Оқиғалар

Жәмилә Такеннің "Мен көру үшін көзімді жұмдым" кескіндеме көрмесі

ҚР Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейi 2021 жылдың 15 желтоқсанынан сағат 16:00 Жәмилә Такеннің "Мен көру үшін көзімді жұмдым" атты кескіндеме көрмесін ұсынады. Экспозицияда шебердің 100 туындысы қойылған.

Қазақстандық фотосуретші Деонисий Митьтің жеке көрмесі

     2021 жылы 10 желтоқсан күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде ҚР Сыртқы істер министрлігі мен БҰҰ кеңсесінің қолдауымен, белгілі қазақстандық фотосуретші Деонисий Митьтің жеке көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. «Қазақстан – таулар мен дала мекені» көрмесі автордың шығармашылық қызметінің 25 жылдығына арналған. Көрмеге арасында ауқымды панорамалық композицияларымен  таныстыратын кенепке басылған 50 фото-картинасы да қойылады.

 БАҚ өкілдері үшін: 9 желтоқсан сағат 18:00-де көрме жөнінде арнайы баспасөз-туры өтеді.

Презентация книг художника-графика Ералы Оспанулы «Этнографический атлас казахского орнамента» и «Казахи - Искусство номадов»

7 декабря 2021 года в 12:00 в Государственном музее искусств РК имени  А. Кастеева состоится презентация книг художника-графика Ералы Оспанулы «Этнографический атлас казахского орнамента» и «Казахи - Искусство номадов».

Шыңғыс Ноғайбаевтың «Көшпенділер философиясы» жеке көрмесі

2021 жылдың 26 қарашадан бастап, Әбілхан Қастеев атындағы ҚР МӨМ-нің Орталық Көрме залында (Желтоқсан к.137) Шыңғыс Ноғайбаевтың «Көшпенділер философиясы» атты жеке көрмесі ашылады.

БАҚ өкілдері үшін 25 қараша күні сағат 16:00-де баспасөз-туры өтеді.

Жас суретші Асқар Нұрболаттың «OSHAQ» жеке көрмесі

2021 жылдың 19 қараша күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде жас суретші Асқар Нұрболаттың OSHAQ атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Көрмеге суретшінің отыздан астам кескіндемелік туындылары қойылған. Көрме 2021 жылдың 9 желтоқсанына дейін жалғасады.