2025 жылдың 8 қаңтар күні 16.00 Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Александр Белов пен оның ұлы Петр Беловтың «Қас-қағым сәттегі сұлулық» атты көрмесі ашылады.
Экспозицияда 40-тан астам көркем және графикалық жұмыстар ұсынылған. А.П. Белов 1961 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемөнер училищесін бітірген. Сурет өнері шеберлері - А.Дячкин, Ү.Әжиев, М.Кенбаев, И. Квачкодан білім алған.
Суретші мамандығын таңдауға танымал қазақстандық суретші және педагог И.Я. Стадничукпен таныстығы және достығы көмектесті.