Оқиғалар

Ғалым Оспановтың «Өткенді шолу» атты көрмесі мен каталогының тұсаукесері өтеді

2024 жылғы 13 маусымда сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Ғалым Оспановтың «Өткенді шолу» атты көрмесі мен каталогының тұсаукесері өтеді, онда қазіргі заманғы қазақстандық суретшінің даралық және шығармашылық сипатындағы 53 туындысы ұсынылады.

Ғалым Оспанов – натюрморт шебері. Оның картиналарының басты кейіпкерлері айналасындағы заттар болып табылады, олардың көмегімен шындық туралы өз түсінігін және әлемнің сезімін білдіреді. Шебердің көркемдік бейнелерінің мағыналарын түсіну композициялық құрылымда, колоритті құруда, түс символикасында, көркем фактурада және өмірді метафорикалық тұрғыдан ұғынудан тұрады.

Алматы Технологиялық университетінің «Дизайн» кафедрасы оқытушыларының «Уақыттың назарында» атты көрмесі ашылады

2024 жылдың 11 маусымында сағат 16:00-де

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Алматы Технологиялық университетінің «Дизайн» кафедрасы оқытушыларының «Уақыттың назарында» атты көрмесі ашылады

 

«Уақыт назарында» көрмесі тоғыз кәсіби суретшіні, Алматы Технологиялық университетінің «Дизайн» кафедрасының оқытушыларын біріктірді, олардың ішінде: Алданаева Айсұлу, Бектиярова Жәмила, Төремұратова Ғалия, Әлиасқарова Айгүл, Джураева Гүлшат, Кеңесбек Жадыра, Әбілқаламова Камиля , Алданаева Томирис, Ердинбекова Әлия .  Көрмеге олар кескіндеме, графика және сәндік-қолданбалы өнердің 80-нен астам туындыларын ұсынды.

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының ұзақ мерзімді ынтымақтастығы аясында, «ӨТКЕН ШАҚТЫҢ ӨНЕРІ БОЛАШАҚТЫҢ ДИДАРЫНДА» атты Әбілхан Қастеевтің 120 жылдық мерейтойына арналған суретші шығармашылығының интерактивті көрмесін ұсынады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының ұзақ мерзімді ынтымақтастығы аясында, «ӨТКЕН ШАҚТЫҢ ӨНЕРІ БОЛАШАҚТЫҢ ДИДАРЫНДА» атты Әбілхан Қастеевтің 120 жылдық мерейтойына арналған суретші шығармашылығының интерактивті көрмесін ұсынады. Көрменің ашылуымен қатар Ә.  Қастеев альбом-каталогының тұсаукесері өтеді.  

Көрме 2024 жылдың 24 мамырында сағат 16.00-де ашылады.

Ұсынылып отырған интерактивті көрме Халық суретшісі, Қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі Әбілхан Қастеевтің шығармаларына инновациялық әдістерді қолдануымен ерекшеленеді. Сондай ақ, Samsung компаниясының бірегей өнімі The Frame теледидарынан көркем туындыларды бейнелеудегі мүмкіндіктерін көруге болады. Экспозицияға шебердің кескіндеме және графикалық туындыларымен қатар, танымал туындыларына жан беріліп анимацияланған бес LED экран кіреді. Сонымен қатар, Art Store өнер дүкенінің қосымшасында көрнекті суретші шығармашылығының жанкүйерлері оның басқа да туындыларымен таныса алады.

UMAI Classics: STEPPE SOUNDSCAPE – «Дала әуені: Қазақ классикалық музыкасына саяхат» атты Қазақстан композиторлары шығармаларының алғашқы жастар классикалық альбомын ұсынады.

UMAI Classics: STEPPE SOUNDSCAPE – «Дала әуені: Қазақ классикалық музыкасына саяхат» атты Қазақстан композиторлары шығармаларының алғашқы жастар классикалық альбомын ұсынады.

Шара 2024 жылдың 26 мамыры күні Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде өтеді. (Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнер залы) Басталатын уақыты – 14:00.

UMAI Classics – Қазақстанның және бүкіл әлемнің ұлы композиторларының мұрасын қолдай отырып, жас таланттарды қанаттандыруға арналған мәдени-әлеуметтік жоба.  Классикалық музыканың өткені мен болашағы арасында алтын көпір бола отырып, шығармашылықта өсу және өзін-өзі көрсету платформасы болып табылады. Жобаның негізгі мақсаты – шығармалардың заманауи үні арқылы мәдени мұраны сақтау және насихаттау, ұрпақтар мен мәдениеттерді біріктіру.

Орталық көрме залында жыл сайынғы музей қызметкерлерінің қатысуымен өтетін «Көктем нұры» атты көрмесі ашылады. Көрме 18 мамыр – дүниежүзілік музей күніне арналады.

2024 жылы 15 мамырында сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында (Желтоқсан, 137) жыл сайынғы музей қызметкерлерінің қатысуымен өтетін «Көктем нұры» атты көрмесі ашылады. Көрме 18 мамыр – дүниежүзілік музей күніне арналады.

Музей қызметкерлерінің «Көктем нұры» көрмесі жақсы дәстүрге айналып, 20 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді. Экспозицияда 180-нен астам жұмыстар ұсынылған. Бұл кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер туындылары. Аталмыш көрмеге 33 суретші қатысуда.