Оқиғалар

«Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығы» халықаралық балалар шығармашылығы көрмесінің ашылуы мен байқау жүлдегерлерін марапаттау рәсімі

 «Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығы» халықаралық  балалар шығармашылығы көрмесінің ашылуы мен байқау жүлдегерлерін марапаттау рәсімі

 

Аталған балалар шығармашылығының көрмесі «Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығы» халықаралық байқауы аясында өткізіліп отыр және бейнелеу өнері тарихындағы кескіндеме шеберлерінің бірі, қазақстандық тұңғыш суретші Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығына арналған.

ҚР суретшілер одағының мүшесі, суретші Садығұлов Рақымжан Сейткендірұлының «БҰЛ МЕНІҢ ӘЛЕМІМ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылу өтеді.

2024 жылдың 26 қаңтар күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде ҚР суретшілер одағының мүшесі, суретші Садығұлов Рақымжан Сейткендірұлының «БҰЛ МЕНІҢ ӘЛЕМІМ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылу өтеді. Көрмеге суретшінің әр жылдары жасалған 70-ке жуық  кескіндеме, графика және гобеленнен құралған туындылары ұсынылады.

 

Садығұлов Рақымжан Сейткендірұлы 1947 жылы Луговой кентінде қызметкер отбасында дүниеге келген.  1978 жылы Украина Республикасының Львов қаласындағы Мемлекеттік қолданбалы – сәндік өнер институтын бітірген. Рақымжан Садығұловтың шығармашылығы жан-жақты әртүрлі техникамен, жанрмен, бейнелеу өнерінің түрлілігімен ерекшеленіп, өзінің  қайталанбас жеке қолтаңбасымен айқындалады. Р. Садығұлов  өз шығармашылығымен қатар 30 жылдан астам ұстаздық қызметін де бірге алып жүрген суретші.

Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің 120 жылдық мерейтойына арналған «Sanat» өнер білім орталығының «Әбілхан Қастеев ізімен» атты көрмесінің ашылуы өтеді.

2024 жылдың 23 қаңтар күні сағ. 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің 120 жылдық мерейтойына арналған «Sanat» өнер білім орталығының «Әбілхан Қастеев ізімен» атты көрмесінің ашылуы өтеді.  

«Sanat» өнер білім орталығы ҚР Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен 2021 жылдың 1 мамырынан бастап жүзеге асырылып келе жатқан «Мемлекеттік спорт және шығармашылық тапсырыстарды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру» реформасы аясында жұмыс жасап отырған білім мекемесі.  Орталық негізін қалаушы дәстүрлі әнші, Мәдениет саласының үздігі Исаев Санат Ауғанбайұлы. Орталықта сурет салу және кескіндеме үйірмесі бойынша 4-18 жас аралығындағы жүзден астам шәкірт білім алуда. Оқушылардың үздік жұмыстары «Алматы Балаfest» фестивалі аясында өткен «Жасыл Алматы» байқауында, сондай-ақ көптеген Халықаралық, Республикалық конкурстарда жүлделі орындар алуда.

Суретші Бәйтенов Мәжит Садықұлының 75 жылдығына орай «Ұлы дала аңыздары» атты мерейтойлық көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

2024 жылдың 12 қаңтар күні сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде суретші Бәйтенов Мәжит Садықұлының 75 жылдығына орай «Ұлы дала аңыздары» атты мерейтойлық көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

 

«Ұлы дала аңыздары» атты көрмеге суретшінің 75 кескіндемелік туындылары ұсынылады. Туындылар қылқалам шеберінің тәуелсіздік жылдарынан кейінгі, басым бөлігі соңғы бес жылдықтағы және бұл туындылар  шығармашылығының бір бөлігі болып табылады. Тақырыпқа сай ұлы даланың аңыздары ұлттық ерекшеліктер мен дәстүрлі дүние танымы автордың көзқарасы арқылы суреттелген. Суретшінің авторлық қолтаңбасына түстік түзілімінің қанықтығы, жазықтықтың нұсқалық түрленуі, фактуралық үйлесім, стилизация және пішіндердің трансформациялануы тән. Шебердің «Түрленуден қорықпаймын» - деген  қанатты сөзі жаңа эксперименттерге дайындығын және ішкі көпқырлы ұмтылысын көрсетеді. 

Суретші Ирина Губаның «Түс пішіні» көрмесінің ашылуы өтеді.

2024 жылдың 10 қаңтар айында сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде суретші Ирина Губаның «Түс пішіні» көрмесінің ашылуы өтеді.

Ирина Губа заманауи импрессионизмді барынша қызықты етіп көрсетеді. Көрмеге қойылған суретшінің 30-дан астам картинасы түрлі-түсті симфония мен эмоционалды импульсті бейнелейді. Пастозды және тығыз пішіндерге айналдырылған майлы кескіндеме техникасы түстің әсемдігіне бірегей ерекшелік береді.  Картиналардан таңғажайып жеңілдік, ерекше және толғандыратын әсерді сезінуге болады.