Оқиғалар

«Қазақстанның бейнелеу өнерінің – өткені, бүгіні, болашағы» атты семинарға шақырамыз.

2023 жылы 20 желтоқсанда сағат 14:30-да Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Қазақстанның бейнелеу өнерінің – өткені, бүгіні, болашағы» атты семинарға шақырамыз.

 

Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні мерексіне орай «Тәуелсіз елім – бақытым менің!» атты көрмесіне шақырады.

«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ – БАҚЫТЫМ МЕНІҢ»

 

 

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі «АРТ-ШЕБЕРҒАНА» бейнелеу студиясының және  «Таланттар Академиясы-KZ» Ұлттық құндылықтарды қолдау орталығының  ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні мерексіне орай «Тәуелсіз елім – бақытым менің!» атты көрмесіне шақырады.

Бұл күні көрермендер сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен мерекелік бағдарлама және «САҚА» - Танымдық және интерактивті квест ойынын (сұрақ жауап экспозиция залдарымен байланысты ойын) тамашалай алады.

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнер суретшісі Құттыбек Жақып Тыныбекұлының «JaQut» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

2023 жылғы 14 желтоқсанда сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнер суретшісі Құттыбек Жақып Тыныбекұлының «JaQut» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Көрме Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған.

Сағат 14.30-да суретшінің шығармашылығына арналған «Құттыбек Жақып» альбомы мен «JaQut» каталогының тұсаукесері өтеді.

Суретші-педагог Ақрап Жұбановтың 95 жылдығына арналған Республикалық көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

2023 жылдың 29 қараша айында сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде қр көркем академиясының ұйымдастыруымен қоғам қайраткері, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚазССР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ҚР Суретшілер Академиясының Академигі, суретші- педагог Ақрап Жұбановтың 95 жылдығына арналған Республикалық көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Талғар ауданының құрметті азаматы Амандос Ақанаевтың 75 жасқа толу және шығармашылық жолының 55 жылдығы мерейтойын атап өтіледі.

2023 жылдың 21 қарашасында сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстанның барлық мәдени қоғамдастығы Түркі әлемінің көрнекті суретшісі, дарынды және тамаша басшы, қазақ қылқалам өнері шеберлерінің көшбасшысы, «Қазақстан Республикасы көркемөнер академиясы» қоғамдық қорының президенті, ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық сыншылар мен өнертанушылар қауымдастығының (AICA) толық мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚРКА бас сарапшысы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Отан» ордендерінің иегері, Талғар ауданының құрметті азаматы Амандос Ақанаевтың 75 жасқа толу және шығармашылық жолының 55 жылдығы мерейтойын атап өтіледі.