2025 жылдың 11 шілдесінде сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде көрнекті қазақстандық суретші Ибрагим Кубековты (1957-2025) еске алуға арналған көрменің ашылуы өтеді. Көрмеде автордың графика және кескіндеме жанрларында орындалған елуге жуық туындысы ұсынылады.
Ретроспективті көрме көрерменді өмірдің қарапайым сәттерінен-ақ сан алуан сезім мен терең мағына таба білген талантты шебердің шығармашылығымен таныстырады. Көрме бүкіл ғұмырын өнерге қызмет етуге арнаған тамаша суретші әрі асыл жанның жарқын рухына тағзым ретінде ұйымдастырылып отыр.