен бастап, Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Әсем Әлем өнер академиясы аясындағы көктемдік дәрістер бағдарламасы ұсынылады.
14 апреля 2023 г. в 16:00 в Государственном музее искусств РК им. Абылхана Кастеева состоится выставка «Евразия. Наследие Шёлкового пути» К 35-летию программы ЮНЕСКО «Шёлковый путь».