2021 жылдың 19 қараша күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде жас суретші Асқар Нұрболаттың OSHAQ атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Көрмеге суретшінің отыздан астам кескіндемелік туындылары қойылған. Көрме 2021 жылдың 9 желтоқсанына дейін жалғасады.
2021 жылдың 12 қараша күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде ҚР Суретшілер одағының 2021 жылдың республикалық есептік көрмесінің ашылуы өтеді.
Көрме ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады.
2021 жылы 11 қарашада сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде белгілі қазақстандық мүсінші, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Ескен Сергебаевтың «Тәуелсіздік – тұғырым!» атты жеке көрмесі ашылады. Көрме шебердің туғанына 80 жыл толуына және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған.
2021 жылдың 10 қараша күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Виктор Горбуновтың «Әдемі сәттердің шуақ шашуы» атты фотокөрмесі ашылады.
2021 жылы 5 қарашада сағат 15.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан Қолөнершілер одағы және «Шеврон» компаниясымен серіктестікте «Шебер – 2020/2021. Біздің мұра» фестивалінің көрмесі ашылады.