2026 жылдың 3-ші сәуір күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде Қытай кескіндемеші Лу Линьнің «Орманның ар жағында. Құрлық пен теңіздегі саяхаттар» атты көшпелі халықаралық жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Экспозицияда майлы бояу техникасында орындалған қытай кескіндемесінің 17 туындысы ұсынылады.
2026 жылдың 2 сәуірі күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Әлем балалар көзімен» атты балалар шығармашылығы көрмесінің ашылуы өтеді.
Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі баршаңызды «Ұлыстың рухы» атты Наурыз мерекесіне арналған іс-шараға шақырады! Көктемнің шуақты мерекесі – Наурызды бірге қарсы алып, ұлттық дәстүр мен өнердің әсем үйлесімін тамашалауға шақырамыз. Келіңіздер, Ұлыстың ұлы күнін бірге атап өтейік!
2026 жылдың 20 наурыз күні сағат 16:00 де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде ҚР Суретшілер одағының мүшелері, ҚР Мәдениет саласының үздіктері, көркемөнер саласының лауреаттары, елімізге танымал үш суретші – КҮЛЖАХАН ОҢҒАРОВА, ГҮЛЬШАТ ДЖУРАЕВА және АЙГҮЛ ҚЫРЫҚБАЕВА шығармашылығын тоғыстырған «ҮШ ӘЛЕМ – БІР ҮН» атты бірлескен шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Экспозицияда 80 жуық туындылар (гобелен, киіз панно, батик) қойылады.
2026 жылдың 10 наурызында сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында Омран Шейхмустың «Наурыз бояулары» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Көрме экспозициясында суретшінің 60-тан астам кескіндеме туындысы көпшілік назарына ұсынылады.
Омран Шейхмус – күрд суретшісі. Ол 1967 жылы Сирияның Амудaв қаласында дүниеге келген. Алғашқы жоғары білімін Дамаск университетінде алған. Кейін халықаралық алмасу бағдарламасы аясында техникалық мамандық бойынша оқу үшін Мәскеуге жіберіледі. Жолдамамен Алматы қаласына келіп, 1993 жылы политехникалық институтты бітіріп, мұнайшы-инженер мамандығы бойынша диплом иеленеді.






