Есептер

2024 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫС ЕСЕБІ

          МУЗЕЙДІҢ 2024 ЖЫЛҒЫ НЕГІЗГІ ЖЕТІСТІКТЕРІ

 

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі өткен жылды қорытындылай келе, барлық музей бөлімдердің табысты жұмыс істегенін атап өтеді. Музей еліміздің мәдени мұрасын сақтай отыра, насихаттау жұмыстарының басты міндеті музей жинақтарын сақтау, қалпына келтіру, зерттеу мен жұртшылыққа танымал ету арқылы жүзеге асырылатыны белгілі. Қызметтің барлық түрлері бөлімшелер деңгейінде бекітілген жоспарға және қызметкерлердің жеке жоспарлы көрсеткіштеріне сәйкес жүзеге асырылады.                                   

Музей құрылымына қор сақтау және реставрация орталықтары, ғылыми бөлімдер, жобалау қызметі және музей педагогикасы орталығы, баспасөз қызметі, көрме және экспозиция орталығы, баспа бөлімі, техникалық қызметтер және әкімшілік аппарат кіреді. Музей жанында екі бөлімшесі жұмыс істейді: Орталық көрме залы және Ә.Қастеевтің музей-үйі. Музей жұмысының тиімділігі музей қызметінің негізгі түрлерін: қор, экспозициялық, ғылыми, ақпараттық, білім беру, жобалау және т.б. қамтуды қамтамасыз ететін барлық құрылымдық бөлімшелердің жоспарлы және үйлесімді жұмысына негізделген.

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің 2024 жылғы жалпы жоспарлы көрсеткіштері

  • экскурсия, лекция өткізу – 500 - іс жүзінде 762 (экскурсия) + 32 (дәріс) өткізілді, жоспар асыра орындалды;
  • 100 000 адамның келуін қамтамасыз ету жоспарланды – іс жүзінде 245 558 адам келді, жоспар асыра орындалды;
  • 50 көрмені өткізу жоспарланды – іс жүзінде 76 көрме өткізілді, (Ә.Қастеев атындағы ҚР МӨМ-де 56 және ОКЗ-да 20), жоспар асыра орындалды.

 

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің 2024 жылға арналған жалпы сандық есебі:

  • Жаңа түсімдер306 (190 сақтам бірлік негізгі қорға қабылданды, 116 – КМК және қосымша қорға). 2024 жылдың желтоқсан айында қордың жалпы саны 26 430 сақтам бірлікті құрады;

 

  • 151 туынды қалпына келтірілді: кескіндеме – 64, графика – 40, мүсін – 7, зергерлік заттар – 20, жұмсақ бұйымдар – 20;

 

  • 222 экспонаттың ғылыми өңдеуі: Қаз. бейнелеу өнерінің 107 сипаттамасы,  84 шетелдік, 31- Қаз. СҚӨ;

 

  • Көрмелер – 76 (Ә.Қастеев атындағы ҚР МӨМ-56 және ОКЗ-20):
  • оның ішінде 11 халықаралық (РФ, Франция, Жапония, Қытай, Литва, Түркия, Германия),
  • 2 республикалық,
  • 8 қор көрмесі өткізілді.

Читать полный текст отчета >>>