Оқиғалар

Әйгілі заманауи жапон суретшісі Каору Мори жасаған қызықты әлемге енуге мүмкіндік беретін «Қалыңдықтың хикаясы» сериясының манга көрмесі ашылады.

2024 жылдың 18 мамыры сағат 16:00-де Халықаралық музейлер күні аясында, Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде әйгілі заманауи жапон суретшісі Каору Мори жасаған қызықты әлемге енуге мүмкіндік беретін «Қалыңдықтың хикаясы» сериясының манга көрмесі ашылады.

Көрме экспозициясында жете орындалған иллюстрациялардың 207 парағынан тұратын осы серияның 14-томы ұсынылған. Олар Орталық Азияның жарқын және ерекше мәдениеті мен өмір салтын көрсететін әсерлі, әрі шиеленіскен оқиғаларды, әсерлі кейіпкерлерді сипаттайды. Манга XIX ғасырдың ортасында бастау алып, қалыңдықтың бейнесіне ерекше назар аудара отырып, көшпенділердің өмірін баяндайды.

Халықаралық «Музей түні» іс-шарасы аясында өнер сүйер қауымның назарына музей қорынан «Жапон өнері. XVII-XXI ғасырлар» атты көрменің ашылуы мен каталогтың тұсаукесерін ұсынады.

2024 жылдың 18 мамыры сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейі Халықаралық «Музей түні» іс-шарасы аясында өнер сүйер қауымның назарына музей қорынан «Жапон өнері. XVII-XXI ғасырлар» атты көрменің ашылуы мен каталогтың тұсаукесерін ұсынады.

«Қазақстанның жетекші өнер музейінің қорынан жапон өнерінің каталогын басып шығару екі ел арасындағы халықаралық мәдени өзара іс-қимылды нығайту мен жандандыруға септігін тигізеді деген үміттеміз», - дейді музей директоры Гүлайым Мұсағұлқызы Жұмабекова.

Халықаралық музейлер күнінде, 2024 жылғы 18 мамырда, сағат 14:00-ден 24:00-ге дейін «Музейдегі түн-2024» жыл сайынғы ауқымды жобасын ұсынады.

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі Халықаралық музейлер күнінде, 2024 жылғы 18 мамырда, сағат 14:00-ден 24:00-ге дейін

«Музейдегі түн-2024» жыл сайынғы ауқымды жобасын ұсынады.

2024 жыл ICOM - Халықаралық музейлер кеңесінің тақырыбы

«БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН МУЗЕЙЛЕР»

* Бас серіктес - Konica Minolta Kazakhstan

* Ақпараттық серіктес - art of HER порталы

* Демеуші - DAMIANI зергерлік үйі

 

«Халықаралық музейлер күні» жыл сайын 18 мамырда бүкіл әлемде атап өтіледі. Бұл күні Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі дәстүр бойынша көрермендер үшін көрмелер, концерттер, экскурсиялар, шеберлік сағаттар және интерактивті іс-шаралар бағдарламасын ұсынады. «Музей түні» жобасының мақсаты – музей кеңістігінде мәдени мұраны насихаттау және кең аудиторияны тарту болып табылады.

Qazaq Ballet креативті зертханасы ұйымдастырған «Қазақ балеті: 90 жылғы тарих» атты картиналар көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

Баспасөзге баяндама

Қазақ балетінің 90 жылдығына арналған картиналар көрмесі

 

2024 жылғы 16 мамырда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Qazaq Ballet креативті зертханасы ұйымдастырған «Қазақ балеті: 90 жылғы тарих» атты картиналар көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Көрмеде Қазақстанның кәсіби хореографиялық өнеріндегі 90 жыл бойы қойылған тарихи және заманауи ұлттық спектакльдердің реконструкциясы ұсынылған.

Қазақстандық ұйғыр суретшісі Руслан Юсуповтың (1950-2021) «Шарын аңыздары» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

2024 жылғы 10 мамырда сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде қазақстандық ұйғыр суретшісі Руслан Юсуповтың (1950-2021) «Шарын аңыздары» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Көрмеге 30-дан астам кескіндеме туындылары ұсынылады.

    Руслан Зайнутдинович Юсупов 1950 жылы Құлжа қаласында (ҚХР) дүниеге келген. 1970 жылы Н. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. 1979 жылы Ташкент театр-көркемсурет институтында оқуын аяқтады. 1972 жылдан бастап республикалық, бүкілодақтық және халықаралық көрмелердің қатысушысы. 1980 жылдан бастап Алматы театр-көркемсурет институтында және өнер академиясында (қазіргі Т.Жүргенев атындағы ҚазҰӨА) сабақ берді. 1983 жылы Республикалық «Жігер» өнер фестивалінің дипломанты. 1984 жылдан КСРО және Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі. Шыңжаң өнер институтында (Үрімші) сабақ берді. Шығармашылық сапарда  Шыңжанда, Италияда, Үндістанда болды. «Ильхам» сыйлығының иегері (2002).