2021 жылдың 16 қыркүйегі күні сағат 16.00 де Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ-інде орыстың әлемге белгілі суретшісі Николай Константинович Рерихтің (1874-1947) «Рухтың шыңдары» атты көрмесі ашылады.
2021 жылдың 15 қыркүйегінде сағат 16.00 -де Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік Өнер музейінің Орталық Көрме залында Алматылық суретші Светлана Какоткинаның «Терезеден тыс көрініс» атты көрмесінің ашылуы өтеді. Көрмеге суретшінің 90 -нан астам кескіндеме және графикалық жұмыстары қойылған.
2021 жылы 14 қыркүйек күні сағат 16:00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ Орталық көрме залында американдық суретші Шри Чинмойдың «Сұлулықта өмір сүру өнері» атты шеберлік сағаты және «Өнер фонтаны» көрмесінің ашылуы өтеді.
2021 жылдың 7 қыркүйек күні сағат 16:00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, көрнекті суретші Қайырбай Зәкірұлының туғанына 75 жыл толуына және шығармашылығына 50 жыл, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, ҚР Көркем академиясының 15 жылдығына арналған «Минотаврлар марафоны» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.
Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде 2021 жылдың 2 қыркүйегінде сағ. 14:00-де ресейлік жас суретші Юлия Вирконың WORK IN PROGRESS көрмесінің баспасөз-туры өтеді.